Отбасында өзін-өзі ұстау, қарым-қатынасқа түсу мәдениеті!!!



бет6/6
Дата11.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#99306
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Отбасы психологиясы Гульнарр

Қорытынды:Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап 2 тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы,әрі парызы»делінген. Балаға дұрыс бағыт беретін үлкен, мықты тәрбие ошағы болып саналатын -Отбасы.Себебі келешек әулеттің білікті азаматтары сонда тәрбиеленеді,адамның жеке басының бастапқы тәрбиесі пайда болады,мінездің негізі қаланады және адами қасиеттер мен әдептілік қалыптасады.Демек баланың келешекте қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі,ондағы қарым-қатынасқа байланысты болмағы күмәнсіз.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы,Отанының сүйікті және кішіпейіл азамат болып жетілуін қалайды.Олай болса, әрбір ата-ана өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарын, заңдылықтарын білуі шарт.«Жапырақ тамырдан нәр алады» дейді халқымыз.Сол айтқандай бабалардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін,еңбек сүйгіштік қасиеттерді өзі өскен отбасынан алады.Яғни, олар балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.«Балаға берілген бірінші тәрбие -ата-анасын,туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады»дейді ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие.Тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкеледі»- деп Әл-Фараби айтқандай, Егеменді елдің ертеңі сол ел ұрпағының білімі мектеп тәрбиесінің тереңдігімен өлшенеді. Мекткептің мақсты — біліми өрісі биік, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау жүйесі жоғары, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан сегіз қырлы — бір сырлы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтанда бала тәрбиесіне жете мән беріп, «Адамның бір қызығы — бала деген» ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.Ата-аналар «Сиқырлы қалам»арқылы тренигтен алған әсерлерін бір ауыз сөзбен жеткізеді.Қыс өтіп , көктем келеді. Көктемде ақ жауын көп жауады.Жауын суы жерге сіңіп, жер ананы бусандырады.Сол сияқты сіздер де бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жүрек түкпіріне қалдыруларыңызды өтінемін.Күніміз ашық болсын,Түніміз тыныш болсын,Ауамыз таза болсын,Суымыз мөлдір болсын,Ұл-қызымыз аман болсын!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет