Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Дәрілер технологиясы кафедрасы



бет1/4
Дата05.06.2017
өлшемі0,74 Mb.
#17811
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

фармацевтика академиясы
Дәрілер технологиясы кафедрасы

бекітемін

ОҚМФА ғылыми-клиникалық

жұмыстар бойынша проректор, мед.ғ.к.

___________ Н. В. Югай

___ _____________ 2010ж.

жұмыс бағдарламаСЫ


Мамандық: 6М110400 – Фармация

Пән: Фармацияда білім беру және ғылыми-зерттеу негіздері

Пән коды: OPNIF 6303

Оқу сағаттарының (кредиттердің) көлемі: 2 кредит (120 сағат)

Курс: 1

Шымкент – 2010
Жұмыс бағдарламасы типтік оқу бағдарламасы негізінде және 2009ж. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру (магистратура) стандартына сәйкес 6М110400 – «Фармация» мамандығы, «Фармацияда оқыту және ғылыми-зерттеу негіздері» пәні бойынша жасалынған.

Жұмыс бағдарламасы дәрілер технологиясы кафедрасының мәжілісінде ____ _________ 2010 ж. (хаттама № ___ ) талқыланған.

Каф.мең., фарм.ғ.д., профессор Б.А. Сағындықова

Жұмыс бағдарламасы магистратура және резидентура бойынша оқу-әдістемелік комиссия мәжілісінде ____ _________ 2010 ж. (хаттама № ____ ) талқыланған.


Төраға, мед.ғ.д. Н. А. Бөлешов

Мазмұны


  1. Пәннің қысқаша сипаттамасы .................................................................. 4

  2. Оқып білу мақсаты .................................................................................... 4

  3. Міндеттері................................................................................................ 4-6

  4. Пәннің қысқаша мазмұны...................................................................... 7-9

  5. Оқыту әдіснамасы ..................................................................................... 9

  6. Сабақтың оқу-тақырыптық жоспары ............................................... 10-16

  7. Әдебиеттер тізімі ............................................................................... 16-17


Пәннің қысқаша сипаттамасы

«Фармацияда оқыту және ғылыми-зерттеу негіздері» пәні ҚР МЖБС 6М110400 – «Фармация» мамандығының (магистратура) типтік оқу жоспарына сәйкес бейіндік пәндердің міндетті құрамының бірі болып табылады.

«Фармацияда оқыту және ғылыми-зерттеу негіздері» магистрлік бағдарламасы бойынша магистрді даярлау саласындағы жоғары кәсіби білімнің негізгі мақсаты ғылыми және кәсіби біліктілікті меңгеру болып табылады. Магистрлерді оқытудың және ғылыми зерттеулердің негіздері мен осы заманғы көзқарастарымен, оқыту әдістері мен стилдерін қолдану мүмкіндіктерімен және келешегімен, дипломнан кейінгі және үздіксіз кәсіптік фармацевтикалық білім беру және фармациядағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру принциптерімен таныстыру. Жеке алғанда зерттеу тақырыбын, мақсатын және міндеттерін тұжырымдауда, ғылыми зерттеулердің қорытындысы мен ұсыныстарын талдау және тұжырымдауда оның маңыздылығы. Магистрлерде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылыми-зерттеу секторы үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқытушылары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби әрекетінің тереңдетілген ғылыми және педагогикалық дайындығы бар мамандарды даярлауда оқыту мен ғылыми зерттеу негіздерін қолданудың маңыздылығы мен кең спектрі туралы түсінікті қалыптастыру.
Оқып білу мақсаты

Оқыту саласында «Фармацияда оқыту және ғылыми-зерттеу негіздері» магистрлік бағдарламасы бойынша жоғары кәсіптік білімнің мақсаты: бітірушілерге ғылыми және педагогикалық қызметінде алған дағдылары мен білімдерін қолдануға жағдай жасайтын, жан-жақты және мамандырылған біліктілікке ие болуға мүмкіндік беретін жоғары оқу орнынан кейінгі жоғары білім мен ғылымды ұйымдастыру негіздерін алу болып табылады.



«Фармацияда оқыту және ғылыми-зерттеу негіздері» магистрлік бағдарламасы бойынша жеке тұлғаны тәрбиелеу саласында бітіруші-магистрлердің әлеуметтік жеке қасиеттерін қалыптастыру болып табылады: ұйымдастырушылық, еңбексүйгіштік, ықыластық, мақсатқа талпынушылық, ашықтық, ұжымда жұмыс істей білушілік, өзінің кәсіптік қызметінің нәтижесіне жауапкершіліктік, олардың жалпы мәдениетін жоғарылату және ой өрісін кеңейту.
Пәннің міндеттері

  • магистранттардың теориялық және тәжірибелік жеке дайындығын тереңдету есебінен оқыту және ғылыми зерттеулер негіздері бойынша сапалы білімге жету;

  • магистранттардың фармация саласында жеке білім алу жолын таңдауы;

  • ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізуге дағдылану, докторантурада ғылыми жұмысты жалғастыру үшін қажетті дайындама алу;

  • оқушыларда өзін-өзі жетілдіру және өздігінен даму қабілетін, олардың белсенді тіршілік әрекеті барысында жаңа білімдерді өз бетінше шығармашылықпен игеру қажеттілігін және дағдыларын қалыптастыру;

  • кәсіби мәдениет, соның ішінде қазіргі кездегі ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдауға және шешуге, жоғары оқу орындарында оқытуға, зерттеу және басқару қызметтерін ойдағыдай жүзеге асыруға қабілетті азаматтық ұстанымы бар кәсіби қарым-қатынас мәдениетінің деңгейі жоғары мамандарды дайындау.


Пәнді оқып білген соң магистранттар білуі тиіс:

  • фармацияның даму беталысын және әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы фармацевтика ғылымының қазіргі жағдайын;

  • қазіргі фармация сүйенетін іргелі ғылымдардың негізін;

  • жоғары оқу орнындағы психология және педагогика негіздерін;

  • оқу стилдерінің және оқыту әдістерінің негізгі түрлерін;

  • шағын топтарда жұмыс істеудің ережелері мен әдістерін;

  • келелі-нысыналы және жобалы-нысаналы оқу әдістерінің мағынасын;

  • білімді, дағдыны, қатынасты, құзіретті және олардың тәжірибеде орындалуын бағалау әдістерін;

  • пәнді оқып білу барысында тестілеу жүйесін құрудың негізгі принциптерін;

  • дипломнан кейінгі және үздіксіз кәсіптік білім беруді ұйымдастыру принциптерін;

  • фармациялық ғылыми зерттеулердегі және биомедициналық зерттеулердегі сандық және сапалық талдау әдістерін;

  • ғылыми танымның қазіргі тұжырымдамасын, теориялық-әдіснамалық негіздерін.


Магистранттар істей білуі тиіс:

  • оқудың жаңа әдістерін қолдана отырып, өткен білімдерін талдауды;

  • педагогикалық қызметінде оқу стилдерін және оқыту әдістерін қолдануды;

  • жеке білім алу жолын жасауды;

  • келелі-нысаналы және жобалы-нысаналы оқу әдісінің кезеңдерін жасауды;

  • білімді, дағдыны, қатынасты, құзіретті және олардың тәжірибеде орындалуын бағалау принциптерін жасауды;

  • негізгі және бейінді пәндер бойынша жазбаша тест тапсырмаларын құрастыруды;

  • өзінің кәсіптік, ғылыми және педагогикалық қызметін жоспарлауды және жүзеге асыруды;

  • өзінің кәсіби қызметінде фармацияның ғылыми негіздерін қолдануды және инновациялық технологияларды енгізуді;

  • жоғары оқу орнында психология және педагогикадан алған білімдерін тәжірибеде қолдануды;

  • зерттелетін процестер талдауының өркениетті, мәдениеттану, ақпараттық көзқарастарына сүйене отырып, зерттеу мәселелерін шешуді;

  • білімдерді біріктіріп, оларды сыпайы, қисынды байланыстырып, ауызша және жазбаша түрде беру;

  • іргелі ғылымдар бойынша білімдерін өзінің тәжірибелік жұмыстарында таңдаған мамандық даярлау бағытындағы нақты зерттеу, ақпараттық-ізденіс, әдістемелік мәселелерді шешу үшін қолдануды;

  • әлеуметтік маңызды мәселелер мен процестерді ғылыми талдауды.


Магистранттар дағдылануы қажет:

  • жеке білім алу жолын жасауға;

  • белсенді оқу әдістерін оқытуға;

  • білімді, дағдыны, қатынасты, құзіретті және олардың тәжірибеде қолдануын бағалауға;

  • пилотты зерттеу жобаларын жасауға және басқа жобаларға, өзіндік зерттеу жұмыстарына қатысуға;

  • стандартты зерттеу және педагогикалық мәселелерді шешуге;

  • оқушылар мен мамандар қауымымен жұмыс жасауға;

  • кәсіптік міндеттерін жүзеге асыруға байланысты мақсатты қолдану және міндеттерді тұжырымдауға;

  • фармацевтика ғылымының жетістіктерін адамзаттың барлық өткен рухани даму синтезінің түрі ретінде философиялық принциптер тұрғысынан талдауға.


Магистранттар білікті болуы тиіс:

  • фармациядағы педагогикалық және ғылыми қызметтер мәселесінде;

  • Қазақстан Республикасында және шетел мемлекеттерінде фармацевтикалық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және қаржыландыру жүйесінің саласында;

  • фармацевтикалық пәндерді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытуда;

  • дәрілік заттарды жасау, енгізу және өндіру мәселелерінде;

  • ақпараттық іздестіру мәселелерін шешуде, жеке және кәсіптік өсуге дайын болуға.

Пәннің қысқаша мазмұны
1 кредит

Қазақстан Республикасының фармацевтикалық білім беру ісі. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық білім беру ісінің қазіргі жағдайы. Фармацевтикалық білім беру міндеттері.

Дүниежүзінде және Қазақстан Республикасында фармацияның даму қарқыны және фармацевтикалық ғылымның қазіргі жағдайы. Болашақ мамандықтың кәсіптік қызмет саласындағы әлеуметтік маңызы.

Ғылыми және педагогикалық дайындық обьектілері: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми ұйымдар, фармацевтикалық ұйымдар және дәрілік заттарды стандарттау және сертификациялау кәсіпорындары, денсаулық сақтауды басқару органдары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары.

Өткен білімдерді қарқындату тәсілдері. Сұрақ – жауап. Ақыл – ойға батыл әрекет жасау. Өткен білімдерді талдау.

Оқыту стилдері. Оқытудың шығармашылық стилі. Эмоциялы – құнды стилі. Суырып салып айту – пайымдау стилі. Жүйелі – пайымдау стилі. Қайта жаңғыру стилі.

Оқыту әдістері. Дәрістер. Дәрісті оқу және тұсаукесерді жүргізу өнері. Тәжірибе сабақтарының түрлері (семинар, арнайы семинар, лабораториялық жұмыс, практикум, магистранттың өзіндік, ғылыми-зерттеу жұмысы, өндірістік практика). Оқудың белсенді түрлері (шағын топтарда жұмыс істеу, пікірталас, ситуациялық есептерді шығару, тұсаукесер, нақты жағдайды талдау, “ Ойлауды ширату”, “ Ақыл – ойға батыл әрекет жасау”, “Дөңгелек үстел” әдістері, ойын үлгілері, арнайы құралдардың көмегімен оқыту, кәсіби кеңес және т.с.с.).

Жеке білім алу жолын жасау. Оқушының жеке білім алу бағдарламасын жасауды ұйымдастыру және кезеңдері. Эксперименттік – зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының бөліктерін жасау және орындау.

Шағын топтарда жұмыс істеу ережелері мен әдістері. Шағын топтарда оқыту процесінің элементтері. Шағын топтардағы тәжірибе сабақтарының құрылымы. Шағын топтарда жұмыс істеу стратегиясын анықтау.

Келелі-нысаналы оқу. Келелі-нысаналы оқу әдісінің мәні. Келелі-нысаналы оқудағы жағдайды сипаттау. Тьютер, оның келелі-нысаналы оқу процесіндегі қызметі.

Жобалы-нысаналы оқу. Жобалы-нысаналы оқуды анықтау және кезеңдері.

Кері байланыс әдістері. Кері байланысты жасау стратегиясы.

Білімді, дағдыны, қатынасты, құзіретті және олардың тәжірибеде орындалуын бағалау әдістері. Оқушылардың білімін бағалауды ұйымдастыру. Бақылау әдістерін жіктеу. Бағалау мақсаты. Бағалау қасиеті. Бағалау критерилері. Баға және кері байланыс. Оқу технологиясының тиімділігін анықтау.

Негізгі және бейінді пәндер бойынша жазбаша тест сұрақтарын жасау. Тапсырмаларды тест түрінде жасау. Тестілеу әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері, пәнді оқып білу барысында тестілеу жүйесін жасау принциптері. Тест түріндегі тапсырмалар композициясына қойылатын жалпы талаптар.

Фармацевттердің дипломнан кейінгі және үздіксіз кәсіби дамуын ұйымдастыру принциптері. Қазақстан Республикасында және шетелдерде фармацевтикалық өндірістің даму тұжырымдамасы. Қазақзстан Республикасында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің құрылымы, мақсаттары мен міндеттері.

Ересектерді оқыту ерекшеліктері. Өздігінен оқу. Андрогогика. Оқу ерекшеліктері мен мақсаттары. Ересектерді оқытудың белсенді әдістері.
2 кредит

Фармациядағы ғылыми зерттеулер. Фармациядағы ғылыми зерттеу бағыттары. Ғылыми мектептер. Дәрілер технологиясы, фармацевтикалық істі басқаруды ұйымдастыру, фармацевтикалық химия, фармакогнозия фармацевтикалық мамандықтар бойынша ғылыми зерттеулер, фармация мамандықтары бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру әдістері.

Қазақзстан Республикасында ғылым дамуының және фармация жетістіктерінің қазіргі бағыттары. Денсаулық сақтау ісінің және фармацияның өзекті мәселелері, оларды шешудің қазіргі әдістері. Ғылыми және педагогикалық мектептердің (сабақтастықтың) фармациядағы орны. Ғылым мен инновацияның дәрілік заттар айналымы саласындағы орны. Таңдаған бейіндік бағыты бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің жалпы принциптері.



Ғылыми зерттеулердің тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау. Ғылыми мәселені қою және болжанатын қолданбалы мағынасы. Ғылыми зерттеулердің өзектілігін анықтау. Зерттеу мақсаттарын қалыптастыру принциптері: сыйымдылық, дәйектілік, ғылыми және тәжірибелік маңыздылық ұғымы. Зерттеудің қойылған мақсаттарына жету міндеттерін анықтау. Зерттеу обьектілеріне, эксперименттік және статистикалық мәліметтерді талдау және өңдеудің қазіргі, өзгертілген, үйлестірілген әдістері мен әдістемелеріне қойылатын негізгі талаптарды жасау.

Зерттеу әдіснамасы. Фармацевтикалық пәндер бойынша ғылыми зерттеулердің қазіргі әдіснамасы. Жеке мәселелер шешімінің жүйелігін анықтау үшін зерттеу обьектісінің үлгісін құру Ғылыми зерттеу міндеттерін үзінді және өзара қисынды байланысқан жиынтық бойынша жүзеге асыру..

Зерттеу талдауы және қорытындылар мен ұсыныстарды түжырымдау. Ғылыми танымның қазіргі тұжырымдамасы, теориялық-әдіснамалық негіздері. Фармациялық ғылыми зерттеулердегі және биомедициналық зерттеулердегі сандық және сапалық талдау әдістері. Социологиялық, фармакоэкономикалық, фармакотерапиялық, маркетингті және басқа зерттеу әдістері. Нәтижелердің статистикалық өңдеуі және салыстырмалы сипаттамасы. Зерттеу обьектілерін бағалау критерилерінің үштағаны (тиімділік, зиянсыздық және қауіпсіздік, үнемділік және пайдалылық). Қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау принциптері.

Ғылыми зерттеулерді енгізу және нәтижелілігі. Ғылыми зерттеулерді енгізу, нормативтік – техникалық құжаттамалар: уақытша фармакопеялық мақала (УФМ), техникалық жағдайлар (ТЖ), сынақ – өндірістік регламент, уақытша аналитикалық нормативтік құжаттамасы (УАНҚ).

Ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі – нормативтік-технологиялық және нормативтік-аналитикалық құжаттама, нормативтік құжаттамаларды жасаудың негізгі принциптері мен кезеңдері: формулярлар, емдеу стандарттары, технологиялық регламент, енгізу актілері, ерекше белсенділікті, жедел және созылмалы уыттылықты анықтау актілері, алдын ала патенттер, инновациялық патенттер.



Ғылыми – зерттеу жұмысын дайындаудың жалпы талаптары мен ережелері. Диссертациялар мен авторефераттарды дайындаудың нұсқаулы хатына қойылатын талаптар.

Ғылыми – зерттеу жұмыстарын рецензиялау, жұмыс туралы баяндама. Ғылыми материалдарды басылымда жариялауға дайындау. Мақалалар мен баяндама тезистерін сараптау актілері (нәтижелердің сенімділігі, репрезентативтігі, анықтығы және расталуы).

Оқыту әдіснамасы

Оқытудың оқу процесі келесі түрде ұйымдастырылады:



  • дәріснамалық сабақтар: дәрістер, тәжірибе сабақтары (шағын топтарда жұмыс істеу, пікірталастар, ситуациялық есептерді шығару, тұсаукесер);

  • дәрісханадан тыс сабақтар: магистранттардың өзіндік жұмысы, жеке кеңес.

Өзіндік жұмыс екі түрге бөлінеді – оқытушының жетекшілігімен орындалатын магистранттың өзіндік жұмысы (МОБӨЖ) және магистранттың өзіндік жұмысы (МӨЖ).

МОБӨЖ –магистранттың оқытушымен байланыста өткізетін дәрісханадан тыс жұмысы, ол оқу сабақтарының кестесінде міндетті түрде көрсетілуі тиіс. МОБӨЖ -на үй тапсырмаларын, курстық жобаларды (жұмыстарды), семестрлік және бақылау жұмыстарын, есеп беру және МӨЖ тапсырмаларының басқа да түрлерін орындау жөніндегі кеңестер кіреді.

МӨЖ – оқу-әдістемелік әдебиет пен ұсыныстармен қамтамасыз етілген және өз бетімен оқуға бөлінген тақырыптардың белгілінген тізімі бойынша магистранттың дербес өзі орындайтын дәрісханадан тыс жұмысы; тесттер, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, есеп беру жолымен және білімді бақылаудың басқа да түрлерімен тексеріледі.


Пәннің оқу жоспары.

Оқу бағдарламасы 2 кредитке (60 сағаттан) – 120 сағатқа есептелген, соның ішінде байланысып жұмыс істеу 60 сағаттан (10-дәрістер, 20-тәжірибе сабақтары, МОБӨЖ – 30 сағат, МӨЖ – 60 сағат).







Сабақ тақырыбы

Оқу сағатының көлемі

Барлық сағат көлемі

дәрістер

тәжірибе сабақтары

МОБӨЖ/ ДОБӨЖ

МӨЖ/ ДӨЖ

1

2

3

4

5

6

7


1 кредит

1

Қазақстан Республикасының фармацевтикалық білім беру ісі. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық білім беру ісінің қазіргі жағдайы.

1










1

2

Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы.










3

3

3

Өткен білімдерді қарқындату тәсілдері.




2







2

4

Өткен білімдерді талдау










3

3




5

Оқу стилдері. Оқыту әдістері.

1










1

6

Қысқа дәрісті дербес түрде дайындау




2







2

7

Оқу түрлері: ұғындыру – мысал келтіретін, мәселелі, бағдарламаланған, модульді оқу.







3




3

8

Жеке білім алу жолын жасау.




2







2

9

Оқушының (бакалаврдың және магистрдің) жеке білім алу жолын құрастыру.










3

3




10

Шағын топтарда жұмыс істеу ережелері мен әдістері.

1










1

11

Шағын топтардағы оқу процесінің элементтері.







2




2

12

Шағын топтарда жұмыс істеу стратегияларын анықтау. Шағын топтарда тәжірибе сабақтарының құрылысы.










3

3

13

Келелі-нысаналы және жобалы-нысаналы оқу.




2







2

14

Келелі-нысаналы оқудағы жағдайды сипаттау.










3

3

15

Жобалы нысаналы оқу кезеңдері.










3

3

16

Кері байланыс әдістері.







2




2




17

Бағалау әдістері.

1










1

18

Білімді, дағдыны, қатынасты, құзіретті бағалау және тәжірибеде орындау әдістері.







2




2

19

Баға және кері байланыс.










3

3

20

Негізгі пәндер бойынша тест тапсырмаларын құрастыру.




2







2

21

Бейінді пәндер бойынша тест тапсырмаларын құрастыру.







2




2

22

Оқылатын пәндер бойынша тест тапсырмаларын құрастыу.










3

3

23

Фармацевттердің дипломнан кейінгі және үздіксіз кәсіби дамуын ұйымдастыру принциптері.







2




2

24

Фармацевттердің үздіксіз кәсіби дамуының нәтижесін анықтау.










3

3




25

Ересектерді оқыту ерекшеліктері.

1










1

26

Оқуды ұйымдастырудың андрагогикалық үлгісі.







2




2

27

Өздігінен оқу.










3

3




Барлығы:

5

10

15

30

60

2 кредит



1

Фармациядағы ғылыми зерттеулер.

1










1

2

Патентті ізденіс.




2







2

3

Ғылымилық критерилері – тәжірибеге ғана негізделген тексеру, дәлелдеу, теріске шығару, парадигманың болуы, мамандырылған тілді жасау.







2




2

4

Фармацевтика ғылымының пайда болу тарихы туралы мәселе.










3

3

5

Ғылыми теорияның эволюциялық дамуы. Ғылыми дағдарыс. Ғылыми революция.










3

3




6

Зерттеу тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау.

1










1

7

Ғылыми жұмысты графикалық рәсімдеу (сызба, фотосурет, сурет, схема, диаграмма, кесте). Графикалық материалдарды сипаттау алгоритмі.




2







2

8

Ғылыми зерттеуді көп компонентпен қамтамасыз ету: кадрмен, ақшалай, техникалық, ақпараттық және т.б.







2




2

9

Фармацевтика ғылымының жетістіктерін адамзаттың барлық өткен рухани даму синтезінің түрі ретінде философиялық принциптер тұрғысынан талдау.










3

3




10

Зерттеу әдіснамасы.

1










1

11

Зерттеу жобасының элементтері.




2







2

12

Қазіргі ғылыми ақпарат және оны өзінің кәсіби қызметінде қолдану.







2




2

13

Эксперименттің эмпириялық танымның маңызды әдісі ретінде сипаттамасы. Эксперимент құрылысы және оның элементтері. Теориялық ұғымдар мен эксперимент мәліметтерін түсіндіру ережелері. Экспериментті жүргізу кезеңдері.







2




2

14

Ғылым мен жалған ғылымды айыру мәселесі.










3

3




15

Зерттеу талдауы, қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау.

1










1

16

Мақсаттарды орындау үшін қойылған міндеттерді шешу




2

2




2

17

Қазіргі лабораториялық жабдықтар және оны өзінің кәсіби қызметінде қолдану.







2




2

18

Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу.







2




2

19

Зерттеу талдауы, қорытындылары, тұжырымдары, ұсыныстары және тәжірибе ұсынымдары.







2




2

20

Социологиялық зерттеудің қазіргі әдістері, сауалнама жасау дағдылары және оларды өңдеу.







1




1

21

Ғылыми зерттеулердің этикасы. Эксперименттік әдістің қолдану шекарасы.










3

3

22

Ғылыми жұмысты рецензиялау.










3

3

23

Ғылыми теория ғылыми білімнің негізі ретінде. Ғылыми жорамал, болжамдау, растау, теріске шығару.










3

3




24

Ғылыми зерттеулерді енгізу және нәтижелілігі.

1










1

25

Пилотты зерттеу жобаларын жасау принциптері.




2







2

26

Ғылыми зерттеулердің этикалық негізделуі.










3

3

27

Зерттеу тақырыбы бойынша шолу ретінде мақала (реферат) дайындау.










3

3

28

Өз зерттеулері негізінде мақала дайындау.










3

3




Барлығы:

5

10

15

30

60


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет