Отбасы тәрбиесінің негізі 1 Отбасы тәрбиесі, отбасы түрлері. Отбасындағы педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың теориялық негізі



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі51,52 Kb.
#89339
  1   2   3   4
Байланысты:
Лек.9


ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ
1 Отбасы тәрбиесі, отбасы түрлері. Отбасындағы педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың теориялық негізі

1 Отбасы тәрбиесі, отбасы түрлері. Отбасындағы педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың теориялық негізі.
Отбасы тәрбиесі - көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен отбасы мүшелерінің тарапынан жасалатын ықпал үрдісінің жалпы атамасы. Қоғам, отбасы және мектеп тәжірибесі ажырамас бірлікте орындалатын істер ауқымын қорғайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасы туралы алғашқы педагогикалық түсініктер мен идеялар халық педагогикасында пайда болған. К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, П.ФЛесгафт және басқалар балалар тәрбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін, бейімділіктерін, дене-күші және психологиялық дамуы деңгейін ескеру керектігіне ерекше көңіл бөлген. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский бала тәрбиесінің теориясын жасаған. Қазіргі зерттеушілердің еңбектерінде баланың отбасындағы қарым-қатынас әректін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын құру мектеп пен отбасы арақатынасы т.б мәселелері қамтылған.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да да, дос-жарандары да, отбасы - бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасына тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбек тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: отбасы қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.
Жеке адамның қалыптасу үрдісі мен оның нәтижесіне болар отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркенниетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.
Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлттық үрдістерді естен шығару, инабаттылық үрдістерінен тайқу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлі-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар - бәрі де отбасындағы бала тәрбиесінде болатын теріс ықпалдар көзі.
Отбасы - тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасыда адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.
Жоғарыда әңгімеге арқау болған тұжырымдарды жинақтаумен келесідей қортынды жасауға болады:
- отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас ұлғаюымен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
- қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа-қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;
- отбасы тұлғаның әлеметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбек тәрбиесінің мүмкіндіктерін мейілінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді;
- салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы;
- отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері - азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ отбасы иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру;
- отбасының кәсіп таңдауға да тигізер ықпалы орасан.
Нарықтық экономикалық жүйеге байланысы отбасындағы тәрбие жетімсіздігін кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға болады:
1. Көптеген еңбеккер отбасылардың әлеуметтік жағдайларының әлсіздігі.
2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.
3. Отбасы анасы - әйел мойнына артылған екіталай жұмыс орнындайды, жанұядағы ауыртпалық.
4. Көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық себептердің салдарынан болып жатқан ерлі-зайыптылардың ажырасуы.
5. Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең алуы.
6. Күннен-күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау-дамай.
7. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен-күнге әлсіреуі.
Отбасы дағдарысын ретке келтіру және оның тәрбиелік ықпалын көтеру бағытында қазіргі заман педагогикасы қандай тиімді ұсыныстар беруі мүмкін. Бұл орайда педагогика қандай да тосын жаңалық ашып беруі мүмкін емес. Тәрбиенің қоғамдық-экономикалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына тәуелділігі объективті шындық. Отбасы тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-ана борышы. Отбасының қызметі. (Презентация)
Отбасында балалардың тәрбие барысында табысты ықпал жасауда әсер ететін белгілер болады. Оларға төмендегілер жатады:
1. Отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық, толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіпшілік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы.
3. Отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн режімі, демалыс және оның нысаналары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысуы, отбасының дәстүрлік мерекелері т.б.
4. Отбасының ішкі қатынастары: отбасы микроклиматының сипаттамасы, отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, оның мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы, жауапкершілігі.
6. Отбасының тәрбиелік жағдайы: отбасы тәрбиесінде қолданылған әдістер ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі т.с.с.
Отбасылардың өздеріне тән ерекшеліктеріне орай топтасуы төмендегідей:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет