Отбасында бала тәрбиесіне әсер ететін факторлар



бет3/4
Дата21.11.2022
өлшемі19,26 Kb.
#159208
1   2   3   4
Байланысты:
Отбасында бала тәрбиесіне әсер ететін факторлар

Бірінші қателік. Енді жақсы көрмеуге ант беру. Балаларының тыңдамауы, айтқанын орындамауы ата - ананың көңілін толтырмайды. Мұнда қорқытып, ұрысу де еш нәтиже бермейді. Мұндай жағдайларда ата - аналардың "енді сен менің айтқанымдай болмасаң, онда мен сені жақсы көрмеймін" деп қорқыту тәсілін көп қолданады. Бірақ бұл қауіп тез ұмытылып, балалар мұның барлығы өтірік екенін тез ұғады. Осындай өтіріктер кейін балалардың ата - анаға деген сенімін ұзаққа жоғалтады. Одан да "Мен сені бәрібір де жақсы көремін, бірақ бұл қылығың маған ұнамайды" деп айтқаны дұрыс қылықтардың тәрбиеленуіне септігін тигізеді.
Екінші қателік. Немқұрайлық. "Не істесең соны біл, маған бәрібір" - деп ата - ана жиі айтады. Өйткені олар балаларының еркеліктерінен әбден шаршап, шалдығып кетеді. Бірақ ата - аналар балаға немқұрайлықты көрсетпеу керек. Оны байқаған бала немқұрайлықтың қаншаға созылатынын тексергісі келеді. Мұндай жағдайда " Мен ешкіммен бұл жағдайда мүлдем келіспеймін, бірақ мен сені жақсы 49б.көретін болғандықтан көмектесуге әрдайым дайынмын" деген ойда шешімді қабылдағаны дұрыс.
Үшінші қателік. Шектен тыс қаттылық. "Сен менің айтқанымды орындау керексің, өйткені бұл үйде мен билікті жүргіземін" - деп жиі ата-аналары балаларына айтып жатады. Мұндай тәрбиелеуде бала барлық тапсырмаларды орындауы тиіс, ол барлығын өзі орындай білуге үйренуі тиіс, оған мүлдем көмек беруге болмайды деп есептейді. Мұндай тәрбиенің салдарынан бала ата - анасы болмағанда барлығын ұмытып, жасамайтын қателіктерді жасайды.
Төртінші қателік. Баланы еркелетпеу керек. Балалық - бұл ата - аналардың қолдауына байланысты өтетін өте қысқа, ғажайып шақ. Баланың әр қылығы мен қалауын орындау өте қызықты. Бірақ бұл баланың еркелігіне әкеп соқтырады. Әке - шеше осы ойды дұрыс деп есептесе, бұл керісінше баланы жалғыздыққа әкеп соқтырады. Бұндай жағдайда: "Өзің істеп көрші, қолдан келмесе, мен саған көмектесемін" - деу керек.
Бесінші қателік. Қате рөл. Көп жағдайда ата - аналар балаларын дос деп есептейді. Әрине бала әке - шешесіне ұнау үшін барлығын жасайды, бірақ олардың өз проблемалары шешусіз қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет