VII.8. ПРОБЛЕМАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ(СИТУАЦИЯ) ҚАЛАЙ ШЕШУ КЕРЕК Проблемалық жағдай – белгілі жағдайда мақсат пен оны берілген (уақыттық,
материалдық, қаржылық және т.б.) ресурстармен жүзеге асыру мүмкіншіліктерінің
арасындағы қарама-қайшылық.
1 Алгоритмдік нұсқама 1.
Берілген проблемаға қатысты не білетініңнің бәрін есіңе түсір;
2.
Аталған проблеманы шешуге қажетті қосымша ақпараттық көздерді іріктеп ал;
3.
Қосымша ақпараттарды зертте;
4.
Берілген проблемалық жағдайды шешудің оңтайлы жолдарын таңдап ал;
5.
Берілген проблеманы шешудің сабақтасты, қисынды, негіздемелі кезеңдерін
ұсын.
2 Алгоритмдік нұсқама ( О.Зельц бойынша) 1. Кешен құру, оған кіреді:
а) белгілінің сипаттамалары
б) белгілі-белгісіздің қатынастары
в) белгісіздің кешендегі орнын анықтау. Бұл кешеннің аяқталмағандығы –
проблеманың мәнісі.
2. Интеллектуалдық операцияларды іске қосу: еске түсіру немесе шешім жасау.
3 Алгоритмдік нұсқама ( К.Дункер бойынша) 1.
Проблемалық жағдайға бойлау — оның ішкі байланыстарын түсіну, оны
әлдебір қақтығыстардан тұратын бүтін ретінде қабылау.
2.
Шешімнің
функционалдық маңыздарын табу .
3.
Функционалдық маңыздарды нақты шешімде жүзеге асыру (нақтылы түрде
көрсету).
4 Алгоритмдік нұсқама ( Грин бойынша) 1.
Белгілі және белгісіз (белгілі және белгісіз элементтер арасындағы қатынастар
әзірге анықталмаған) элементтерден тұратын когнитивтік желі құру.
2. Элементтер
арасындағы байланыстарды(қатынастарды) құру, жадтағы
қосымша ақпараттардың көмегімен желілерді модификациялау.