Отбасы -бақыт мекенім



Дата09.10.2024
өлшемі16,14 Kb.
#206001
Байланысты:
Отбасы


Отбасы -бақыт мекенім
Отбасы - сүйіспеншілік пен құрметтің отаны болып табылады. Бүгінгі күнде отбасындағы тәрбиенің алатын орыны өте жоғары. «Отбасы -бақыт мекенім» деп өмір сүретін орта көп болса, отбасының сәні- сыйластық болады. Отбасының шар айнасы шытынамас үшін ,ата-анасының жағымды көңіл - күйі балаларына қатты әсер етеді. Бала тәрбиесінде оның және дара тұлға болып қалыптасуына ата-ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы ерекше. Уақыттың аздығы және жұмысбастылықтың кесірінен көңіл бөлінбей қанша бала тағдыр тәлкегіне ұшырап жатыр. Бала деген нәзік тал шыбық тәрізді емес пе? Сіз қалай бағыт- бағдар беріп өсірсеңіз, сол бағытта жайқалып өсе бермек. Ендеше бала санасына рухы асқақ патриоттық тәрбие мен адамгершілік қасиетті бойына сіңіре білсек, келешегінен зор үміт күттіретін тұлға қалыптасатыны анық. Осындай сәттерде ашуға емес, ақылға жеңдіре білсек, ерік- жігері мен өзінің жауапкершілігі жоғары екенін сезіне біледі. Қоршаған ортаның тәрбиесінде қалып қойған балалардан көп қателіктер кетіп жатады. Сағын сындыратын, ойға келмейтін әрекеттерге бармас үшін отбасындағы тәрбие мен оқу орындағы тәрбиені ұштастыра білсек нұр үстіне нұр болатын еді. «Тәрбиесіз берген білім- қас жауың» деп дана халқымыз айтқан екен. Ендеше ,тәрбие тал бесіктен басталады. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп, бала тәрбиесін басты орынға шығарған, отбасы құндылықтарын ерекше құрметтеген. Бір отбасы бүлінсе, сол отбасындағы әр баланың тағдырна сызат түсетіні анық. Әйтеуір ,отбасының тыныштығы мен жарасымдылығы алдағы өміріміздің көрсеткіші іспеттес. Отбасы балғын балалық шағының жарқын бейнесін ұстазбен бірлесе қалыптастыратыны анық.
Сіз болып біз болып келешегімізге үміт артатын ұлтжанды азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп келе жатқан жандар қаншама? «Әр қазақ менің жалғызым» деп барымызды бағалай біліп өскелең ұрпақты ұлтжанды тәрбиелей білсек еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосқан болар едік. Оқу орындарында «Әкелер», «Аналар» мектебі туралы ұйымдар құрылып өз істерін бүгінде жандандырып жатыр.
Отбасы -қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі.«Қайнар» жоғары колледжінде «Отбасы- тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында облыстық конференция өткізілді. Іс- шараның ашылуын «Абай ҚМ» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Рахимжанова Галия Максутовна бастап ашып берді. Семей қаласындағы барлық оқу орындардың директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен психолог және әлеуметтік педагогтар баяндамаларын жасап өздерінің қанша жылдық іс- тәжірибесімен бөлісіп, талайға үлгі бола білді.
Құрылыс колледжінің директордың тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары Хуанар А
[

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет