Қостанай облыстық әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет35/84
Дата02.02.2023
өлшемі1,91 Mb.
#167142
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   84
Байланысты:
Tehniki-ucheniya-Rudik-kaz каз

Элементтері 

Дөңгелек пішіндер 

Сөздер. (Ескерту. Бөліктерді өзара қосатын сызық, нұсқама және т.б. сияқты 
элеменеттерді қолдануға болмайды.). 
 
Тәртібі 

Дөңгелек пішіндер (1 - 8 ) бөліктердің, шағын жүйелердің және жүйелердің 
шектерін көрсетеді. 

Сөздер әрбір жүйені немесе бөліктерді атау үшін қолданылады. 

Жүйенің (1) негізгі шегінен тыс орналасқан дөңгелек пішіндер (7 и 8) қоршаған 
ортаның бөліктерін көрсетеді. 

Жүйенің шегінде орналасқан дөңгелек пішіндер (3,4,5 және 6) жүйенің 
бөліктерін көрсетеді. 3,4-бөліктерді шағын жүйеге(2) топтастыруға болады. 
Айрымдалмаған бөліктер өз бетінше шағын жүйелер құра алады.

Кейбір бөліктер бір-біріне тән болған (дәлдеп көрсетудің қажеті жоқ) 
жағдайларда ғана дөңгелек пішіндер (мысалы, D и Е) бірін-бірі бүркемелей 
алады. 
 
Ұсынымдар 

«Жүйе» шегі өтетін жер айқын болуы тиіс. Жүйе шегі өзге түспен немесе 
мүмкіндігінше жуандау сызықпен ерекшеленуі керек. Шекараның алдын ала 
және жекеше айқындалғанын атап көрсету үшін пунктилік сызуды қолдануға 
болады.

Егер оның мәнділігі болса, жүйенің сыртқы ортасының маңызды бөліктерін 
бейнелеңіз.

Дұрыс формадағы тікбұрыштарға қарағанда, қисық кескінді дөңгелек пішіндерді 
қолданудың артықышылығы бар. Тікбұрыштарды қолдану шағын жүйелердің 
нақты айқындалғанын білдіріп тұрады, ал ондай жағдайлар сирек болады. 
Сондай-ақ олардың іс жүзінде байқалған тағы бір кемшілігі: көлденеңінен 
оналасқан сызықтар қатарынан қайсыбірлерін көзбен айыру қиынға соғады.

Бүркемелейтін пішіндерді абайлап қолданған жөн. Олар жүйелілік картасының 


40 
нақтылығы мен айқындығына нұқсан келтіруі мүмкін. Сіздің көзқарасыңыз 
бойынша барлық бөліктердің болуы маңызды жағдайда ғана бір дөңгелек 
пішінді өзгесімен бүркемелеңіз. Бұл - жүйе шегінде және одан тыс орналасқан 
бөліктерге бірдей дәрежеде қатысты. Қандай жағдай болмасын, бірнеше 
дөңгелек пішіндерді өзара бүркемеленуіне жол бермеу қажет. үшеуден артық 
бүркемеленген шағын жүйені талдау іс жүзінде мүмкін емес. 

Бөліктерді бір ұғымдық қатарға жатқызуға тырысыңыз. 

Дөңгелек пішіндердің көлемі ондағы бөліктердің ауқымымен, маңыздылығымен 
немесе басқа да сипаттамаларымен өлшебейтіндігіне қарамастан, маңызды деген 
шағын жүйелерді мүмкіндігінше қомақты пішіндермен, ал маңыздылығы 
аздауын – шағын пішіндермен бейнелеген жөн. Өйткені осындай жолмен, яғни 
пішіндердің көлемімен де оқырманға ұғымды жеткізуге болады.

Дәл осындай тәсілді бөліктерді орналастыруға қатысты да қолданған жөн. 
Бөліктерді орналастырудың қатаң тәртібі болмаса да(шағын жүйеге кіретін және 
бірін-бірі бүркемелейтін бөліктерді ескермегенде), маңызды бөліктерді сызбаның 
орта тұсына, ал өзара байланысқан бөліктерді бір-біріне жақын қашықтықта 
орналастырған дұрыс. Бұл – келесі шағын жүйелерді сабақтастықпен құруға жол 
ашады. 

Жүйелілік қартасында бос орын қалдырудың да қажеті болады. Бұл бөліктердің 
айқындылығын арттырып қана қоймай, кейінірек өзге бөліктерді қосуға да 
мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет