Эпигастрий аймағы немесе оң жақ қабырға астында кенеттен және тұрақты қанжарлы ауырсыну, тез арада іштің барлық аймағына, жиі іштің оң жақ бөлігінде таралуы.
Іштің алдынғы қабырғасының керілуі — тақтай тәрізді іш. Науқастар мәжбүр қалыпта арқасында немесе аяғын ішіне тартып оң бүйірінде жатады.
Анамнезінде жара ауруы.
Аурудың ағымы бөлінеді:
Шок кезеңі (аурудың басталуынан 6 сағ дейін);
Жалған жақсару кезеңі (перфорациядан кейін 6-12 сағ);
Перитониттің өршу кезеңі (перфорациядан кейін 12-14 сағ).
Мүмкін болатын асқынулар:
Ең кең тараған асқыну—перитонит.
Жабылған тесілу кезінде іш қуысында іріңдік дамуы мүмкін.
Ажыратпа диагностикасы іш қуысының барлық жедел ауруларымен, сонымен қатар миокард инфаркты, оң жақ төменгі бөлікті пневмониямен жүргізеді.
Ажыратпа диагностикасы іш қуысының барлық жедел ауруларымен, сонымен қатар миокард инфаркты, оң жақ төменгі бөлікті пневмониямен жүргізеді.