Өтқабы қабырғасының зақымдалуына, өтқабында тастардың түзілуіне, билиарлық жүйенің моторлық-тондық бұзылыстарына алып келетін қабыну ауруы



бет6/6
Дата23.04.2020
өлшемі59 Kb.
#64521
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
диф диагностика (2)

Лабораторлық зерттеулер:

1. ҚЖА: ЭТЖ жоғарылауы, солға жылжыған лейкоцитоз.

2. ЗЖА: билирубин, α-амилазаның жоғарылауы.

3. ҚБА: α-амилаза құрамының, липаза, трипсин, γ-глобулиндер, сиал қышқылдары, серомукоидтардың көбеюі.


Инструменталдық зерттеулер: ұйқыбездің ұлғаюы жəне сальниктік сөмкеде сұйықтықтың көбеюі


Емдеу

Холецистэктомия жасалады.

Операцияны оны орындау мерзіміне байланысты ажыратады. Мерзімдік операциялар ауру басталғаннан 72 сағат ішінде орындалады. Кештетілген операция жіті қабыну көріністерін 6 апта бойы емдегеннен кейін өткізеді (антибактериалық, дезинтоксикациялық инфузиялық терапия).


Шұғыл операция (бақылау мен консервативтік емнің 1-2 тəулігі) перитонитпен асқынған жіті холециститпен науқастарға жасалады.

Жоспарлық операция жіті холецистит ұстамасын консервативтік емдеу тиімді болған жағдайда орындайды.


Ерте холецистэктомия асқынулар бойынша кештетілгеннен ерекшеленбейді, бірақ ерте холецистэктомия кезінде ауруханада болу мерзімі 6-8 күнге қысқарады.


Дəрі-дəрмектік емес ем: төтестік тəртіп, №5 емдім, тағам мəзірінен ащы-тұщы, жануартектес майлар шектеледі, науқас тағамды күніне 5-6 рет кішкентай мөлшерде қабылдайды, минералдық сулар тағайындалады.


Дəрі-дəрмекті ем:
Консервативтік - "суық, аш қарын жəне тыныштық".

Спазмолитиктер.

Интоксикацияны жою жəне су-электролиттік əрі энергетикалық жетіспеушілікті қалпына келтіру үшін инфузиялық терапия.

Дəрі-дəрмекті ем

ЖП ферменттік фазасында ең тиімдісі - интенсивті консервативтік ем болып табылады.

Ауыр емес панкреатитті емдеу үшін базистік емдеу кешенін жүргізу жеткілікті:

- ашығу;

- асқазанды зондылау жəне ондағы сұйықтықты сорып алу (аспирация);

- жергілікті гипотермия (ішке салқын басу);

- анальгетиктер;

- спазмолитиктер;

- инфузиялық ем науқастың 1 кг дене салмағына 40 мл көлемінде күшейтілген (форсирование) диурезбен 24-48 сағат бойы жүргізіледі.

Базистік емді антисекреттік жəне антиферменттік еммен күшейткен тиімдірек болады.


Базистік емнен 6 сағат ішінде нəтиже болмаса жəне ауыр панкреатиттің ең болмаса бір белгісі байқалса, ауыр панкреатит диагнозы қойылып, науқасты реанимация жəне интенсивті емдеу бөлімшесіне ауыстырады да, жіті ауыр панкреатиттің емін тағайындайды.

Ауыр панкреатиттің интенсивті емі: емнің негізгі түрі - интенсивті консервативтік ем.

Жоғарыда көрсетілген базистік емдеу кешені ауыр ЖП кезінде жеткілікті нəтиже бермейді, сондықтан арнайы қосымша емдік кешен тағайындалады. Соңғысының нəтижелілігі емді ерте бастаған кезде жоғары болады (ауру басталған алғашқы 12 сағат ішінде).


Лапаротомия түріндегі хирургиялық емдеу шарасы тек хирургиялық бағыттағы асқынулар пайда болғанда, эндоскопиялық əдіспен тежеу мүмкін болмағанда ғана тағайындалады (деструктивті холецистит, асқазан-ішек жолынан қан кету, Жіті ішектік түйнекте жəне т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет