Ќостанай облысы Ќостанай ауданы єкімдігініњ
Қой шаруашылығы – Оңтүстік Қазақстан, Батыс және Шығыс Қазақстанда жақсы дамыған. Мүйізді ірі қара етті – сүтті, сүтті- етті бағыттағы шаруашылықтарға бөлінеді. Етті – сүтті бағыттағы ірі қараны Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары өсіреді Ал сүтті – етті бағыттағы мүйізді ірі қара ны қала маңында орналасқан шаруашылықтар өсіреді. Еліміздегі асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал түрін атасақ – сүтті – етті қырдың қызыл сиыры, алатау сиыры, талас сиыры, қазақтың етті – сүтті ақбас сиыры. Жылқының түрлері: Жабы, адай, көшім, қостанай жылқысы болып беске бөлінеді. Түйе шаруашылығына – Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары маманданған. Марал шаруашылығы Қазақстан бойынша тек Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында дамыған. Жібек құрты – Оңтүстік Қазақстан облысында өсіріледі. Омарта шаруашылығы – Алтайдың, Жоңғар Алатауының, Тянь – Шаньның биік тау бөктерлерінде Шығыс Қазақстан облысындағы «Путинцево» шаруашылығында өсіріледі жүктеу/скачать 0,85 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |