Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Фармакогнозия және химия кафедрасы



бет1/2
Дата29.01.2018
өлшемі487,66 Kb.
#36046
  1   2



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Фармакогнозия және химия кафедрасы



044 -52/15-( )

28 беттің -беті



СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ



Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Фармакогнозия және химия кафедрасы

Мамандығы: 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»


Пәні: Химия
Курс: І

СТУДЕНТТІҢ

ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

2014 ж.


Әдістемелік өңдеу құрылымы кафедра мәжілісінде

(хаттама №____ «____» _________________ 2014 ж.) талқыланды.

Кафедра меңгерушісі,

х.ғ.д., проф. _________ Ә.Қ. Патсаев



1 кредит
1 жұмыс

1.Тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары. Эквивалент.
2.Мақсаты: Практикалық есептер шығарғанда химияның негізгі заңдарын пайдалануды үйрену.
3.Тапсырма:

1. Эквивалент, элемент, оксид, қышқыл, негіз және тұз эквиваленттерінің

анықтамасы.

2. Реакциядағы қосылыстардың эквиваленті.Эквивалент факторы.

Эквиваленттік көлем.

3. Эквивалент заңы.

4. Салмағы 1 г. екі валентті металл қалыпты жағдайда көлемі 0,92 л сутекті ығыстырып шығарды. Металлдың эквивалентік массасын тауып, оның қандай металл екенін анықта.

5. Келесі реакциядағы Н3РО4 және АІ(ОН)3 эквиваленттік массасын анықта.

H3PO4 + 2NaOH Na2HPO4 + 2H2O

Al(OH)3 + HCl Al(OH)2Cl + 2H2O


4. Орындау түрі: реферат (қолжазба түрінде 10-беттен кем болмауы керек), презентация.

5. СӨЖ орындау және бағалау критерилері: әдебиетпен және интернетпен жұмыс, тест тапсырмаларын орындау және құрастыру, реферат дайындау, реферат тексті тақырыптың барлық сұрақтарын қамтуы керек.
6. Тапсыру мерзімі: оқу семестрінің 1-2 аптасы.

7.Әдебиет:

1. Патсаев А.К., Мамытова В.К. «Бейорганикалық химия», Шымкент, 2008ж.

2. Патсаев А.К., Мамытова В.К. «Бейорганикалық химия пәнінің

лабораториялық сабақтарына арналған оқу-әдістемелік қолданба» Шымкент, 2002ж.

3. Піралиев С.Ж., Жайлау С.Ж. т.б., «Жалпы химия», Алматы., 2003ж.

4. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. «Жалпы химия» Алматы, 1998ж.

5. Аханбаев К.А. «Химия негіздері». Алматы, 1999ж.

6. Өтелбаев Б.Т. «Химия» Алматы, 1998ж., І –том.

7. Остапкевич Н.А. «Бейорганикалық химия практикумы»Алматы, 1992ж.

8. Дәрістер.



8.Бақылау тесттері:

1. Дұрыс жауабын табыңыз. Фосфордың PCl3 және PCl5

қосылыстарындағы эквиваленті ...

А) бірдей. В) әртүрлі.

2. ... екінегізді эквивалентік молярлық массасы 31г/моль тең болған қышқыл.

А) H2SO4 В) H2SO3 С) H2S Д) H2CO3

3. Сутектің қ.ж. эквиваленттік көлемі ... тең.

А) 5,6л В) 11,2л С) 22,4л Д)2,8л Е) 10л

4. 2,45г қышқылды бейтараптау үшін 2,0г натрия гидроксиді жұмсалады. Қышқылдың эквиваленттік массасы ... тең.

А) 36 г/моль В) 4,9 г/моль С) 49 г/моль Д) 98 г/моль



Е) 9,8 г/моль.

5. реакция теңдеуіндегі Н3РО4 эквиваленттік массасы ... тең.

А) 98 г/моль В) 49 г/моль С) 32,7 г/моль Д) 9,8 г/моль

Е) 4,9 г/моль

2 жұмыс



1.Тақырыбы: Химиялық үдерістердің термодинамикасы
2.Мақсаты: Негізгі термодинамикалық түсініктер мен шамаларды білу арқылы өздігінен өтетін процесстің бағытын болжай білуі тиіс.
3.Тапсырма:

1. Негізгі түсініктер: химиялық термодинамика, ашық жабық оқшауланған жүйелер.

2. Термодинамиканың I-ші заңы. Ішкі энергия, энтальпия.

3. Термодинамикалық ІІ-ші заңы. Энтропия, Гиббс энергиясы.

4. Гесс заңы және оның салдары. Термохимиялық есептеулер.

5. Ферментативтік катализ.



4. Орындау түрі: реферат (қолжазба түрінде 10-беттен кем болмауы керек), презентация.

5. СӨЖ орындау және бағалау критерилері: әдебиетпен және интернетпен жұмыс, тест тапсырмаларын орындау және құрастыру, реферат дайындау, реферат тексті тақырыптың барлық сұрақтарын қамтуы керек.
6. Тапсыру мерзімі: оқу семестрінің 1-2 аптасы.
7.Әдебиет:

1. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Дауренбеков Қ.Н. Бейорганикалық және физколлоидтық химия- Шымкент, 2004, 187-239 беттер.

2. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тәжірибелік – зертханалық сабақтарына қолданба – Шымкент, 2006, 155-195 беттер.

3. Өтелбаев Б.Т. Химия. 1-бөлім- Шымкент 1998, 33-50 беттер.

4. Пірәлиев С.Ж. Жалпы химия. 1-том, Алматы 2003, 178-193 беттер.

5. Патсаев Ә.Қ., т.б. Бейорганикалық және физколлоидтық химия тесттері – Шымкент, 2004, 139-172 беттер.


8.Бақылау тесттері:

1. Жай заттардың стандартты түзілу энтальпиялары ... тең.

А) ΔH=ΔU Б) ΔH=H2+H1 В) ΔH=0 Г) ΔH=H+pV

2. Егер жүйенің ішкі энергиясы төмендесе, онда реакция ... жүреді.

А) энергия бөлеу Б) энергия сіңіре

В) энергия өзгерісіз Г) жылдамдығы өсумен

3. Гиббс энергиясының төмендеуі арқылы ... сипаттауға болады.

А) реакцияның жылу эффектісін

Б) реакцияның өздігінен жүруін

В) химиялық тепе-теңдіктің ығысуын

Г) жүйенің істеген жұмысын

4. Процесс тепе-теңдік жағдайда тұрады егер ... болса.

А) ΔG0>0 Б) ΔG0=0 В) ΔG0<0 Г) ΔG=ΔH-TΔS

5. ... жүйенің ретсіздік өлшемін сипаттайды.

А) Энтальпия Б) Энтропия В) Гиббс энергиясы Г) Ішкі энергия

6. ... заң бойынша реакцияның энтальпиясын анықтауға болады.

А) Әрекеттесуші массалар Б) Гесс заңы

В) Вант-Гофф Г) Генри


3 жұмыс

1.Тақырыбы: Протолиттік теорияның негізгі қағидалары. Электролиттердің сулы ерітінділерінің тепе-теңдігі.
2.Мақсаты: Электролиттік диссоциацияның негізгі теориясын білу керек.

3.Тапсырма:

1. Электролиттердің жіктелуі.

2. Диссоциациялану дәрежесі және тұрақтысы.

3. Оствальдтың сұйылту заңы-математикалық өрнегі.

4. Ерітінділердің иондық күші.

5. Адам ағзасындағы электролиттер.


4. Орындау түрі: реферат (қолжазба түрінде 10-беттен кем болмауы керек), презентация.

5. СӨЖ орындау және бағалау критерилері: әдебиетпен және интернетпен жұмыс, тест тапсырмаларын орындау және құрастыру, реферат дайындау, реферат тексті тақырыптың барлық сұрақтарын қамтуы керек.
6. Тапсыру мерзімі: оқу семестрінің 3-4 аптасы.
7.Әдебиет:

1. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Дауренбеков Қ.Н. Бейорганикалық және физколлоидтық химия- Шымкент, 2004ж.

2. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тәжірибелік – зертханалық сабақтарына қолданба – Шымкент, 2006ж.

3. Патсаев А.К., Мамытова В.К. «Бейорганикалық химия», Шымкент, 2008ж.

4. Өтелбаев Б.Т. Химия. 2-бөлім- Шымкент 1998ж.

5. Пірәлиев С.Ж. Жалпы химия. 1-том, Алматы 2003ж.

6. Патсаев А.К., Шыназбекова Ш.С., Мамытова В.К. және т.б. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тесттері. Оқу-әдістемелік қолданба. Шымкент, 2010ж.
8. Бақылау тесттері:

1.Оствальдтың сұйылту заңының математикалық өрнегі:

А. K= 2*C/1 - 

В. K=  * C

С. K=  * C/1 – C

Д. K=  * C

Е. K=  * C

2. Оствальдтың сұйылту заңы ... ерітінділері үшін пайдаланылады.

А. әлсіз электролиттердің сұйылтылған

В. барлық электролиттер

С. электролиттердің сұйытылған

Д. электролиттердің концентрленген

Е. электролиттердің қаныққан

3. Сутектік көрсеткіштің формуласы:

А. рН=-lg[H+] Б. рОН=-lg [ОH-] В. рОН=-lgСқышқыл Г. рОН=-1/lg[H+]

4. НNO2 диссоциация тұрақтысы ... түрге ие.

[H+] [NO2-]

А. K= С. K=

[NO2-] [H+]

[H+][NO2-] [NO2]

В. K= Д. K=

[HNO2] [H+][NO2-]

5. Әлсіз электролит:

А. H3PO4 В. NaCI С. KCI Д. H2SO4

6. Күшті электролит:

А. NH4OH В. Mg(OH)2 С. Be(OH)2 Д. KOH

7. C3H7COOH май қышқылының диссоциациялану тұрақтысы 1,5·10-5 тең.

0,005 м ертіндіде оның диссоциациялану дәрежесі ... тең.

А) 5,5*10-4 В) 5,5*10-2 С) 5,5*10-1 Д) 0,5 Е) 1,2

4 жұмыс

1.Тақырыбы: Биологиялық ерітінділерге сандық сипаттама.

2.Мақсаты: Студент биологиялық ерітінділер теорияларының негізгі қағидаларын білуі тиіс.
3.Тапсырма:
1. Биологиялық ерітінділер. Биологиялық ерітінділердің түрлері және

олардың қасиеттері.

2. Биологиялық ерітінділердің қышқылдығын анықтау.

3. Әртүрлі концентрацияға арналған есептер.



4. Орындау түрі: реферат (қолжазба түрінде 10-беттен кем болмауы керек), презентация.
5. СӨЖ орындау және бағалау критерилері:

1. Рефераттың көлемі 5-8 беттен кем емес.

2. Реферат барлық негізгі бөлімдерді: кіріспе, мақсаты, өзектілігі,

қорытынды, ұсыныс қамтылған.

3. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет.

4. Интернетті пайдалану.

5. Барлық сұрақтар мен есептердің жауаптары берілуі тиіс.

6. Тақырыпқа сай кем дегенде 5-6 слайдтар болуы тиіс.


6. Тапсыру мерзімі: оқу семестрінің 3-4 аптасы.
7.Әдебиет:

1. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Дауренбеков Қ.Н. Бейорганикалық және физколлоидтық химия. 2004ж Шымкент

2. Глинка Н.Л. Общая химия, М. 1990

3. Глинка Н.Л. Сборник задач и упражнений по общей химии Л. 1986

4. Патсаев А.К., Шыназбекова Ш.С., Мамытова В.К. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тесттері. Оқу-әдістемелік қолданба. Шымкент, 2010ж.

8. Бақылау сұрақтары:

1. Ерітінді, еріткіш, еріген зат түсініктерінесипаттама беріңіз.

2. Заттың ерігіштігі қандай факторларға тәуелді?

3. Концентрация нені көрсетеді?

4. Сұйытылған және концентрленген, қаныққан және қанықпаған ерітінділердің айырмасы неде?

5. Ерітінділердің биологиялық маңызы?


5 жұмыс



1.Тақырыбы: Сулы ерітінділердің активті реакциясы. Буферлі жүйелер. Буферлі ерітінділерінің рН анықтау.

2.Мақсаты: Студент буферлі ерітінділердің биологиялық маңызын, олардың ағзадағы қышқылды-негіздік тепе-теңдігін сақтаудағы қызметін білу қажет.
3.Тапсырма:

1. Ағзаның қышқылдық-негіздік тепе-теңдігі.

2. Буферлі жүйелер, олардың жіктелуі.

3.Буферлік жүйелердің ағзаның қышқылдық-негіздік тепе-теңдігін сақтаудағы қызметі.

4. Буферлі жүйенің әсер ету механизмі
4. Орындау түрі: реферат (қолжазба түрінде 10-беттен кем болмауы керек), презентация.

5. СӨЖ орындау және бағалау критерилері: әдебиетпен және интернетпен жұмыс, тест тапсырмаларын орындау және құрастыру, реферат дайындау, реферат тексті тақырыптың барлық сұрақтарын қамтуы керек.
6. Тапсыру мерзімі: оқу семестрінің 5-6 аптасы.
7.Әдебиет:

1. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Дауренбеков Қ. Н. Бейорганикалық және физколлоидтық химия. Шымкент, 2004ж

2. Глинка Н.Л. Общая химия, М. 1990г.

3. Глинка Н.Л. Сборник задач и упражнений по общей химии Л. 1986г.

4. Патсаев А.К., Шыназбекова Ш.С., Мамытова В.К. және т.б. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тесттері. Оқу-әдістемелік қолданба. Шымкент, 2010ж.

8. Бақылау тесттері:


  1. Буферлі жүйенің рН-ы ... тәуелді.

А. температураға

В. буферлі әсер ету аймағына

С. қысымға

Д. компоненттердің концентрацияларының қатынасына

2. Буферлі әсері жоқ қоспа:

А. СН3СООН және NH4OH

В. NaHCO3 және Н2СО3

С. СН3СООН және СН3СООNa

Д. Na2СО3 және NaНСО3

3. Бикорбанатты буфер:

А. NH4HCO3 және NH4ОН

В. СН3СООН және NH4OH

С. Na2СО3 және NaНСО3

Д. Na2СО3 және К2СО3

4. Буферлі сыйымдылықтың өлшемі:

А. моль-экв/л В. г/л С. моль/м3 Д. мг/л

5. Жүйенің рН ... өзгергенде буфер сыйымдылық қанығады.

А. ±2 В. ±1 С. ±3 Д. ±4

6. Егер компоненттер қатынасы ... тең болса, онда ацетатты буферлік

жүйенің рН 4,75-ке тең болады.

А. 2:1 В. 3:1 С. 1:2 Д. 2:2

7. Егер компоненттер қатынасы ... тең болса, онда буферлік жүйенің

рН-ы әлсіз қышқылдың рК-на тең болады.

А. 1:2 В. 2:2 С. 1:3 Д. 2:1

8. Егер аммиакты буфердің рК=4,75 тең болса, онда буферлік әсер ету

аймағы ... тең болады.

А. 3,75-5,75 В. 10,25-8,25 С. 2,75-6,75 Д. 2,85-3,75

9. Сірке қышқылының концентрациясы 0,1моль/л және натрий

ацетатының концентрациясы 0,01моль/л болғанда ацетатты буферлік

жүйенің рН-ы ... тең.

А. 6,75 В. 2,75 С. 5,75 Д. 3,75

10.Аммиакты буферлі жүйені сумен 50 есе сұйылтса, оның рН-ы ...

А. 50 есе өседі.

В. өзгермейді.

С. 5 есе өседі.

Д. 7-ге тең болады.

6 жұмыс

1.Тақырыбы: Қышқылдар мен негіздер теориялары. Протолиттік тепе-теңдік. Қанның буферлік жүйелері.

2.Мақсаты: Студент қышқылдар мен негіздер теориясын, химиялық тепе-теңдіктін негізгі түрлері мен тірі ағзадағы процесстерді білуі керек.
3.Тапсырма:

1. Аррениус, Бренстед-Лоури бойынша қышқылдар мен негіздер теориялары.

2. Ағзаның қышқылдық-негіздік тепе-теңдігі.

3. Буферлік жүйелер, олардың жіктелуі.

4. Түсініктер: буферлі жүйелердің рН-ы, буферлік әсер аймағы, буферлік сыйымдылық.

5. Буферлік жүйелердің ағзаның қышқылдық-негіздік тепе-теңдігін сақтаудағы маңызы.


4. Орындау түрі: Реферат, презентация.

5. СӨЖ орындау және бағалау критерилері:

1. Рефераттың көлемі 5-8 беттен кем емес.

2. Реферат барлық негізгі бөлімдерді: кіріспе, мақсаты, өзектілігі,

қорытынды, ұсыныс қамтылған.

3. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет.

4. Интернетті пайдалану.

5. Барлық сұрақтар мен есептердің жауаптары берілуі тиіс.

6.Тақырыпқа сай кем дегенде 5 -6 слайдтар болуы тиіс.


6. Тапсыру мерзімі: оқу семестрінің 5-6 аптасы.
7.Әдебиет:

1. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Дауренбеков Қ. Н. Бейорганикалық және физколлоидтық химия 2004ж Шымкент

2. Глинка Н.Л. Общая химия, М. 1990

3. Глинка Н.Л. Сборник задач и упражнений по общей химии Л. 1986

4. Патсаев А.К., Шыназбекова Ш.С., Мамытова В.К. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тесттері. Оқу-әдістемелік қолданба. Шымкент, 2010ж.
8.Бақылау сұрақтары:

1. Аррениус және Бренстед-Лоури теориясы бойынша қышқылдар мен негіздерге анықтама беріңіз.

2. Ағзаның қышқылдық-негіздік тепе-теңдігі деген не?

3. Буферлі жүйе деген не?

4. Буферлі әсер аймағы, буферлі сыймдылық түсініктеріне анықтама беріңіз.

5. Буферлі жүйелердің рН-ы қандай факторларға тәуелді?

6. Буферлі жүйелердің әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

7. Тірі ағзада буферлі жүйелердің қандай түрлері болады?

7 жұмыс

1.Тақырыбы:Осмостық және онкотикалық қысым. Изотондық коэффициент. Гипо-, гипер- және изотонды ерітінділер

2.Мақсаты: Студент осмос, онкотикалық қысымның пайда болуын және осмос қысымының түрлі биологиялық үдерістердегі биологиялық маңызын білуі тиіс.
3.Тапсырма:

1. Ерітінділер туралы ілім.

2. Электролит және бейэлектролит ерітінділері.

3. Ерітінділердің коллигативті қасиеттері.

4. Осмос құбылысы. Вант-Гофф теңдеуі.

5. Онкотикалық қысым.

6. Гипо-, гипер- және изотонды ерітінділер.

7. Осмостың тірі ағзаның сулы-электролитті тепе-теңдігін сақтаудағы биологиялық маңызы.


4. Орындау түрі: Реферат, глоссарий, тест құрастыру, презентация.
5. СӨЖ орындау және бағалау критерилері:

1. Рефераттың көлемі 5-8 беттен кем емес.

2. Реферат барлық негізгі бөлімдерді: кіріспе, мақсаты, өзектілігі,

қорытынды, ұсыныс қамтылған.

3. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет.

4. Интернетті пайдалану.

5. Барлық сұрақтар мен есептердің жауаптары берілуі тиіс.

6.Тақырыпқа сай кем дегенде 5 -6 слайдтар болуы тиіс.


6. Тапсыру мерзімі: оқу семестрінің 5-6 аптасы.
7.Әдебиет:

1. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Дауренбеков Қ. Н. Бейорганикалық және физколлоидтық химия 2004ж Шымкент

2. Глинка Н.Л. Общая химия, М. 1990

3. Глинка Н.Л. Сборник задач и упражнений по общей химии Л. 1986

4. Патсаев А.К., Шыназбекова Ш.С., Мамытова В.К. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тесттері. Оқу-әдістемелік қолданба. Шымкент, 2010ж.
8.Бақылау сұрақтары:

1. Осмос құбылысының физикалық маңызын түсіндіріңіз.

2. Жалпы қысымның аз ғана бөлігін қамтитын онкотикалық қысымға қандай заттардың үлесі сәйкес келеді?

3. Ерітінділердің осмос қысымы қандай заңмен сипатталады?

4. Гипо-, гипер- изотонды ерітінділер деген не?

5. Гемолиз және плазмолиз құбылысының мәні неде?

6. Тірі ағзадағы сулы-электролитті баланс қалай анықталады?

8 жұмыс



1. Тақырыбы: s-, p-, d - элементтердің медициналық-биологиялық маңызы. Олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы.

2. Мақсаты: Студент s-, p-, d - элементтердің медициналық-биологиялық маңызын білуі керек.

3.Тапсырма:

1. Макро-, микро- және ультрамикроэлементтер.

2. s-элементтердің және олардың қосылыстарының жалпы сипаттамасы.

3. р-элементтердің және олардың қосылыстарының жалпы сипаттамасы

4. d-элементтердің және олардың қосылыстарының жалпы сипаттамасы.

5. s-, p-, d - элементтердің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуы.



4. Орындау түрі: Реферат, пікір, глоссарий, тест тапсырмаларын дайындау.
5. СӨЖ орындау және бағалау критерилері:

1. Рефераттың көлемі 5-8 беттен кем емес.

2. Реферат барлық негізгі бөлімдерді: кіріспе, мақсаты, өзектілігі,

қорытынды, ұсыныс қамтылған.

3. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет.

4. Интернетті пайдалану.

5. Барлық сұрақтар мен есептердің жауаптары берілуі тиіс.
6. Тапсыру мерзімі: оқу семестрінің 7-8 аптасы.
7.Әдебиет:

1. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Дауренбеков Қ. Н. Бейорганикалық және физколлоидтық химия 2004ж Шымкент

2. Глинка Н.Л. Общая химия, М. 1990

3. Глинка Н.Л. Сборник задач и упражнений по общей химии Л. 1986

4. Патсаев А.К., Шыназбекова Ш.С., Мамытова В.К. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тесттері. Оқу-әдістемелік қолданба. Шымкент, 2010ж.
8. Бақылау сұрақтары:

1. Биогенді элементтер деген не?

2. Макро- және микроэлементтер деген не?

3. s-, p-, d - элементтеріне және олардың қосылыстарына жалпы сипаттама беріңіз.

4. s-, p-, d - элементтердің биологиялық маңызын және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуын түсіндіріңіз.

5. Метал иондары тірі ағзада қандай маңызды биологиялық роль атқарады?

9 жұмыс

1.Тақырыбы: Дисперсті жүйелердің электрокинетикалық қасиеттері. Электрофорез. Электроосмос. Медицинадағы электрофоре-тикалық зерттеу әдістері.

2.Мақсаты: Студент дисперсті жүйелердің электрокинетикалық қасиеттерін білуі, электрофоретикалық зерттеу әдістерін медицинада ауруды анықтау және бақылауға қолдана білуі тиіс.
3.Тапсырма:

1. Дисперсті жүйелердің жіктелуі.

2. Дисперсті жүйелердің электрокинетикалық қасиеттері.

3. Электрокинетикалық потенциалдың пайда болуы. Потенциал шамасын қалай анықтайды.

4. Электрофорез. Электроосмос.

5. Медицинадағы электрофоретикалық зерттеу әдістері.



4. Орындау түрі: Реферат, глоссарий, презентация.
5. СӨЖ орындау және бағалау критерилері:

1. Рефераттың көлемі 5-8 беттен кем емес.

2. Реферат барлық негізгі бөлімдерді: кіріспе, мақсаты, өзектілігі,

қорытынды, ұсыныс қамтылған.

3. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет.

4. Интернетті пайдалану.

5. Барлық сұрақтар мен есептердің жауаптары берілуі тиіс.

6.Тақырыпқа сай кем дегенде 5 -6 слайдтар болуы тиіс.


6. Тапсыру мерзімі: оқу семестрінің 7-8 аптасы.
7.Әдебиет:

1. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Дауренбеков Қ. Н. Бейорганикалық және физколлоидтық химия 2004ж Шымкент

2. Глинка Н.Л. Общая химия, М. 1990

3. Глинка Н.Л. Сборник задач и упражнений по общей химии Л. 1986

4. Патсаев А.К., Шыназбекова Ш.С., Мамытова В.К. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тесттері. Оқу-әдістемелік қолданба. Шымкент, 2010ж.
8. Бақылау сұрақтары:

1. ТІрі ағза үшін коллоидты жүйелердің маңызы қандай?

2. Дисперсті жүйе неден тұрады?

3. Дисперсті жүйелер қалай жіктеледі?

4. Электрокинетикалық құбылыстарды атаңыз?

5. Электрофорез құбылысының мәні неде?

6. Электрофорез және электроосмос әдістері медицинада не үшін қолданылады ?

7. Электрокинетикалық потенциал қалай пайда болады ?

Оның шамасын қалай анықтауға болады ?
10 жұмыс

1.Тақырыбы: Аралық бақылау. Коллоквиум №1.
2.Мақсаты: Студент 1-9 тақырыптарының негізгі сұрақтарын және типтік есептерді шығара білуі қажет.
3. Тапсырма:

1. Ерітінді концентрациясын белгілеу әдістері. Есептеу формулалары мен анықтамасын беріңіз.

2. Бренстед пен Лоуридің протолиттік теориясына анықтама беріңіз.

3. Диссоциация және диссоциация дәрежесі түсінігіне анықтама беріңіз.

4. Сутектік көрсеткіш дегеніміз не ?

5. Буферлік жүйелердің әсер ету механизмі.

6. Буферлік әсер ету аймағы, оны есептеу.

7. Жүйенің буферлі сыйымдылығы, оның концентрацияға тәуелділігі.

8. Адам ағзасы үшін осмостың маңызы.

9. Плазмолиз, гемолиз, тургор деген не?

10. Ағзадағы биогенді s, p, d – элементтерінің таралуы.

11. Атом, элемент, квант саны, реттік номер, топ түсініктеріне сипаттама беріңіз.

12. Биогенді элементтердің жіктелуі.

13. Биохимиялық процестерде биогенді элементтердің рөлі қандай?


4. Орындау түрі: компьютерлік тесттілеу, ауызша сұрау.
5. СӨЖ орындау және бағалау критерилері: әдебиетпен және интернетпен жұмыс, тест тапсырмаларын орындау.
6. Тапсыру мерзімі: оқу семестрінің 8 аптасы.
7.Әдебиет:

1. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Дауренбеков Қ. Н. Бейорганикалық және физколлоидтық химия Шымкент, 2004ж

2. Патсаев Ә.Қ., Шанызбекова Ш.С. Аналитикалық химия. Шымкент, 2007ж.

3. Глинка Н.Л. Общая химия, М. 1990г.

4. Глинка Н.Л. Сборник задач и упражнений по общей химии Л. 1986г

5. Патсаев А.К., Шыназбекова Ш.С., Мамытова В.К. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тесттері. Оқу-әдістемелік қолданба. Шымкент, 2010ж.


8. Бақылау тесттері: аралық бақылаудың 300 тест тапсырмалары.

ІІ-кредит

1 жұмыс



1.Тақырыбы: Кешенді қосылыстар. Кешенді қосылыстардың биологиялық рөлі. Биокомплекстер.
2.Мақсаты: Студент кешенді қосылыстардың құрылысын және қасиеттерін, олардың алынуымен медицинадағы маңызын білуі қажет.
3.Тапсырма:
1. Кешенді қосылыстар, оларды алу.

2. Кешенді қосылыстардың құрылысы, номенклатурасы.

3. Кешенді қосылыстардағы химиялық байланыстың табиғаты.

4. Кешенді қосылыстардың диссоциациясы мен тұрақсыздық константасы.

5. Хелатты комплекстердің түзүлуі. Хелатотерапия.
4. Орындау түрі: реферат (қолжазба түрінде 10-беттен кем болмауы керек), презентация.

5. СӨЖ орындау және бағалау критерилері: әдебиетпен және интернетпен жұмыс, тест тапсырмаларын орындау және құрастыру, реферат дайындау, реферат тексті тақырыптың барлық сұрақтарын қамтуы керек.
6. Тапсыру мерзімі: оқу семестрінің 9-10 аптасы.
7.Әдебиет:

1. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Дауренбеков Қ.Н. Бейорганикалық және физколлоидтық химия- Шымкент, 2004ж.

2. Патсаев А.К., Мамытова В.К. «Бейорганикалық химия», Шымкент, 2008ж.

3. Өтелбаев Б.Т. Химия. 1-бөлім- Шымкент 1998ж.

4. Пірәлиев С.Ж. Жалпы химия. 1-том, Алматы 2003ж.

5. Патсаев А.К., Шыназбекова Ш.С., Мамытова В.К. Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тесттері. Оқу-әдістемелік қолданба. Шымкент, 2010ж.


8. Бақылау тесттері:

1. Бидентатты кешенді қосылыс:

А. K3[AI(C2O4)3] C. [Cd(NH3)4] (NO3)2

B. [Ag(NH3)2]CI Ä. Na3[BiCI6]

2. Монодентатты кешенді қосылыс:

А. K[Cr(SO4)2] C. (NH4)2 [Fe(SO4)2]

B. K3[Fe(CN)6] Д. [Cr(NH3)4 C2O4]CI

3. Полидентантты кешенді қосылыс:

А. Na2[Fe(SO4)2] C. [Zn(NH3)4]SO4

B. K3[Bi(CNS)6] Д. Na3[AIF6]

4. К2[Zn(OH)4] қосылысындағы кешен түзушінің тотығу дәрежесі ... тең.


  1. –2 C. +4

  2. +2 Д.+1

5. [Cr(NH3)3H2OCI2]CI қосылысында кешенді ионның заряды ... тең.

  1. +1 C. +2

  2. +3 Д. +6

6. Кешен түзуші мен лиганданың арасында ... байланыс.

А. иондық С. сутекті

В. ковалентті Д. донорлы-акцепторлы

7. Ең тұрақты кешенді қосылыс:

А. K2[PbI4] Kт.=1,2×10-4 C. K2[HgI4] Kт=1,4×10-30

В. K3(AgI4) Kт.=1×10-13 Д. K3[BiI6] Kт.=7,6×10-20


8. К4[Fe(CN)6] кешенді қосылыстың тұрақсыздық константасы:

[Fe2+]×[CN-]6 [K+]4×[CN]-6

А. Kт= C. Kт=

[[Fe(CN)6]-4] [[Fe(CN)6]-4]


[K+]4×[Fe2+] [Fe(CN)6]

B. Kт= Д. Kт=

[CN6-] [[Fe2+] (CN)-]6]

9. Cd(NH3)4 (H2O)2]CI2 қосылысындағы координациялық сан ... тең.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет