Өткен тақырыптар бойынша есептер
№1 жағдай
Тапсырма:
Қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері бойынша емтихан тапсыра алмауына байланысты жұмыстан шеттетілген.
Сұрақ:
Жұмыс берушінің әрекеті заңды ма және қандай жағдайларда қызметкерді жұмыстан шеттете алады?
48 баб 2 тармағы 2 тармақша
№2 жағдай
Тапсырма: Кәсіпорынға қызметкер бухгалтер болып жұмысқа орналасады.
3 ай сынақ мерзімі белгіленеді. Бір айдан кейін оны бас бухгалтер қызметіне тағайындалады.
Сұрақ:
Сынақ мерзімі жалғаса ма әлде қайтадан жасала ма?
36 баб 2 тармақшасыныда 6айға дейін созылуы мүмкін
№3 жағдай
Тапсырма:
Жұмыс беруші еңбек шартында жұмысқа кешігіп келуіне байланысты тәртіптік жазаның бір түрі ақшамен өтеу түрін көрсеткен.
Сұрақ:
Жұмыс берушінің іс әрекеттерін саралаңыз?
№4 жағдай
Тапсырма:
Қызметкер жұмысқа қабілетсіздігіне байланысты еңбекке жарамсыздық парағында болған. Жұмыс беруші қызметкерге осы уақыт аралығында тәртіптік жаза қолданған.
Сұрақ:
Жұмыс берушінің әрекетін саралаңыз?
№5 жағдай
Тапсырма:
Қызметкермен еңбек шарты жасалып, тараптар 2007ж 2 қазанда қол қояды,бірақ еңбек шартында жұмысқа кірісу күні көрсетілмеген.Қызметкер 2007 ж.5.10. жұмысқа кіріседі.
Сұрақ:
Еңбек шартының күні қай күннен басталады?
№6жағдай
Тапсырма:
Қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері бойынша емтихан тапсыра алмауына байланысты жұмыстан шеттетілген.
Сұрақ:
Жұмыс берушінің әрекеті заңды ма және қандай жағдайларда қызметкерді жұмыстан шеттете алады?
№7
Жұмыс күні аяқталғанға екі жарым сағат қалғанға дейін электромонтерлер Сарин мен Винокур жұмысты тастап, шарап дүкеніне кетті. Олар бір коньяк, екі сыра алып ішті. Бұдан кейін Сарин үйіне қайтты, ал Винокур өзі түсіндіргендей, басталған жұмысты аяқтау үшін объектіге қайтып келді. Міне осы кезде оны трест басшысы көріп қалды.
Үш күннен кейін жазбаша түсініктеме берген Сарин мен Винокур , ҚР Еңбек кодексінің 54-бабының 1-тармағының 7-тармақшасы бойынша, жұмыстан шығарылды.
Сарин мен Винокурдың жұмыстан шығарылуы заңды ма? Осы жерде басқа тәртіптік жаза шаралары қолданылуы мүмкін бе?
52 баб 1 тармағының 7 тармақшасы
№8
9 наурыздағы бұйрықпен Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының аға оқытушысы Қазбековқа, 15 ақпанда жұмыстан рұқсатсыз 3 сағат және 16 ақпанда 1 сағат ерте кеткендігі үшін, оған қоса, спорттық жарыс үшін шаңғы станциясын құруға жексенбі күні Зерендіге бару туралы кафедра меңгерушісінің ауызша тапсырмасын орындаудан бас тартқаны үшін, қатаң сөгіс жарияланды.
Тағайындалған жаза туралы Қазбековқа 24 сәуірде хабарланды. Бірақ, одан ешқандай түсіндірмені талап етпеді. Дауды КК қарастыру кезінде, 15-16 ақпанда Қазбеков науқас болғаны анықталды.
Дау қалай шешілуі керек?
Достарыңызбен бөлісу: |