VII ТАРАУ. ОЙЛАУҒА ҚАЛАЙ ҮЙРЕНУ КЕРЕК (ойлаудың* қарапайым операциялары** ) VII.1. ТАЛДАУ Талдау дегеніміз – күрделі объектінің мәнді құрамдас бөліктерге бөлшектейтін
немесе сипаттайтын ойлау операциясы. Ол объектідегі маңызды қасаиеттерін, белгілерін,
байланыстарын, қатынастарын айқындау жолымен жүзеге асырылады.
Талдау негізгі ойлау операциясына жатады.
Тәртібі (алгоритмдік нұсқама) 1.
Барлық объекті туралы бүтін жалпы жинақтамалы түсінік қалыптастыру, онсыз
бүтін бар болмайды;
2.
Бүтінді бөлшектерге/ элементтерге ойша жіктеу. Бүтін механикалық жолмен емес,
маңызды бөлшектері/элементтері ескеріліп жіктеледі, онсыз бүтін бар болмайды.
Мысал үшін, секіру дене жаттығуында көптеген түрлі элементтреді атап көрсетуге болады: қолдың қозғалысы, бастың қозғалысы, беттің қимылы және т.б. Алайда секіру үшін беттің, қол мен бастың қимыл-қоғалыстары маңызды емес, екпін мен серпіліс маңызды. 3.
Маңызды бөлшек/элементтердің қасиеттерін, сипаттамаларын ойша суреттеу;
4.
Жекелеген
бөлшек/элементтердің
арасындағы
маңызды
қатынастарды/
әрекеттерді ойша анықтау;
5. Бүтінді ұйымдастыру қағидаларын және оның анықтамасын ауызша немесе
жазбаша мазмұндауды ойша пайымдау.
*
Операция – қандай да бір белсенді жүйенің іс-әрекет элементі.
**
Ойлау – ақиқат дүниенің мида жанама түрде ұғымдар арқылы барлық қасиет,
байланыс, қатынастарымен бейнеленуі. Ойлау адамның сезім мүшелері арқылы алынған
мәліметтерді өңдей отырып, адамның сезім дүниесінен тыс құбылыстарды танып-білуіне
мүмкіндік жасайды. Ойлаудың дамуы әрекетпен байланысты.
Студенттердің оқу барысында белсенділіктерінің төмен болуының бірқатар себептері
- ойлау білмеуге, ойлау операцияларын жеткілікті мөлшерде игермеуіне байланысты.
Әрекеттілікті қамтамасыз ететін ойлаудың операциялық бөлігі талдау, сиентез, салыстыру,
қорыту, абстрактілеу, топтастыру, жүйелеу, нақтылау және т.б. операциялардан тұрады.