Қынаптық тексеру, әсіресе күмбез аймағы ауру сезімді. Күмбездер салбыраған. Көбінесе жатыр маңын пальпациялағанда қамыр консистенциясы тәрізді түзіліс болуы мүмкін.
Децидуалды қабықтың ажырауы байқалады.
Артқы күмбез пункциясында қошқыл қою түсті қанның болуы.
Ал басқалардың симптоматикасы мардымсыз болғандықтан диагнозды қою өте қиынға соғады.
Түтіктік түсік диагностикасы:
Анамнезі: етеккірдің соңғы күні, соңғы 2-4 етеккір циклінің сипаты, болжамалы және шынайы жүктілік белгілерінің болуы.
Ауру сипаты толғақ тәрізді (бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін), жыныс жолдарынан аққан қан бірінші ауру ұстамасында және одан кейін де болуы мүмкін. Қан жалқықтары «қою кофе» түсіне ұқсас болады.