Отбасындағы қарым-қатынас
1-жағдаят
Бала қатаң отбасында тәрбиеленді. Оған ата-анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, еркелетпеді, ойын-сауық орталықтарына, киноға да апармады. Ата-анасының айтқанымен жүріп, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы болып өсті. Бала ата-анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да, бірақ олардан бір ауыз жылы сөз естімеді. Бұл жағдай туралы пікіріңіз қандай?
Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Отбасында балаға қатаң тәрбие беретін ата-аналарменде психологтар жұмыс жасап отырғандығы дұрыс деп есептеймін. Себебі, әр бала ата-анасының қолдауымен өздеріне күш қуат алады және сол арқылы жетіледі. Ата-анасының еркелеткендігін, қолдауын көрмей өскен бала қоршаған ортадан да сол нәрсені көреді. Негативті ойлардың ішінде өмір сүруі де мүмкін. Бала тәрбиесің маңыздылығы өте зор екендігі барлығымызға белгілі, яғни бала тәрбиелеуде ескеретін нәрселер көп.
2-жағдаят
Баласының бөлмесін жинап жүрген анасы қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады. Баласы бөбекжайдан келген соң, бұл жағдайды көріп анасына қатты ренжіді. Анасының ойынша, баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі, осы үйді реттейтін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам өзі болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы керек.
Анасының іс-әрекеті дұрыс деп ойлайсыз ба?
Ата-ана баласының жас кезеңдеріне аса мән берген дұрыс. Егер бала мектеп жасындағы бала болса бұл жағдайды түсінері анық. Ал мектепке дейінгі бала ол нарсені анық түсіне қоймайды. Анасы осы нәрсені білуі қажет. Мысалы, анасына керек емес қажетсіз зат болып есептелетін нәрсе, баласы үшін соншалықты маңызды болуы мүмкін. Бұндай жағдайда анасы тек түсіністікпен қарап, баласына заттарының маңызды екендігін білмей қалғандығын, және сондай заттардың басқасын аперетіндігін айтып баланы жұбатуы тиіс. Себебі анасың бұндай әрекетін дұрыс түсінбеген балада анасына деген дұрыс емес пікір қалыптасып ғана қоймай ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсуі мүмкін.
Ойын баласы қандай затқа ренжіш білдіру керек, қандай затқа ренжудің қажеті жоқ екендігін нақты ажырата алмайды. Сондықтан анасында тек түсіністік танытудын басқа нұсқа жоқ. Енді ғана дамып, ой-пікірі қалыптасып келе жатқан баланы тәрбиелеу аса маңызды.
3- жағдаят
Бір үйдің екі баласы көбейту кестесін жаттап жарысты. Інісінің шапшаңдығынан әпкесі кешігіп қалып қоя берді. Әпкесі баяу әрі көп ойланатын. Інісі апасының қатесін түзеп, күлді. Ал, әпкесі үнсіз бөлмеден шығып кетті.
Балалардың ата-анасы ретінде мұндай жағдай орын алса, не істер едіңіз?
Бір отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың қарым-қатынасына аса мән берген дұрыс деп есептеймін. Осындай жағдайда балаларға ұрыспай тек сөзбен түсіндіру қажет.Алдымен кіші балаға оның жасы кіші, үлкенге құрмет көрсету қажет екендігін, апкесіне күлмей жаттауға көмектесу қажет екендігін түсіндіру керек. Осыдан кейін үлкен қызға ойланып асықпай тиянақты болған дұрыс екендігін және осылай да нәтижеге жетіп көбейту кестесін жаттап шығуға болатындығын түсіндіру арқылы, қыздың қызығушыдық ынтасын арттыру керек. Егер қызға тез жатта, баяу болма деп ұрысқан жағдайда оның қызығушылығын жоғалтып алуымыз мүмкін. Балаларға отбасында тату-тәтті болу керек екендігін, бір-бірін сыйлау керек екендігін үнемі түсіндіріп отыру керек.
Балалар өсе мұндай келіспеушіліктер өзі біртіндеп жойылады. Олар бір-бірі үшін қымбат жандар екендігін түсіне бастайды. Балаларға тек жас кезеңдеріне сай тәрбие беріп, әр нәрсені үйретіп отыру қажет.
4 – жағдаят
Мектептің 9-сыныбында оқитын оқушылар болашақ мамандықтары туралы әңгіме қозғады.Озат оқушылар жоғары оқу орнына баруды жоспарлап жатты. Тіпті ұлттық университеттерде оқып жүргені туралы армандады. Ал, биыл оқуын колледжде жалғап тезірек еңбекке араласып отбасына көмектескісі келетін балалар да өз ойларын айтып жатты.Олардың арасында тұрмысқа шығып, өз жағдайын жақсартуды мақсат еткен қыз бала үндемей қалды.Оның да арманы таудай, бірақ отбасында ақшаға байланысты күнде туатын айқайдан шаршап кеткені сонша, оқуды емес, ауқатты отбасынан шыққан, өзінен жасы үлкен балалармен достаса бастаған еді. Қалай ойлайсыздар? Қыз бала неліктен осындай әрекетке барады?
Баланың ойында болатын кез-келген нәрсе отбасындағы келеңсіздіктің нәтижесінде. Ақшаның үнемі жетіспеушілігінің әсерінен бақытсыздық ұрыс-керіс айқай бола берсе, бала санасында бақытты болу үшін тек ақша қажет деген пікір қалыптасады. Осының нәтижесінде бала тек ақшаны ғана ойлап, бақытқа жетелейтін өзінің армандары мен мақсаттары екендігін ұмытып кетеді. Сондықтан тек ақшасы мол жерде ғана бақытты боламын деп есептейді. Сонымен қатар ата-анасының тату болғандығын қалағандықтан, болашақта ақша үшін өз өмірінде ұрыс болмаса екен деп ауқатты отбасына тұрмысқа шыққысы келетіндігі белгілі.
Ата-ана қанша жерден ақшаның жетіспеушілігі болсада, қанша жерден үнемі ұрыс болсада балаға бақыт үшін ақшаны маңызды деп есептеу дұрыс емес екендігін айтып отыруы тиіс. Бала үнемі көріп жүрген нәрсені бойына сіңіріп өседі, сол себепті бақытты отбасының көрінісі қандай екендігін біліп өсуі маңызды. Сонымен қатар адамды бақытты ететін арман-мақсаты болуы керек. Сол мақсатқа жету үшін білім алып, алға ұмытлу өте маңызды екендігін білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |