ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсымен мамандығы : 051101 «Мейірбике ісі»



бет20/55
Дата09.10.2023
өлшемі145,08 Kb.
#184318
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55
Байланысты:
метод-ПЗ-СД-хир-и-реаним-каз

Ситуациялық сауалдар:
1. Терапевттік стационарда 12 жатын орындық реанимация және интенсивті тарапия бөлімін ашу жоспарлануда.
Қанша дәрігер және мейірбикелік пост қажет?
2. 40-литрлік баллонда 150 атм. оттегі бар. О2 газының 2 л/мин жылдамдықта берілген кезде қанша уақытқа жететінін есептеңіз?

2 сабақ
1. Тақырыбы: Терминалды жағдай. Агонияалды, агония, клиникалық өлім. Жүрек – өкпелік реанимация. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру.
2. Мақсаты: Студенттерге «реанимация» және «терминальді» жағдай туралы ұғымды түсіндіру, терминальды жағдайда реанимациялық шаралардың кешенін ұғыну. Шұғыл және жедел медицинада мейірбикелік үрдістің ұйымдастырылуын ұғыну. Жүрек-өкпелік реанимация шараларын жасау дағдыыларын және реанимациялық шаралардың тиімділік критерийлерін ұғынып, нықтау.
3. Окыту максаты:
Студент білуі қажет:

  • терминальді жағдай кезіндегі мейірбикелік үрдістің ұйымдастыру ерекшеліктерін;

  • терминальды жағдай түрлерін

  • реанимация сауалдарын;

  • клиникалық өлім белгілерін;

  • биологиялық өлім белгілерін;

  • тынысалу жолдары бітелуінің себептерін және белгілері;

  • реанимациялық шараларын жасаудағы тиімділік критерийін;

Студент істей білуі тиіс:

  • терминальды жағдайларда мейірбикелік үрдісті жоспарлап және ұйымдастыруды;

  • жүрек тоқтауын анықтауды, тынысалу жолдары бітелу белгілерін анықтауды;

  • өкпенің жасанды вентиляциясын «ауыздан ауызға» және «ауыздан мұрынға» әдістерін жасауды;

  • жүрекке тікелей емес массаж жасауды;

  • құжаттарды сәйкес тәртіппен толтыруды;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Терминальді жағдай кезіндегі мейірбикелік үрдістің ұйымдастыру

  • Терминальды жағдайдағы науқастың жағдайын бағалау;

  • Агония алды жағдай немен білінеді?

  • Терминальді пауза дегеніміз не?

  • Агонияға тән клиникалық қандай белгілермен сипатталады?

  • Агония кезеңінің ұзақтығы?

  • Түрлі әдістерді қолданып тынысалу жолдарының өтімділігін қалыптастыру

  • Өкпенің жасанды вентиляциясын өткізу техникасы

  • Жүрекке тікелей емес массаж жасау техникасы

  • Реанимациялық шаралар жасаудағы тиімділік критерийлері

  • Жүрек жұмысының тоқтауы салдарынан клиникалық өлім белгілері

  • Биологиялық өлім белгілері

  • Реанимациялық шаралардың тоқтату критерийі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет