Бекмұхамбетова Сәуле Қойшығұлқызы 1 санаты, жұмыс өтілі – 19 жыл.
Оқушыларды ОЖСБ дайындаған кезінде арнайы бағдарлама әзірленді. Бағдарлама ОЖСБ дайындалу
үшін ұсыныстар, жадынамалар бойынша құрастырылған. Жыл бойы оқушылармен, ата-аналармен, мектеп әкімшілігімен, психологпен жұмыс жүргізілді. ОЖСБ бойынша арнайы семинарларға қатыстым. Оқушылармен әр жеті сайын жалпы, жеке консультацияларды өткізіп, байқау тесттерді тапсырған кезінде қандай қателер пайда болғанын анықтап, ережелерін еске түсіріп, жаттығу-тапсырмаларды орындап, білімдерін бекіттік. Әр байқау тестті тапсырған кезінде оқушыларға кеңес, көмек ұсынылған. Консультацияларға келген оқушыларды бақылап, арнайы дәптерлерді бастауға талап еттім. Оқушылармен қиын тақырыптарды қайтадан оқытып, еске түсіріп өттік. Консультацияларды күнтізбелік жоспарға сүйеніп өткіздім. Арнайы папкаға оқушылардың жетістік көрсеткіштерін белгілеп отырдым. Барлық оқушылар бірдей деп, ешқайсысына кем, аз уақытты бөлмедім, барлық балаларға бірдей көңіл бөлуге тырыстым. Басқа пән мұғалімдерімен, мектеп әкімшілігімен, психологпен кеңес алып, тәжірибемен алысып, бір-бірінен дайындаудың жақсы жақтарын сұрасып отырдым.
Түлектердің жалпы саны – 5.
2017-2018 оқу жылында Борис-Роман орта мектебінің 9 сынып оқушылары ОЖСБ тапсырған жоқ.