5. Қағаз бетіндегі баланың көлемі.
Егер бала өзің кішкентай қылып, беттің бұрышында орналастырып салса, онда сол мезетте өте төмен өзін-өзі бағалауы, немесе, ол өзін ең кішкентаймын деп санайды. Өзін-өзі жоғары бағалайтын балалар өздерін ата-аналарынан да ірілеу, үлкен қылып сүреттейді. (5-сүретті қара).
6. Баланың сүреттегі орналасу орны, оның отбасындағы жағдайын көрсетеді. Ортада, әке мен шешесінің арасында, немесе өзін бірінші қылып салғанда, онда ол өзін үйде керек және қажетті екендігін сезінеді. Егер бала өзін басқалардан бөлек сүреттесе, немесе өзін ең сонында салса, онда ол қызғаншақтықтың, сәтсіздіктің белгісі.
7. Бейнелердің арасындағы қашықтық эмоциялық жақындықты немесе керісінше қарым-қатынас үзілгендікті мәлімдейді. Фигуралар бір-бірінен қаншама алыста болса, соншама олардың эмоциялық бірікпеушілігі үлкен. Кейбір сүреттерде балалар бірікпеушілікті сезінетіндерің, отбасы мүшелері арасындағы бос кеңістікке әртүрлі заттарды (жиһаз, вазалар, ...), бөгде, ойдан шығарған адамдарды, кіргізіп көрсетеді.Эмоциялық жақындық кезінде туысқандар бір біріне тіпті жақын сүреттелген, олар қолдармен тиіп тұр. Бала қаншалықты өзін бір отбасы мүшесінің қасына бейнелесе, соншалықты оның жақындасу дәрежесі осы адамға биік болады және керісінше.
8. Отбасы мүшелерін бейнелеу реттілігі. Әдетте бірінші, бала өзін не, не өз пікірі бойынша отбасындағы отбасы мүшесінің, ең сүйіктісін, ең маңыздысын салады. Әдетте ең соңғы сүреттелген туысқан өте төмен белсенділікте болады (ол баланың өзі де болуы мүмкін).
9. Қағазда фигураларды орналастыру
Зер салып қараңыз, сүретте кім жоғары, кім төмен орналасқан. Аса биікте орналасқан кейіпкер, баланың пікірі бойынша, отбасында көбірек маңыздылығы бар (тіпті егер ол мөлшер бойынша кішкене болса да). Мысалы, егер бәрінен де жоғары қағазда теледидар бейнеленсе немесе тіпті алты айлық қарындасы болса да, онда ол баланың сезімінде дәл осылар қалған отбасы мүшелерін «басқарады» (6-сүретті қара).
10. Балада мазасыздықты туындыратын, кейіпкер немесе нәрсе. Қарындашты қатты басумен бейнеленеді, немесе қатты штрихтелінеді, оның нұсқасы бірнеше рет, айналдыра жиектеледі, бірақ бала мұндай кейіпкерді аса көрінбейтін де қылып «дірілдеген» сызықпен сүреттейтіні де болады.
11. Дене мүшелері.
Бас.
Бұл – маңызды және өте бағалы дене мүшесі. Ой, ептілік – баста. Отбасының ең ақылды, ойшылын бала үлкен баспен сүреттейді. (7- сүретті қара).
Көздер.
Достарыңызбен бөлісу: |