Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы фгз және химия кафедрасы Мамандығы: 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»



бет5/30
Дата07.02.2022
өлшемі260 Kb.
#84510
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
метод-ЛПЗ-химия-МПД-каз

Химиялық ыдыстар, қондырғылар
Химиялық зертханада жұмыс істеу кезінде әртүрлі ыдыстар мен құралдар қолданылады. Пайдаланылатын ыдыстар негізінен шыныдан не металдан, фарфордан және пластмассалардан жасалады.
Ерітінділердің кішкене көлемімен /жартылай микрометрлік анализ/ жұмыс жасау кезінде пішіндері әртүрлі /конус не цилиндр/ пробиркалар қолданылады. Олар арнайы ағаштан, пласмассадан не металдан дайындалған штативтерге бекітіледі. Пробирканы қыздыру үшін арнайы қысқыштар пайдаланылады.
Ерітінділерді дайындау, сұйылту және титрлеу кезінде химиялық стакандар мен пішіні және сыйымдылығы әртүрлі колбалар қолданылады. Колбалар шартабанды және конус тәріздес болады. Ерітінділерді құю және сүзгілеу үшін шұңғымалар қажет. Қатты және сусымалы заттардың аз мөлшерімен жұмыс жасауда сағат шынысы не тереңдетілген фарфор табақшалары керек.
Ерітінділерді араластыру үшін шыны таяқшалар мен түтікшелер қажет. Көлемді өлшеу үшін, ерітінділердің белгілі көлемін алу үшін, түрлі өлшеуіш цилиндр, мензурка қажет. Ерітінділердің дәл көлемін өлшеу үшін пішіні мен сыйымдылығы әртүрлі пипеткалар пайдаланылады.
Ерітінділердің көлемін өлшеу үшін жоғары жағынан белгіленген бюреткалар қажет. Концентрациясы дәл ерітінділерді дайындау үшін сыйымдылығы әр түрлі өлшеуіш колбалар бар. Оларды ерітінді ыдыстың мойынындағы белгіге дейін толтырылады. Көлемі жуық шамамен белгілі ерітінділерді алу үшін өлшеуіш цилиндр, мензурка, стакандар пайдаланылады.
Қатты және сусымалы заттарды құрғату үшін және оларды ылғалдан сақтау үшін эксикаторлар қолданылады.
Қыздыру және сусыздандыру үшін әртүрлі фарфор стакандар мен табақшалар қажет. Қатты заттармен жұмыс істеуде пинцеттер қолданылады.
Қатты және сусымалы заттарды өлшеу әртүрлі таразылар көмегімен жүргізіледі: техникалық, аналитикалық т.б.


6.Әдебиет:

  1. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Дауренбеков Қ. Н. Бейорганикалық және физколлоидтық химия. Шымкент 2004ж.

  2. Патсаев А.К., Мамытова В.К. Бейорганикалық химия. Оқу құралы.

Шымкент, 2008ж.

  1. Глинка Н.Л. Общая химия, М. 1990г.

4. Глинка Н.Л. Сборник задач и упражнений по общей химии Л. 1986г.

5. Патсаев А.К., Шыназбекова Ш.С., Мамытова В.К. және т.б.


Бейорганикалық және физколлоидтық химияның тесттері. Оқу-
әдістемелік қолданба. Шымкент, 2010ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет