1-жүргізуші: Абылай 1771 жылы хан сайланады,
Алыстан орыс, қытай ауыр салмақ.
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ,
Артында ор, алдында кер, жан-жағы жау,
Дағдырған алаш енді қайда бармақ?
Қазақ елін бір арнаға бәрін жиды.
2-жүргізуші: Абылай отызға жетпей алғыр, жігерлі қайрат-қуатымен ел билігіне араласады. Абылай бірінші — ел билігі, екінші — қарулы күш болуы керектігін түсінді.
Төле би, қаз дауысты Қазбек би, Бұқар жырау, оның ақ туын ұстаушылар — қаракерей Қабанбай батыр, қанжығалы Бөгенбай батыр, шапырашты Наурызбай батыр сияқты қолбасшылары болды.
Батырлар "Абылайлап" асығыпты,
Ойына алмайды екен асылықты.
Жасап тұрған жауына қарсы шауып,
Қалмақты Алатаудан асырыпты.
2-жүргізуші: Тегеуріні темірдей, кірген жерін есік қып, шыққан жерін тесік қып жібергендей кілең әулетті, ержүрек, сайдың тасындай жігіттерді ғана таңдап алып, сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқас сала, хан Абылай халқын бірлікке, елдікке шақыра отырып, жаудан қазақ жерін азат етті.
1-жүргізуші: Көрші жатқан Қытаймен жақыңдасып, Ресеймен келісімді сақтау керектігін тапсырған, Абылайға аян беріп отырған әдеттен тыс әруаққа деген сенім қазақ халқында бұрын-сонды болмаған өжеттік дарытты. Ол 1770 жылы қырғыздарды ойсырата жеңді. Абылай хан Ташкентпен және Ходжетпен соғысып, Жизаққа дейін алумен тыңды. Ол ұзын саны 71-ге жететін ұл-қызына Орта жүз, Ұлы жүз руларын тапсырды. Өзі әулет басы ретінде өмір сүру үшін Түркістанда қалады.
Көрініс
Төрде басын ұстаған Абылай хан отыр, жанында Бұқар жырау.
Бұқар жырау: Уа, Абылай, төрт құбылаң сай, 70-ке тарта ұл-қызың бар, еліңді жаудан азат еттің, енді арманың не? Тыншитын кезің болды емес пе?
Абылай хан: Иә, иә, мені тыншытатындай не хал бар енді? Қазақтың арқасын тамға, аузын нанға жеткізгем жоқ. Елімнің бірлігін сақтар тірлікке жеткізбедім. Елімді екі бірдей айдаһардың ортасында қалдырып барамын.
Бұқар жырау: Уа Абылай, хан ием,
Асқар таудай алып ең.
Қазағым деп жанып ең,
Қазағым деп налып ең,
Өзіңді-өзің танып ең,
Намыс отын жағып ең.
Уа Абылай, хан ием,
Қорғаным ең, бағым ең..., — деп орнынан тұрьш шығып кетеді.
Абылай орнынан тұрып: Уа, халқым, бірлігіңді сақта, жеріңді сақта, елдігіңді сақта, менің айтар өсиетім осы, — деп шығып кетеді.
1-жүргізуші: Абылай 1781 жылы мамырда 80 жасында дүниеден қайтты. Одан 30 ұлы қалды.
2-жүргізуші: Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,
Ел үшін жанын қиып, жауды қуған,
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.
Достарыңызбен бөлісу: |