Портальдық гипертензия деп қақпалы көктамырда қан айналымы қысымының жоғарлауыын айтады. Қақпалы көктамыр, барлық асқазан-ішек жолдарынан қанды жинап, оны бауырға жеткізеді. Бауыр ағзадағы тазалаушы орталық ретінде қанда күрделі биохимиялық зат алмасу үрдісінде түзелген токсикалық заттардан және экзогенді улардан тазартады. Қақпалы көктамыр, бауыр қақпасы маңында көк бауыр, жоғарғы және төменгі шажырқай тамырлардың түйілісуінен түзіледі, оның ұзындығы 2 см-дей..
Портальды гипертензия
Портальды гипертензия – қақпалы көктамыр жүйесіндегі қан айналымының бұзылуымен, қысымының жоғарылауымен сипатталатын симптомдар кешені.
Оның балаларда пайда болу себептері:
Туа біткен және жүре пайда болған,
Бауырдың диффуздық ауруларыпортальдық жүйедегі магистралдық тамырлардың тромбозыбауыр көктамырындағы даму ақаулықтары