Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы



бет34/87
Дата07.02.2022
өлшемі1,62 Mb.
#83687
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   87
Байланысты:
derektan teor umkd

«Деректану теориясы» пәнінен
Лекция сабақтарының әдістемелік нұсқаулары

Қостанай, 2010.




Кіріспе лекция
Кілтті сөздер
Дерек, сын, тарихи синтез, әдіс, әдіснама, деректану пәні.
Талқыланатын сұрақтар
1. Деректану теориясы пәні, мақсаты мен міндеті.
2.Деректанудың ғылым ретінде пайда болуының алғышарттары және ортақ
заңдылықтары.
3. Деректанудың қалыптасу және дамуының негізгі кезеңдері.

Мақсаты: Деректану теориясы пәні, мақсаты мен міндеттері, тарихына тоқталу.




1. Деректану теориясы пәні, мақсаты мен міндеті.
Деректану, тарихнамамен қатар тарихшыларды теориялық методологиялық дайындауда негізгі фундаментальдық пәндердің қатарына жатады. Деректанудың фундаментальдығы тарих ғылымының тарих обьектісіндегі-өткен қоғам ретіндегі тарихшыға тікелей берілген емес, ол тарихи деректерді таным арқылы тану арқылы тарих ғылымының субьектісі ретінде қаралады.
Деректану тарихи зерттеудің практикалығынан туындаған. Алғашқы кезде жазба деректер зерттеліп, деректанудың қолданбалы фактілік жағы ескерірілді, ол деректерді тануда нақты тарихи фактілерге жүгінді.
Жаңа деректердің ғылыми айналымға түсуіне байланысты, тарихи деректер және сол тарихи деректердің оқиғалары, процестері әр деректе, әр қырынан көрсетіледі. Деректің оқиғаларды қалай баяндауына байланысты, эмперикалық және апробиралық практикалық жолмен алынған деректер жазба деректерді әдістемелік зерттеу нақты фактілік матиралдарды алуда зерттеу обьектісіне айналды. Жазба деректер заттай деректерден тармақталып бөліне бастады (археологиялық).
Курстың мақсаты – деректердің тарих ғылымындағы табиғатын зерттеу, белгілі әлеуметтік жағдайдағы оның туындау себептерін, осы жағдайдағы деректердің гносологиялық табиғатын тарихи танымның зерттеу обьектісіне айналдыру.
Курстың мақсаты жұмыстары.

  • Деректерді таңдау, сыни анализ жасау және зерттеу жұмыстарын жүргізу.

  • Тарихи зерттеуде деректілік-ақпараттық базалық негізін жасау.

  • Тарихи зерттеуде терминалогиялық аппаратты негіздеу.

  • Деректерде анализ жасауда әдістеме жүйесін білу және оның тәжірибеде қолдану мүмкіндігі.

  • Аймақтық тарихи деректерді зерттеумен танысу. Дерктану пәні архивпен және қосалқы тарихи пәнімен тығыз байланысты.

2.Деректанулық ұғымдар мен терминдер туралы.
Дерек термині бүгінгі күні екі мағынада қолданылып жүр. Біріншісі: Дерек-хабар-ошар, мәлімет, мағлұмат сөздерінің сининимі ретінде. Екіншісі дерек көзі шежірк, жылнама, ретінде жиі қолданып жүр. Тарихи деректер өзінің саны, көлеміжағынан аса көп, мазмұны, түрі жағынан әр алуан.
Демек, «деректану» түсінік ретінде нақты уақиғалар туралы зерттеушіге жеткен деректерді,(хабар, мағлұмат, мәліметтерді), немесе сол деректерді жеткізген дерек көздерін (шежіре, жылнама)зерттеу, талдау мағынасын білдіреді.
Өткен ғасырдың басында «дерек» бір ғана мағынада – хабар, мағлұмат, мағынасында пайданылған. Дерек түсінігі трансформацияланып, қосымша мәнге ие болған.
Бақылау сұрақтары
1. Теориялық деректану пәні дегеніміз не?
2. Деректанудың алдына қойған міндеттерін атаңыз?
3. Зерттеу міндетттерін жүзеге асырғанда деректануға қандай қосалқы тарихи пәндер көмектеседі?
Әдебиет
1. Қаби Есімов Қазақстан тарихы деректануы Қарағанды 1999.
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том.-А: Атамұра, 2002.
3. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ
университеті, 2002.-302 б.
4. Қазақтың көне тарихы (Дайындаған М.Қани) А, Дәуір, 1993.
5. Источниковедение истори СССР. Под. Ред. И.Д. Ковальченко. 2-е изд. –М.: Высшая
школа, 1981.
6. Иванов Г.М., Коршунов А.М., Петров Ю.в. Методологические проблемы
исторического познания. М., 1981.
7. Голиков А.Г., Круглова Т.А. Источниковедение Отечественной истори М, 2002.
8. Источниковедение теоритечиские и методологические проблемы ( отв. С.О.Шмидт.
ред.) Наука М, 1969.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет