Диспансеризация (француз dispensaire — босату) — аурулардың дамуын және таралуын алдын алуға, адамның еңбекке жарамдылығын қалыптастыруға және оның белсенді өмірлік кезеңін ұзартуға бағытталған шарала
Диспансеризация (француз dispensaire — босату) — аурулардың дамуын және таралуын алдын алуға, адамның еңбекке жарамдылығын қалыптастыруға және оның белсенді өмірлік кезеңін ұзартуға бағытталған шаралар комплексі.
Диспансеризация (француз dispensaire — босату) — аурулардың дамуын және таралуын алдын алуға, адамның еңбекке жарамдылығын қалыптастыруға және оның белсенді өмірлік кезеңін ұзартуға бағытталған шаралар комплексі.
Диспансерлік есеп және бақылау төмендегі топтар бойынша жүргізіледі:
1.нөлдік топ (0)- туберкулез ауруының белсенділігі күмәнді жандар;
2.бірінші топ(І)-белсенді туберкулезі бар жандар;
3.екінші топ(ІІ)- белсенділігі жоқ туберкулезі бар жандар;
4.үшініші топ(ІІІ)- туберкулезбен ауыру қауіпі жоғары жандар;
0 топта төмендегілер бақыланады: 1) Алғашқы медициналық санитарлық көмек (АМСК) көрсететін мекемелерінде жүргізілетін стандартты диагностикалық алгоритімнен кейін, өкпедегі немесе басқа органдардағы туберкулездің белсенділігін анықтау мүмкін болмаған,туберкулезге күмән туғызатын жандар.Олар туберкулезден диспансерлік есепке алынбаған белсенділігі күмәнді, алғаш рет немесе қайта ауырған жандар болуы мүмкін.
2) Туберкулезге қарсы күресетін ұйымдарда диспансерлiк есепке алынбаған, туберкулинге сезiмталдық сипаттамасын нақтылап анықтауды және ауруды ажыратып, анықтауды талап ететiн балалар.