Өткізілетін іс-шаралар


Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі



бет5/5
Дата01.04.2017
өлшемі0,81 Mb.
#13149
1   2   3   4   5
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

  1. «Ә» сыныбы

Әлдикенова А.А.

Тақырыбы: Тіл ұстарту. Мәтінмен жұмыс
Мақсаты: а)Мәтінді талдап, негізгі ойды ашу.

ә) Мәтіннен стиль түрлерін ажыратып, талдау жұмыстарын жасау арқылы ойлау қабілеттерін арттырып, сөйлеу тілдерін дамыту.

б) Отансүйгіштілікке, ұлтжандылыққа, намысшыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту әдісі (сұрақ, талдау жұмысы, тест)
Көрнекілік: тест, мәтін, сызба
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасып, сынып оқушыларын түгендеп, сабаққа бет бұрыс алу.

2.Жаңа сабақ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып таныстыру.Сабақты М.Шахановтың «Лаула, Лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» өлеңімен бастау.

3. Тапсырмалар орындау.
1-оқушылық деңгей. 3 топқа 3 түрлі мәтін таратып беру, желтоқсан оқиғасына байланысты.Мәтінді оқып танысады.
2-алгоритмдік деңгей. Әр топ өз мәтіндерінің ішінен

а) Мәтінді стильдің қай түріне жататынын анықтап дәлелдеу.

ә) 1-сөйлемге синтаксистік талдау, 2- сөйлемге морфологиялық талдау жасау.
3 - қосымша деңгей тақтада орындау

а) 1-топ. «Желтоқсан»

2- топ. «Тәуелсіздік»

3-топ. «Егеменді» сөздеріне математикалық тәсіл бойынша фонетикалық талдау жасау.
ә) 3-оқушы тақтада орындайды қалған оқушылар «Желтоқсан» сөзіне фонологиялық талдау жасау.

1.Желтоқсан – аралас буынды біріккен түбір

2.3 буын бар. Жел- тоқ- сан 3-і де бітеу буын.

3. 3 жағдайда тасымалданады. Жел

тоқ

сан.

4.Екпін соңғы «а» дыбысына түседі.

5.Буын үндестігі аралас буынды, өйткені біріккен түбір.

6.Дыбыс үндестігі «қ» қатаң, қосымшаны да қатаң «с» дан қабылдайды.
б) Өздік жұмыс. тестік тапсырмалар, стиль түріне байланысты тестпен жұмыс жасау.
4-шығармашылық деңгей.

а) «Желтоқсан – ел есінде қалатын зор оқиға» тақырыбына ойтолғау жазу.

ә) Кестені толтыру.



Мәтіннің негізгі идеясы

Бүгінгі күнде бұл мәселе маңызды ма?







4.Сабақты бекіту. Кесте бойынша пікірталас ұйымдастыру.

Қайраттың бойынан қандай ерлікті көрдік?

Жастардың алаңға шыққаны дұрыс па?

Қайраттың «Еркек тоқты – құрбандық

Атам десең атыңдар !» - деген сөзінен нені көруге болады?

Жастардың көтеріліске шыққаны дұрыс па, қалай ойлайсыңдар?


5.Сабақты қорыту.

«Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты – құрбандық

Атам десең атыңдар !» -дей келе сендердің бойларыңда да әрқашанда ерлік қасиет, ұлттық намыс болсын.
6.Үйге тапсырма алу. «Желтоқсан болмағанда бүгінгі тәуелсіздік болар ма еді?» ойтолғау жазу.
7. Бағалау. Сабаққа қатысып, тапсырмаларды орындаған оқушыларды бағалау.
8.Сабақты аяқтау.

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Шәуенова Э.С.
11 сынып


Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: 1. Нақты мысалдар келтіре отырып, лексика

тарауынан өткенді қайталау арқылы оқушы

білімін сарапқа салу.

2. Оқушының шығармашылық, ойлау қабілетін

дамыту.

3. Жерлес ақын Сырбай Мәуленовтің



шығармаларымен жұмыс жүргізе отырып,

тәрбиелі тағылымдарынан үлгі алдыру.



Сабақтың әдісі: топтастыру, семантикалық карта, талдау, тіл

дамыту.


Сабақтың түрі: сайыс сабағы

Сабақтың көрнекілігі: күнтізбе, түрлі кеспелер, семнтикалық карта, калька.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Оқушыларды топқа бөліп, сабақтың мақсатымен таныстыру. Сабақ «Аптаның жеті күні» деген атпен сайыс түрінде өтеді.


І. Дүйсенбі күні: Аптаның бастапқы күні өтетін тақырыбымызды топтастырып алайық. Жалпы қазақ тілінің лексикасын қалай топтаушы едік?
І топ



ІІ топ
ІІ. Сейсенбі күні. Сырағаң жырларынан үзінділер бойынша тапсырмалар.


І топқа 1. Жас қайыңда жапырақ

Күзде тоңса қалтырап,

Десең қуат, әл алсын,

Жылуын бер жаныңның,

Өйткені, сен адамсың.

Өлеңнен синоним сөздерді табу, тағы қандай синонимдер бар екенін анықтау.
2. Күміс шашып ойнайды күн кірпігі,

Ақшоқының қызу еңбек күн-түні.

Бұлақтардың жорға жүріс бүлкілі,

Абай айтқан масатыдай қыр түгі.

(«Ақшоқыға беттегенде»)

Өлеңдегі көнерген сөзді тауып, қай түріне жататынын анықтау.

3. Абайдың қырда көне тұр қыстауы,

Ішінен байқалады тұрмыс-халі.

Көтеріп Хан тағын көк сағымменен

Алыста еңкейеді Шыңғыс тауы.

(«Жидебайдағы Абай үйі»)



Өлеңдегі көнерген сөздің түрін анықтау.
ІІ топ 1. Енесіне түскен ажал құрығы,

Жетім лақтың жетті аяныш шырылы.

Жай оғынан жан анасы мерт болған

Кісінейді қулық бие құлыны.

(«Еңлік-Кебек зиратында»)

Өлеңдегі эвфемизмді табу.

2. Шегіп шымқай өрнекті

Ертеңгілік, кеште де,

Сыйғызасың жер-көкті

Шәйі-жібек кестені.

(«Кестеші қыз»)



Өлеңнен антоним сөздерді табу.

3. Теңізде ойнап көрмесең,

Теңізді сырттан жырлама.

Өлеңге от боп енбесең,

Өзгенің отын ұрлама!

(«Еске алу»)


Өлеңнен дисфемизмді табу.
ІІІ. Сәрсенбі күні: «Кім жылдам?»

1. Тақтадан кеспедегі сұраққа бірден жауап береді.

І топтың кеспелері:

1. Шомылған жасыл жаңбырға,

Дала иісі келген дәмінен,

Лашықтың қарсы алдында

Өсетін еді бәдірен.



Диалект сөзді тауып, әдеби баламасын атаңыз.

2. Әбділданы сыйладым жалыны үшін,

Көрдім одан жанар тау жарылысын.

Көрдім жанын жалаңаш жанып тұрған



Поэзия бақыты, жарығы үшін.

Термин сөзді тауып қай салада қолданылатынын анықтаңыз.

3. «Бәдірен» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
ІІ топтың кеспелері

1. Қоясың кейде жөтеліп,

Жөтелді көше сен жүрген.

Келеміз сені көтеріп

Емханадан зембілмен.

(«Қайнекей»)



Диалект сөзді тауып, әдеби баламасын анықтаңыз.
2.Өкен жандар бейіттері

Теңіз жүзіп бойлайды.

Ескі роман кейіпкері

Су бетінде ойнайды.

(«Еске алу»)

Термин сөзді тауып, қай салада қолданылатынын анықтаңыз.

3. «Зембіл» сөзіне фонетикалық талдау жасау.

2. Орнында отырған оқушылар семантикалық картаны толтырады.


І топ

Семантикалық карта №1






Мысалдар

Кәсіби сөз

Термин сөз

Диалект сөз

Кірме сөз

1

Теңдеу













2

Биржа













3

Әңгелек













4

Ыңғыру













5

Әдебиет













6

Леген













7

Атмосфера













8

Пісте













9

Терімші













10

Раунд















ІІ топ

Семантикалық карта №2






Мысалдар

Көнер

ген сөз


Жаңа сөз

Эвфем

изм



Дисфемизм

1

Ханзада













2

Қорамсақ













3

Үнпарақ













4

Қолының қыстырмасы бар













5

Албасты













6

Ұшақ













7

Сауыт













8

Саңырау













9

Аузы жеңіл













10

Жіңішке ауру















ІV . Бейсенбі күні: Өздік жұмыс.

І топ

Тыңдадың дала күйін жаның ұйып,

Алдың сен көкірегіңе бәрін құйып.

Болдың сен өз халқыңдай қарапайым,

Тұлғасы әрі аласа, әрі биік.

(«Өлеңнің Аманкелді батыры»)



Өлеңнен антонимдерді табу, алғашқы екі тармаққа морфологиялық талдау жасау.
ІІ топ
Сенсің жалғыз күндіз-түні тілегенім,

Мың тіріліп, сен десе мың өлемін.

Айқайласам жетпейді даусым менің,

Ойлай-ойлай ормандай түнремін.

(«Көгімде жалғыз сен тұрсаң»)

Өлеңнен антонимдерді табу, алғашқы екі тармаққа морфологиялық талдау жасау.

V. Жұма күні: Топбасшылар сайысы.
«Сырағаң – сырлы ақын» тақырыбына ойтолғау жазады.

Топта отырғандар: І топ «Жас», ІІ топ «Ер» сөздері омоним болатындай тіркестер құрайды.

VІ. Сенбі күні: Қонақкәде Әр топтан бір оқушы ақын өлеңін оқиды.

VІ. Жексенбі күні: Демалу
Демалыс күн,

Мен алыспын,

Кетем кезіп қияны.

Жұрт үстінде,

Бұлт ішінде,

Ақын жанның қиялы.

Демалыс күн,

Мен алыспын,

Өлең қызбен жолығам.

Жақын дос-жар,

Ақын достар,

Жүгірмеңдер соңымнан.



Ақын өлеңімен сабақты қорытындылап, әр топтың ұпай саны бойынша жеңімпазды анықтау.
Үйге тапсырма: С. Мәуленовтің 1 өлеңін жаттау.


Ұсыныстар:
1.Тиімді әдіс-тәсілдер жүйесін шығармашылықпен қолдануды жалғастыру;

2. Педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру жолымен қазақ тілінің жүргізу сапасын арттыру;
Каталог: images -> stories -> kazahskii -> seminary
seminary -> Бағдарламасы Тақырыбы: «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері»
seminary -> Семинар Қостанай 2007 Тілдің арқасында біреуді біреу танып, бір халық екінші көрші
seminary -> Дөнгелек үстелдің тақырыбы: «Қазақ тілі сабақтарында тиімді әдістерді қолдану арқылы маб және Ұбт дайындықтарын арттыру»
kazahskii -> Мазмұны (2003-2004) Фонетика
kazahskii -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Уақыты 1 1 тоқсан 18 сағат
kazahskii -> «аттестатталушы педагогтың фестивалі» байқауының ережесі жалпы ережесі. «Аттестатталушы педагогтың фестивалі»
kazahskii -> Фонетика Тест сұрақтары
kazahskii -> 1 нұсқа 9-сынып. Қазақ тілі
kazahskii -> Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік мал иелері Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет