Өте маңызды. Мобильді құрылғыларға арналған ақпараттық технологияларды дамыту белсенді түрде дамып келеді



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата08.01.2023
өлшемі0,54 Mb.
#165167
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ибраимкулов А. 2019г. 6-стр

Keywords: 
mobile devices, applications, mobile applications, application types, Android Studio environment, mobile 
application development. 
Ақпараттық ресурстар, жүйелер мен технологиялар қазіргі заманғы адам қызметінің ажырамас, тез 
дамып келе жатқан элементтері болып табылады. 1997 жылы WAP (Wireless Application Protocol - 
Сымсыз қолданба хаттамаcы) технологиясы ұялы байланыс нарығында пайда болды, ол компьютерге 
қосылу үшін арналған кабельді пайдаланбастан ұялы телефондарға тікелей ғаламтордан 
бағдарламаларды орнатуға мүмкіндік берді. Содан бері қоғамның «мобильдендіру» процесі басталды. 
2000-жылдардың басында мобильді қосымшаларды телефондармен үлкен сенсорлық экрандармен 
дамыту мобильді қосымшаларды жасауда сапалы қимылмен жаңа деңгейдегі мобильді қосымшаларды 
жасауға мүмкіндік берді. 2010-шы жылдардан бастап мобильді құрылғылары қосымшаларды дамыту 
үшін заманауи ақпараттық технологияларды қолдануға мүмкіндік беретін аса қуатты процессорлармен 
жабдықталған. Көптеген бағдарламашылар кәсіби қызметтің жаңа бағыттарын үйреніп, нарықтық 
үрдістерге бейімделе бастады. 
Қазіргі уақытта мобильді қосымшаларды әзірлеу ақпараттық технологиялар саласындағы ең танымал 
іс-әрекеттердің бірі болып табылады.Мобилді қосымшаларды құрастыру тұтынушылық қажеттілікті 
алдын ала орындауға мүмкіндігі бар шешімі қолданушыға белгісіз алгоритмдер мен тапсырмаларды 
орындауға негізделген. 
Мобильді қосымша - белгілі бір тұтынушылар тобына арналып құрастырылып, олардың қандай да бір 
мәселелері мен қиындығын шешуге бағытталған. Мобильді қосымша - нақты платформаға орнатылған, 
белгілі бір әрекеттерді шешуге болатын функционалдығы бар арнайы бағдарлама [1]. Бұл әртүрлі 
ақпаратпен өзара әрекеттесуге көмектесетін жүйенің бір түрі. Осыған байланысты мынадай түрлерге 
жіктеледі: 
-
қосымша-оқиға:
әртүрлі іс-шараларды, оқиғаларды көрсетуге мүмкіндік береді, мысалы, 
спорттық, мәдени, білім-ғылымға қатысты орын алған оқиғаның көрсетілімі және т.б.; 
-
қызметтік қосымша
: ұйымдардың қызметін көрсететін сайттарға ұқсас сервистік 
қосымшалар; 
-
үйретуге, дамытуға арналған әртүрлі ойындарға арналған қосымшалар; 
-
онлайн режимде сатылым жасауға арналған интернет дүкендер; 
-
әртүрлі брендтерді жарнамалауға қолданылатын 
промо-қосымшалар

-
бизнес-қосымша
: ұйымның үдерісін оңтайландыруға, бизнес ақпаратқа қол жетімділікті 
қамтамасыз етуге және деректер базасымен біріктіруге мүмкіндік береді; 
-
жүйелік қосымша
: телефон мен оның бағдарламалық жасақтамасы үшін кеңейтілген 
параметрлер мен опцияларды пайдалану; 
-
телефонды толық навигатор ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін GPS модулін 
пайдаланатын шарлау және іздеу қызметтері бар қосымща; 
-
бейне және аудио ақпаратпен жұмыс істеу кезінде телефонның мүмкіндігін кеңейтетін 
мультимедиалық бағдарламаладағы қосымшалар; 
-
әлеуметтік желілер, байланыс үшін онлайн қызметтер, ақпарат таратуы және әлеуметтік 
қатынастарды ұйымдастырушы қосымшалар; 
-
контенттік қосымшалар және т.б. 
Әрбір құрастырылатын қосымшалар қолданылуы ортасы мен пайдалану мақсатында әртүрлі және 
құрастырылу әдіснамаларыда үнемі өзгеріп отырады, бірақ бұл мобильді қосымшаларды әзірлеу мен 
бағдарламалау кезіндегі процесс стандартты келеді. Мобильді қосымшаларды әзірлеу процесін 
шиыршықталған түрде бейнелеуге болады (1-сурет). 


Сурет 1. Мобильді қосымшаны әзірлеу процесі 
Осы процеске жеке-жеке тоқталып өтсек: 
Идея 
Кез келген құрастырылған қосымшалар болсын, дайын бағдарламалық өнім болсын ең алдымен идея 
ретінде басталады. Егер бағдарламалық өнім немесе мобильді қосымша құру идеясы жоқ болса, онда 
мұндай жұмысты бастаудың тиімдісі проблемалар және әлеуетті шешімдер тұрғысынан заттарды 
ойлауға даярлау болып табылады. Егерде белгілі бір жағдайларға байланысты туынған мәселелерге 
қызығушылық танытып, «бұл мәселенің туындауына не себеп?» «бұл мәселені шешудің жақсы жолы бар 
ма?» деген секілді сұрақтар арқылы мәселелер мен нарықтық тиімсіздікті анықталса, онда идеяның 
жартысына қол жеткізгендік болып табылады. 
Келесіде бұл мәселенің неліктен екенін түсіну және бұрын соңды бұл мәселе бойынша қосымша 
жасалғаны жөнінде ақпарат іздестіру. Мәселе кеңістігіне мүмкіндігінше көп зерттеу жүргізу. Мәселені 
толық түсінгеннен кейін, мобильді қосымша мәселені қалай шеше алатынын бағалауды бастау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет