ІІІ бөлім «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді білдіресіздер. (әр сұрақ 5 балмен бағаланады)
І топ
Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
Сен тәртіпсіздік жасадың.Мұғалім саған қатты-қатты ескерту жасады. Сен не істейсің?
Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?
ІІ топ
Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл өлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті.сен не істейсің?
Сенің сабақ үлгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді.сен не істейсің?
Келесі ІV бөлім «Тіл өнері» мақал-мәтелдің жалғасын табу. Яғни мұнда қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді. .(әр сұрақ 5 балмен бағаланады)
Атаға қарап - ..............., анаға қарап - .................. ( ұл өсер,қыз өсер)
Ананың көңілі балада, .......................... ( баланың көңілі далада)
Ата-ананың қадірін - ................................ ( балалы болғанда білерсің)
атаның баласы болма,............................. ( халықтың баласы бол)
Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)
Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)
ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)
Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)
Туған үйдің түтіні жылы, ..............................( туған ананың күтімі жылы)
Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( артыңа ауыр жүк артпа)
............ – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)