Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өндеу


Білім берудің және оқытудың әдістері



бет3/4
Дата29.01.2018
өлшемі0,76 Mb.
#35730
1   2   3   4

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: Артюс феноменінің даму механизмін тұжырымдау және көріністерін зерттеу.

Сабақ басталғанға дейінгі 20-30 күн бұрын қоянға 5-6 күн үзілісімен 5 рет 3-5 мл көлемде қалыпты жылқы сарысуын стерильді түрде тері астына қайталап енгізеді. Артюс феноменіне тән тері жамылғысының айқын көріністері кезеңінде қоянды демонстрациялайды. Сары су егудің уақыт интервалын және дозасын, орналасуын және жасырын кезеңінде сары суды еккеннен кейінгі тері патологиялық өзгерістерінің көріністерін анықтайды. Локализациясын, тіннің зақымдану деңгейін айналасындағы тері реакциясын, және ол жерде ісінудің, ауырсынудың барын анықтайды.

Келесі сұрақтарға жауап бере отырып қорытынды жасайды:

1.Артюс феномені аллергиялық серпілістің қай түріне жатады?

2.Артюс феноменінде тері зақымдануына қандай факторлардың әсері шешуші роль атқарады?



6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1.Джелл мен Кумбс бойынша аллергиялық серпiлiстердiң жiктелу негiзiнде ...

жатады.

А) аллергиялық серпiлiстердiң патогенезi



В) аллергиялық серпiлiстердiң клиникалық көрiнiсiнiң пайда болу уақыты

С) аллергиялық серпiлiстердiң этиологиясы

Д) аллергиялық серпiлiстердiң ауырлық дәрежесi

Е) клиникалық көрiнiстерiнiң сипаты

2.Аллергиялық серпiлiстердiң иммундық сатысының негiзiнде ... жатады.

А) антидене титрi азаюы

В) аллергиялық медиаторлардың түзiлуi

С) аллергиялық медиаторлардың әсерiне Т-лимфоциттердiң түзiлуi

Д) антидененiң

Е) сезiмталдығы жоғары Т-лимфоциттер, антидене түзiлуi

3.Аллергиялық серпiлiстердiң патохимиялық сатысы ... сипатталады.

А) аллергиялық медиаторлардың бөлiнуiмен

В) бұлшық ет жиырылуымен

С) тамыр қабырғасының өткiзгiштiгiнiң жоғарылауымен

Д) иммундық кешендер түзiлуiмен

Е) микроциркуляция бұзылуымен

4.Аллергиялық серпiлiстердiң патофизиологиялық сатысы ... сипатталады.

А) биологиялық белсендi заттардың әсерiнен ағзалармен тiндер

құрылымы және қызметiнiң бұзылыстарымен

В) биологиялық белсендi заттардың әсерленуiмен

С) иммундық кешендер түзiлуiмен

Д) антидене түзiлуiмен

Е) сезiмталдығы жоғарылаған лимфоциттердiң түзiлуiмен

5.Организмнiң сенсибилизациясы ... дамиды.

А) аллерген алғаш түсуi кезiнде

В) анафилаксиялық шок өткергеннен кейiн

С) аллергендермен иммунотерапиядан кейiн

Д) анафилактогендi қайтадан ендiрген кезде

Е) аллергеннiң шешушi мөлшерлерiн ендiргеннен кейiн

6.Енжар сенсибилизация ... дамиды.

А) арнайы антидене немесе сезiмталдығы жоғарылаған Т-лимфоцит енгiзгенде

В) аллергендi қайталап енгiзгенде

С) организмге гаптен түскенде

Д) меншiктi тiндер зақымданғанда

Е) нәруыздық заттарды көк тамырға енгiзгенде

7.Аллергиялық серпілістердің реагинді түрінің дамуына қатысатын

иммуноглобулиндер ... классынан болады.

А) Е


В) М

С) А


Д) С

Е) Д


8. Аллергиялық серпілістердің иммунокешендікі түрінің дамуына қатысатын

иммуноглобулиндер ... классынан болады.

А) Е

В) М


С) А

Д) С


Е) Д

9.Реагиндер иммуноглобулиндерге ... жатады.

А) Е класының

В) М класының

С) G класының

Д) D класының

Е) А класының

10.Аллергиялық серпiлiстердiң реагиндiк түрiнiң иммунологиялық сатысы ...

сипатталады.

А) иммуноглобулин Е түзiлуi және оның мес жасушалардың бетiне бекуiмен

В) жасушаға лизосомалдық ферменттердiң зақымдаушы әсерiмен

С) мес жасушаларды түйiршiксiзденуiмен

Д) медиаторлардың бөлiнуiмен

Е) клиникалық көрiнiстерiмен



Жағдайлық есеп

Антибиотикті инъекция түрінде жасап, 20 минуттан кейің, балтыр флегмонасымен аурыатын науқас шағым айтты:қорқыныш сезімі,мазасыздық,бетінің қызаруы,қан қысымы 180/90 мм.с.б.

Ендігі 20 минуттан кейін науқастын жағдайы нашарлады: әлсіздік,есінің шатасуы,қалтырау,қан қысымы 75/55 с.б.

Сұрақтар

1.Пациентте қандай жағдай дамыды?

2.Ем жолдары қандай?



Әдістемелік өндеу №5

1.Тақырыбы: Өспелер.

2.Мақсаты: өспелердің дамуымен байланысты жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты

  • канцерогенездің патогенетикалық тізбектерін зерттеу;

  • қатерлі және қатерсіз өспелерді сипаттау;

  • қалыпты жасушаның өспелік жасушаға трансформация механизмдерін түсіндіру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Цито- және гистодифференциация.

  2. Өспелік өсудің этиологиясы.

  3. Канцерогенездің патогенетикалық механизмдері.

  4. Соматикалық жасушалардың бласттрансформациялық механизмдері

  5. Трансформацияланған жасушалардың атипизмі.

  6. Өспелік прогрессияның механизмдері.

  7. Өспелік экспансияның жолдары.

  8. Ағза және өспелік арақатынасы.

  9. Өспеге қарсы ағзаның қорғаныстық механизмдері.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: Эрлих ішшемендік карциномасының жағындысындағы өспелер жасушасының атипизмін үйрету.

Әрбір студент Романовский-Гимзе бойынша боялған Эрлих ішшемендік карциномасының дайын жағындысын алады.Микроскоптың астында керекті бөлігін таңдап алып иммерсиондық объектив көмегімен үйренеді. Ядро және цитоплазма арасындағы нақты шекараланған ыдырамаған ісіктік жасушаларды табады. Көбею атипизміне тән белгілерін зерттейді:


    1. жиі митоздар және амитоздар;

    2. цитоплазманың бөлінуінсіз ядролардың бөлінуі, олар көп ядролы жасушалардың түзілуіне әкеледі;

    3. гиганттың ядро жасушаның пайда болуы.

Келесі сұрақтарға жауап бере отырып қорытынды жасайды:

1.Жағындыда қандай өспелік жасушалардың атипизм белгілері байқалады?

2.Өспелік жасушаның атипизміне тән жағындыда көрсеткеннен басқа ерекшеліктері болады?

3.Өспелік жасушаның көбеюінде атипизмнің пайда болуының басты механизмі қандай?



6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1.Өспе этиологиясында химиялық заттардың ролiн алғаш экспериментте

дәлелдеген ... .

А) Ямагива, Ишикава

В) Раус

С) Бантинг және Бест



Д) Шоуп

Е) Л.А.Зильбер

2.Өспелер этиологиясында вирустардың ролiн алғаш экспериментте

дәлелдеген ... .

А) Раус

В) Ишикава

С) Л.М.Шабад

Д) Ямагива

Е) Л.А.Зильбер

3.Ең дұрыс тұжырым – ... болады.

А) канцероген - өспе шақыратын ықпал

В) канцероген - өспе жасуша өндiрiлетiн зат

С) канцероген - онкоген

Д) канцероген - өспе туындататын, тек қана химиялық ықпал

Е) канцероген - онковирустың генi

4.Эндогендi химиялық канцерогендерге ... жатады.

А) оттегінің еркін радикалдары мен азот тотығы

В) хош иiстi көмiрсулар

С) нитрозаминдер

Д) аминоазоқосындылар

Е) қарапайым химиялық қосындылар

5.Қатерлi өспелердiң алғашқы негiзгi белгiсi ... болады.

А) инвазиялық өсу

В) кахексия

С) өспенiң организмге жүйелiк әсерi

Д) қайталануы

Е) Пастер эффектiсiнiң әлсiреуi

6.Тiннiң инфильтрациялық өсуi ... байқалады.

А) қатерлi iсiкте

В) гиперплазияда

С) гипертрофияда

Д) қатерсiз iсiкте

Е) регенерацияда

7.Өспе тiнiнiң химиялық құрылымының қарапайым дамуы ... деп аталады.

А) анаплазия

В) күрделенуi

С) конвергенция

Д) гипертрофия

Е) дисплазия

8.Өспенің қатерлiлiк дәрежесiнiң артуы ... деп аталады.

А) өспенің үдеуi

В) промоция

С) иммортализация

Д) инициация

Е) өспенің трансформация

9.Қатерлi өспелер жасушаларының биохимиялық атипизмiне ... тән.

а) Пастер эффектiсiнiң әлсiреуi

б) нуклеотидтiк полимеразалардың белсендiлiгiнiң жоғарылауы

в) жасушада тiнге арнайы нәруыздар түзiлуiнiң жоғарылауы

г) изоферменттiк қарапайымдану

д) онконәруыздардың қарқынды түзiлуi

А) а, б, г, д

В) б, в, г

С) а, б


Д) б, г, д

Е) а, б, д

10.Қатерлi өспеге тән биологиялық ерекшелiктерге ... жатады.

а) жасушалардың бағынбай өз бетiнше өсiп-өнуi

б) Хайфликтiң бөлiну лимитiнiң жоғалуы

в) экспансиялық өсу

г) түйiсулiк тежелудiң жоғалуы

д) инвазиялық өсу

А) а, б, г, д

В) а, б, г

С) а, б, в, г, д

Д) а, в


Е) а, б, в

Жағдайлық есеп

46 жасар науқастын шағындары: жиі несеп шығаруы, несеп құрамында қан бар және жалпы адинамиясы.Тексергенде:өспенің өсуы, онда атипиялық жасушалар табылды. Науқас 10 жыл аса тоқыма комбинатының бояу цехнде істеген. Ол цехта анилинды бояуларды қолданады.

Сұрақтар

1.Пациентте өспенің кай түрі дамиды?

2.Өспеге кандай өсуі тән?
Кредит №3

Әдістемелік өндеу №1

1.Тақырыбы: Қызыл және ақ қан патофизиологиясы.

2.Мақсаты: анемия дамуы және лейкопоэз бұзылыстарымен байланысты жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты


  • эритроциттер мен лейкоциттердің сандық және сапалық құрамының өзгерістерін зерттеу;

  • гемоглобин және эритроциттердің перифериялық қандағы санына қарай анемия түрлерін анықтау;

  • лейкоцитарлық формуласын бағалауды жүргізу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Эритроциттердің патологиялық түрлері.

2.Эритроцитоз, түрлері.

3.Эритроцитопениялар анемиялар, анықтамасы, түрлері.

4.Қан жоғалтудың салдарынан дамитын анемиялар (постгеморрагиялық анемиялар).

5.Гемолиздік анемиялар.

6.Теміртапшылықтық анемиялар.

7.В12 - тапшылықтық анемиялар, пернициоздық анемия.

8.Гипо- және апластикалық анемиялар.

9.Лейкоцитоз, түрлері.

10.Лейкопения, түрлері.

11. Лейкоциттердің патологиялық түрлері.



5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: лейкоцитарлық формуланың есептеу техникасын меңгеру.

Лейкоцитарлық формуланың есептеу техникасы және алынған нәтижелердің анализі. Лейкоцитарлық формуланы анықтау үшін иммерсионды объективпен жағындыны қарап 200 (студенттердің сабағында жағдайда 100) лейкоцитті табады, олардың санағы жиіктелуіне сай топтары бойынша жүргізіледі (базофилдер, эозинофилдер, нейтрофилдер және т.б., миелоциттер, метамиелоциттер және т.б.). Санақ нәтижесінің өзгеріп кетпеуі үшін лейкоциттердің жағындыда біркелкі таралмауымен байланысты жағындыны нақты реттілікпен алмастыра отырып лейкоциттерді іздеу жүргізіледі. (өлшеміне қарай, салыстырмалы тығыздығы және беткейлі қасиетті лейкоциттер жағындыда біркелкі емес орналасады: жағындының орталық бөлігінде көбінесе лимфоциттер, соң жағында моноциттер т.с.с.) жағындыны жылжытудың 2 негізгі түсімі бар. Бірінші тәсілге сай жағындыны бір ұзын шетінен қарама қарсы шетіне қарай көлденең бағытта қарайды. Препараттың ойша бөлінген үш зонасында қарау жүргізіледі: бастапқы, орталық, соңғы. Әр бір аталынған зона жағындының 1/3 бөлігін құрайды; осыған орай әр бір зонада барлық жасуша санының 1/3 бөлігін тауып және санау керек, яғни 33, 33 және 34 лейкоцит (200 жасушадан санағанда 67, 67 және 66 лейкоцит).

Санаудың 2 тәсілі бойынша жағындыда ойша ұзына бойына және көлденең өсінде сызық жүргізіп төрт зонада лейкоциттерді санау жүргізіледі.

Әр бір зонасында барлық жасуша санынан ¼ бөлігін табу керек яғни 25 немесе 50 лейкоцит. Бұл жағдайда әрбір зона лейкоциттерді іздеу қиылыстырушы сызықпен (зигзагообразный) көреді. Ол сызық жағындының ұзына бойы шетінен жүретін және қамтитын бөліктерін және жағындыны аластатылған шетінен жүруі тиіс.

Лейкоцитарлық формула есептегенде лейкоциттердің морфологиялық ауытқуларын: дамымаған немесе өзгеше жасушалардың пайда болуын және шеткі қанның басқа да ерекшеліктерін байқайды.

Санақ нәтижесін қағаз бетіне түсіру.

1 тәсіл: 11 клавишалық механикалық есептегіш көмегімен жүргізіледі.

2 тәсіл: а) вертикалынан белгілі интервалдар мен лейкоцит түріне қарай бас әрпімен белгілейді; б) микроскоптағы көрінген әрбір лейкоцитті белгіленген әріптің қарама-қарсысына бірінші төртбұрыштың әрбір бұрышындағы орналасқан нүктелермен, содан кейін оларды таяқшалармен біріктіріп, екі диагонал жүргіземіз.

Мұндай фигуралардың әр бірі 10 есептелген лейкоцитке сай 10 элементті құрайды.

Бұл қажетті суммалық санын анықтауды жеңілдетеді (100 немесе 200).

Алынған нәтижелерді қорытындылау.

1.Лейкоциттердің жалпы санын қолдана отырып, оқытушымен алдын ала хабарланған. Зерттелетін қанның 1 мкл құрамындағы табылған әр түрлі лейкоциттердің пайыздық санымен, соңғыларын абсолютті сандарға айналдыруымен лейкоцитарлық профильді есептейді.

2. Жалпы лейкоциттер саны және олардың түрлерінің пайыздық құрамы бойынша лейкоцит түрін анықтайды.

3. Лейкоциттердің нақты түрлерін пайыздық және абсолюттік саны бойынша қалыпты жағдайдан салыстырмалы және абсолютті ауытқулардың бар-жоғын анықтайды.

4. Нейтрофилдердің ядролық ығысуларының индексін есептейді.

5. Ядролық солға ығысу болса түрін анықтайды.

6. Лейкоциттердің жалпы саны және лейкоцитарлы формула бойынша лейкограмманың патологиялық типін анықтайды.



6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1.Гемолиздiк анемия үшiн ... тән болып табылады.

А) эритроциттердiң өмiр ұзақтығының қысқаруы

В) қызыл сүйек кемiгiнде май дамуы

С) мегалобластық қан түзу

Д) организмде бездер тапшылығы

Е) эритроциттердiң осмостық резистенттiлiгiнiң жоғарылауы

2.Темiр тапшылықты анемия үшiн ... тән болып табылады.

А) гипохромия

В) мегалобласттық қан түзу

С) ретикулоцитоз

Д) гемосидероз

Е) гипербилирубиинемия

3.Витамин В12-тапшылықты анемияның патогенезiне көрсетiлмеген тiзбегiн

енгiзiңiз. Витамин В12- тапшылығы → метилкобаламиннiң түзiлуiнiң →

тетрагидрофолий қышқылының түзiлуiнiң бұзылуы → ..?.. →

эритроциттердiң өсiп-өнуi және жетiлуi үрдiсiнiң төмендеуi

А) ДНҚ түзiлуiнiң бұзылуы

В) миелин түзiлуiнiң бұзылуы

С) май қышқылдарының түзiлуiнiң бұзылуы

Д) дезоксиаденозилкобаламин түзiлуiнiң бұзылуы

Е) янтарь қышқылының түзiлуiнiң бұзылуы

4.Мегалобластық қан түзу түрi ... үшiн тән.

А) В12-тапшылықты анемия

В) аплазиялық анемия

С) темiр тапшылықты анемия

Д) постгеморрагиялық анемия

Е) гемолитикалық анемия

5.Панцитопения – бұл ... .

А) шеткi қанда эритроциттердiң, лейкоциттердiң, тромбоциттердiң

азаюы

В) шеткi қанда лейкоциттердiң азаюы



С) шеткi қанда тромбоциттердiң азаюы

Д) шеткi қанда эритроциттердiң азаюы

Е) қанда барлық жасушалардың артуы

6.Панцитопения ... тән.

А) гипо- және аплазиялық анемияға

В) жедел постгеморрагиялық анемияға

С) талассемияға

Д) гемолиздiк анемияға

Е) орақ тәрiздi жасушалы анемияға

7.Науқаста жалпақ құрт бар анализiнде гемоглобин - 95г/л, эритроцит - 2,8

х 1012 л, ретикулоцит - 0,5 %, мегалоциттер мен мегаблобластар анықталды.

Анемияны анықтаңыз.

А) витамин В12-тапшылықты анемия

В) темiртапшылықты анемия

С) гемолиздiк анемия

Д) сидероахрестикалық анемия

Е) гипоплазиялық анемия

8.Гемограмманын: Эритроциттер - 3,2 х 1012/л, гемоголбин – 60 г/л, ТК - 0,6, ретикулоциттер - 1 %, лейкоциттер - 4,5 х 109/л, сидеропения, қан жағындысында: микроциттер, гипохромды эритроциттер, пойкилоциттер,Сіздің тұжырымыңыз ... болады.

А) темiр-тапшылықты анемия

В) жедел жүре пайда болған гемолиздiк анемия

С) витамин В12, фолий-тапшылықты анемия

Д) жедел постгеморрагиялық анемия

Е) гипо-аплазиялық анемия

9.Созылмалы қан кетуде ... дамиды.

А) темір-тапшылықты анемия

В) витамин В12 -тапшылықты анемия

С) гемолиздік анемия

Д) Фанкони анемиясы

Е) Минковский-Шоффардың микросфероцитарлық анемиясы

10.Науқас 15 жаста, терi қабаттары бозарыңқы, жасылдау реңмен, қан

анализiнде: Гемоглобин - 65 г/л; эритроциттер 3,8 х 1012/л; ретикулоциттер

- 0,1%. Қан жағындысында - сақина тәрiздес эритроциттер. Анемияның түрі

анықтау.

А) гемолиздік анемия, нормобласттық, гиперрегенераторлық

В) В12-тапшылықты анемия, мегалобласттық, гиперрегенераторлық

С) темiр тапшылықты анемия, нормобласттық, гипорегенераторлық

Д) сидероахрезиялық, нормобласттық, гипорегенераторлық

Е) гипоплазиялық анемия, нормобласттық, гипорегенераторлық



Жағдайлық есеп

42 жастағы науқас әйел төмендегідей шағымдармен келіп түсті: басының ауыру, ұйқысының нашарлауы, үдей түскен әлсіздік, менструация уақытына сай келмейтінін мезгілімен жатырынан қан кетуі. Қан кету жарты жыл бұрын басталған. Емханада жасалынған қанның анализі: Нb 95 г/л, эритроциттер 3,3х1012/л, ретикулоциттер 8,5%. Сарысулық темірдің құрамы қалыпты жағдайда жанұя жағдайларымен науқасқа әрі қарай тексерулер мен ем жүргізілген жоқ. Қан кету жалғаса берді, бұрынғы шағымдары күрделілене түсті, науқастың жағдайы нашарлағаны соншалықты, тағы жарты жылдан кейін гинекологиялық клиникаға госпитализацияланды. Ол жерде «жатыр миомасы» деген диагноз қойылды. Клиникаға түскендегі қан анализі: Нb 45 г/л, эритроциттер 2,2х1012/л, қан жағындысында гипохромия және эритроциттердің анизоцитозы (микроциттердің басымдылығымен), ретикулоциттер 0,05%. Сарысулық темірдің құрамы қалыптыдан төмен.

Сұрақтар

1.Екі кезеңдегі науқастың қанының суреттемесін бағалаңдар, яғни жарты жылдан кейінгі және аурудың басталған кезеңдегі өзгерістерін (әрбір анализіндегі түстік көрсеткішін есептеңдер).

2.Екі анализдің нәтижесін салыстырыңдар. Емханалық анализінде табылған алғашқы қан суреттемесінен клиникаға түскен кездегі қан жағдайын қандай сандық және сапалық белгілерін айырамыз? Бірінші қан анализінің екіншісінен сапалық айырмашылығының себебі неде? Қандағы табылған өзгерістердің болжамдық мәні қандай?

3.Науқастың әрбір кезеңіндегі бақылауында яғни емханалық және клиникалық, қан жүйесінің патологиясының типін сипаттаңдар.

4.Науқасты емдеу жоспарын құрғанда берілген патология түрінің емдеу ұстанымдары қандай?

Әдістемелік өндеу №2

1.Тақырыбы: Жүрек патофизиологиясы.

2.Мақсаты: миокард қасиетінің бұзылыстарымен байланысты жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты


  • жүрек қызметінің бұзылыстарының негізгі факторларды зерттеу;

  • жүрек жеткіліксіздігі формалар мен аритмиялардың жіктелу, олардың даму механизмдерді зерттеу;

  • жүрек жиырылғыштық қызметінің жедел және ұзақ уақыттық адаптацияның механизмдерді түсіндеру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Жүрек қызметі бұзылыстарының негізгі факторлары.

2. Жүрек жеткіліксіздігінің түрлері.

3. Тоногенді және миогенді жүрек дилятациясы.

4. Жүрек ісінулерінің даму механизмдері.

5. «Өкпелік жүрек» түсінігі.

6. Жүрек қақпақшаларының зақымдануындағы жүрек жеткіліксіздігі.

7. Жүрек жеткіліксіздігінің жүктемелік түрлері және даму механизмдері.



5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: миокардқа қысым арқылы күштеме түсіру жағдайындағы жүрек жұмысының өзгерістерін үйрету.

Арқасын төмен қаратып тақтайшаға наркоз берілген және қимылсыздандырылған бақаны бекітеді. Көкірек қуысын кең ашып жүректен перикардты сылып алады. Жүрекке төменнен келетін күрделі веналар мен аорта түйінін жаймен бөліп алады, олардың астына провизорлық салады. Аорта доғасын лигатурада жаймен көтеріп, түйініне жақындағанда ажыратады және алдын ала Рингер ерітіндісімен толтырылған шыны канюля ұшындағы кесіндісіне кіргізеді. Систола кезінде канюля ұшын қарынша қуысында жарты айшық қақпақшаларының арасынан өткізеді. Дұрыс орналастырылған канюлядан сол уақытта қанның фонтан секілді атқылауы байқалады. Канюля мойнын керекті қалыпта лигатурамен фиксациялап сонымен қатар веноздық тамырларды байлап қояды. Тромб түзілуінің алдын алу үшін канюляны және жүрек қуысын инесі бар шприцті қолданып Рингер ерітіндісімен жуып отырады. Перфузияға арналған тіркемеге бақасымен тақтайшаны және Рингер ерітіндісімен толтырылған (ауаның көпіршіктерінсіз) және оған канюляны жалғап қояды. Түтікшеден сұйықтық деңгейін 10 см биіктікте бекітіп, зажимді шешеді; жүрек жұмысының негізгі көрсеткіштерін тіркейді және жеңілдетілген формула бойынша биіктігін өлшейді: А = МОхН, А – 1 мин жүргізілетін жүрек жұмысы (г/см), МО – жүректің минуттық көлемі, ол соғу көлеміне тең, ЖСЖ мин көбейтілген. Соғу көлемін (мл) түтікшедегі сұйықтықтың деңгейінің систола және диастола кезіндегі айырмашылығына қарай анықтайды; Н – жүректен түтікшедегі сұйықтық деңгейіне дейінгі арақашықтықтағы анықталатын қысым (см.су.бағанасымен). Осыдан кейін зажимдерді қолдана отырып сұйықтықтың деңгейін 30, 50 және 80 см көтереді, әрбір этапында көрсеткіштерін тіркеп отырады, бұл сәйкес келетін есебін жүргізу және жүрек жұмысын анықтау үшін керек. Алынған мәліметтердің негізінде жүректің жұмысы қысыммен түсіретін күштеменің деңгейіне тәуелдігін көрсететін график құрастырады. Абсцисс өсінде қысым деңгейін, ординат өсінде жүрек жұмысын белгілейді.

Келесі сұрақтарға жауап бере отырып қорытынды жасайды:

1.Айдауға қарсыласуды жоғарылатқанда жүрек жұмысы көрсеткіштерінің қандай өзгерістері анықталды?

2.Алынған графиктің әр түрлі бөліктерінің сипаттамасы қандай?

3.Бақыланған көріністердің механизмдері қандай?

6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1.Оң қарыншалық жеткiлiксiздiктiң бiр белгiсi ... болады.

А) бозару

В) тұншығу ұстамасы

С) қан құсу

Д) өкпе iсiнуi

Е) терi мен шырышты қабаттардың көгеруi, iш шеменi

2.Сол қарыншалық жеткiлiксiздiктiң себебiнің бірі ... болады.

А) өкпе аурулары

В) өкпе артериясының тарылуы

С)үшжарғақы қақпақшаның жеткiлiксiздiгi

Д)оң қарыншаның инфарктi

Е) митралды қақпақшаның жеткiлiксiздiгi

3.Сол қарыншалық жеткiлiксiздiктiң белгiсiнің бірі ... болады.

А) көгеру

В)аяқтардың iсiнуi

С)мойын тамырларының соғуы

Д)бауырдың ұлғаюы

Е)тұншығудың ұстамасы (жүректiк демiкпе)

4.Жүрек жеткiлiксiздiгiнiң зорығулы түрiне ... жеткізеді.

А)гиперволемия

В)миокард ишемиясы

С)миокардиттер

Д)жүрек ақаулар

Е)қан тамырларының шеткi кедергiсiнiң жоғарлауы

5.Жүрек жеткiлiксiздiгiнiң миокардиалды түрi ... пайда болады.

А)жүрек қақпақтарының ақауларында

В)гипертониялық ауруда

С)қанды артериовенозды шунттауда

Д)қолқа коарктациясында

Е)миокард инфарктiсiнде

6.Гемодинамиканың ауыр бұзылыстары ... дамиды.

А) қарыншалардың жыпылықтаушы аритмиясында

В)синустық аритмияда

С)экстрасистолияда

Д)синустық тахикардияда

Е)бiрiншi дәрежелi атриовентрикулярлық бөгетте

7.Қауырт оң қарыншалық жеткiлiксiздiгiнiң себебi ... болуы мүмкін.

А) аортаның стенозы

В) митралды қақпақшаның жеткiлiксiздiгi

С) өкпе артериясының стенозы

Д) аортаның жеткiлiксiздiгi

Е) митралды стенозы |

8.Жүректiң көлеммен зорығуы ... кезінде дамуы мүмкiн.

А) жүрек митралды қақпақшының жеткiлiксiздiгi

В)артериялық гипертензия

С)артериялық гипотензия

Д)аорталды қақпақшалы тесіктің тарылуы

Е)гиперволемия

9.Жүректiң "кедергiмен" зорығуы ... дамиды.

А) эритремияда

В) артериялық гипертензияда

С) жүрек қақпақшаларының жеткiлiксiздiгiнде

Д) физикалық жұмыста

Е) гиперволемияда

10.Жүрек жеткiлiксiздiгiнiң зорығулық түрi ... дамиды.

а) қанның көлемi азайғанда

б) миокард ишемиясы кезiнде

в) миокардиттер кезiнде

г) жүрек ақаулары кезiнде

д) гиперволемия кезiнде

А) в, г, д

В)г, д

С) а, б, в



Д)б, в

Е)а, г



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет