4.Жеке адамдардың хаттарын деректанулық зерттеудің тәсілдері.
Жеке адамның хаты - ол автордың эпистолярлық элементтерді (хаттың тексі, датасы, қол қоюы т.б.) лайдаланудьщ негізіндее нақты адамға немесе бірнеше дамға жазбаша білдіретін ой-пікірі, хабарламасы. Мұндай хаттардың авторына, адресаттан жауап жайтарылады. Басқаша айтқаңда, жеке адамдардың хаттары - ауызша сөйлесу ролін атқаратын, адамдардың арасыңдағы жазбаша қатынас құралы. Хатты қандай мазмұнда жазуға да автор толық ерікті болады. Ол кез-келген мәселені, оның ішінде адамның жеке басы не қоғам туралы мәселелерді де сөз ете алады. Әдетте хаттар автордың немесе оның адресатыньң күнделікті, іскерлік не өзге де нақты мақсаттарына қызмет етеді. Ол не баспа, не көпшілікке мәлімет үшін емес, тіпті үшінші адамға да оқыту үшін жазылмайды. Жеке адамдардың хаттарының айрықша белгілері осындай.
Хаттардың сюжеті оларды жазушылардың мақсатымен, жақындық дәрежесімен, хаттардың жазылу себептерімен анықталады. Мағынасы жағынан хаттардың қоғамдық, мемлекеттік, ғылыми мәселелерге немесе автордың өмірі мен қызметінің басқа салаларына қатысы болуы мүмкін. Әсіресе нақтылы мәселелер туралы пікір алмасу тұрғысында жазылған хаттар көңіл аударарлық болады. Ондай сипаттағы хаттар автор бейнесін, оның жалпы және жеке меселелерге көзқарасын, күнделікті оқиғалар туралы ойларын көрсетеді.
Жеке адамдардың жазысқан хаттарын тарихи дерек ретінде шартты түрде екі үлкен топқа: сырластық меселелеріне, тұрмыс, адамның жеке басы мен отбасы мәселелеріне арналған хаттарға жөне өмірдің қоғамдықсаяси жөне медени мөселелері әңгіме етілген хаттарға бөлуге болады.
Күнделіктер мен эпистолярлық әдебиетке кеп мөселелер ортақ. Хатардың көпшілігі оқиғалардың өту барысында жазылады. Күнделіктер мен жеке адамдардың хаттарынан көбінесе сырластық, сенімділік сипаттағы мәселелер орын алады. Олардың мағынасы жазушының өзі мен оның адресатына түсінікті болады.
Жазысқан хаттар автордың қоғамдық пікірін, оның көзқарасын көрсетеді. Олар автордың өмірбаянын анықтауда да дерек болады.
Хаттар кейде өсиет түрінде де жазылады. Мысалы, гитлершілер тұтқынында азапталған жауынгерлердің көпшілігінің хаттары осындай. Кейбір хаттар бізге тұтқын камерасы қабырғасына тырнап жазған сөздер түрінде де жетті. Жеке адамдардың хаттары көп жағдайда ақпарат міндетін атқарады. Хаттардың әрқилылығы мен жанрларына қарағанда және күнделіктермен салыстырғанда, олар күрделірек және әр алуан деректі болып келеді. Хатардың мазмұнына кез келген мәселе, әсіресе адамның жеке басына не қоғам өміріне қатысы бар мәселер арқау болады. Хаттар тарихи дерек ретінде, күнделіктер сияқты, субъективтілігімен, анықталмаған фактілерімен сол сияқты автор мен адресатқа ғана түсінікті тұспалдауларымен сипатталады. Хаттарда көптеген ретте күлдіргі немесе әдейі бүркемеленген қала, мекеме, журнал жене адам аттарының берілуі мүмкін. Осының барлығы жазысқан хаттарды дерек ретінде пайдалануды қиындатады. Мұндай ерекшеліктер түрлі себептермен сипатталады. Хаттарда кейбір сездердің мағынасының толық ашылмауы, сөйлемдердің аяқталмауы, бір жағдайда хат жазушылардың бірін-бірі емеуріннен түсінетіндіктен болса, үшінші жағдайда хаттарды тексеретін органдардан сақтану себебінен болады. Хатарды дерек ретінде пайдалануда тарихшыларға хат авторы туралы мәліметтермен қатар, оған қайтарылған жауаптың да мәні үлкен.
Жеке адамның хаттары тарихи дерек ретінде бір ретте публицистикамен, екінші ретте мемуарлармен де шектесіп жанасады. Бірақ олардың оздеріне тән ерек-шеліктері болады. Эпистолярлық түрде жазылған әдеби. публицистикалық, ғылыми шығармаларды, мысалы, Н.М. Карамзиннің "Орыс офицерінің хаты", А.И. Герценнің "Табиғатты зерттеу туралы" хаттары сипатында жазылғандарды хат қатарына жатқызуға болмайды.
Жеке адам хаттарының басты белгілері осындай.
Жеке адам хаттарының тұрақты элементтері — адресаттың, хаттың жазылу орнының, датасының, хат тексінің жене хат авторының қойған қолының көрсетілуі болып саналады. Осы элементтердің біреуінің, кейде бірнешеуінің хаттардан орын алмауы да кездесіп қалады. Ал мұндай хаттардың мағынасы тарихшы үшін қажетті болуы мүмкін. Ондай жағдайда хат авторлары туралы дұрыс мәлеметтер іздеп табу қажеттілігі туады.
Сондықтан хаттарды зерттеушілер өз алдына ең алдымен үш мақсат қойғаны жөн: хаттың авторын анықтау, адресатын анықтау, хаттың жазылған уақытын (датасын) тағайындау. Көп жағдайда адресаттын; хатты алған уақытын да анықтау қажет болады.
Әр түрлі нақты жағдайларда осы сұрақтарға жауап іздеу тәсілдері де әр алуан болып келеді. Солардың жиі қолданылатын кейбіреулеріне тоқтайық.
Хаттың авторын айқындаудың үш басты тәсілі бар: 1) автордың хатты жазғандығының құжаттық дөлелдерін табу (автордың куәлігі, осы авторға басқа хаттарда берілген тікелей нұсқаулар); 2) тақырыптық жарыстыру, текстік салыстырулар арқылы идеологиялық талдау; 3) хаттың идеясын айқындауға тілін (лексикасын, сөздердің айтылу ерекшелігін, сөйлесу тәсілінің ерекшелігін т.б.), стилін талдау. Бұл тәсілдерді пайдалануда өте мұқият болған жөн. Олар өзінен өзі авторды анықтауда тікелей қате жібермеудің кепілдігін бермейді.
Хаттың адресатын анықтауда оның аты-жөнін, хаттың мазмүнын, сипатын жөне адресін талдаудың да аса маңызды мені бар.
Хаттың жазылған уақытын анықтаудың екі жолы бар. Біріншісі — хаттың жазылу уақытының дәл көрсетілуі. Мұндай хаттың конвертінде оның поштаға салынған күнінің штамп басылған белгісі болуы керек. Екіншісі — хаттың датасыз немесе датасы шала көрсетілген, конвертсіз болуы. Мұңдай жағдайда оның датасын жобалап қою керек, дәлірек айтқанда, мүмкін болған екі шеткі даталарды көрсету керек.
Кейде хаттың жазылу мерзімін анықтауға сол хаттың өзінің мазмұны да көмектеседі. Палеографиялық талдаудың мәліметтері: қол жазу (почерк), қағаз, сия; жазу құралдары: қауырсын, қаламұш, қарындаш — датаны анықтауға кейде жақсы көмек беруі мүмкін .
Жеке хаттармен жұмыс үстінде пошта тарихынан, оның мекемелері мен пошталық қызмет практикасынан хабардар болудың да пайдасы бар.
Сонымен, бұл айтылғандардан жеке адамдардың хаттары өзінің жанрлық және әр түрлілік ерекшеліктеріне байланысты күнделіктерден гөрі тым күрделірек және өзіндік сипаты бар деректер болып табылатыны. Және бұлардың көптеген өзге де дерек түрлерімен шектесіп, олардың да деректану саласында атқаратын кей қызметтерін пайдалана алатьны аңғарылады.
Бақылау сұрақтары
1.Қандай мемуарларды білесің?
2.Жеке адамдардың хаттарын қалай зерттеуге болады?
3.Күнделіктерді зерттеудің қандай жолдарын білесің?
Әдебиет
Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.
Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.-302 б.
Қостанай мемлекетік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
«Деректану теориясы» пәнінен
Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өзіндік жұмысы
Қостанай, 2010.
Достарыңызбен бөлісу: |