Ситуациялық сауалдар: Науқас ауруының 2–ші тәулікке қараған күні жедел ішек өтімсіздігі деген диагнозбен хирургия бөліміне келіп түсті. Шағымы: ішінің бүріп ауыруы, газ және нәжістің бөлінбеуі, жүрегінің айнуы мен құсу, жалпы әлсіздік және жүрек соққысын сезінуі.
Операция алдындағы кезеңнің дайындығын және ұзақтығын анықтаңыз? Операцияны кейінге шегерген қандай жағдайға әкеліп соқтырады?
2. Проктология бөліміндегі науқастың түскен кездегі шағымы: іштің төменгі бөлігінде және құйымшақта ауырсыну сезімі, тенезм, іштің қатуы өтуімен, байқалады. Мейірбике науқас нәжісін қарау кезінде кілегей, ірің және қанның белгілерін анықтады. Науқас анамнезінен 3 ай бойы ауырғандығы және 7кг салмақ тастағаны анықталды. Фиброколоноскопия кезінде ІІІ – ІV дәрежелі тік ішек рагы айқындалды. Науқасқа паллиативті операция ұсынылды.
Тапсырма:
Паллиативті операцияға анықтама беріңіз?
Науқаста қандай қажеттілігі бұзылған және оны атаңыз?
Науқастың мәселелерін оның ішінде бастысын анықтаңыз?
Аталған жағдайда мейірбикелік процестің жоспарын және мақсатын құраңыз?
3. «Жедел аппендицит» диагнозы мен науқас хирургия бөліміне түсті. Хирург дәрігер қарап науқасты шұғыл түрде операцияға дайындауды тапсырды. Мейірбике науқаспен сұхбаттасу кезінде ол қозулы, операциядан қорқатынын және оған келісімін бермейтінін анықтады.
Тапсырма:
Науқаста қандай қажеттілігі бұзылған және оны атаңыз?
Науқастың мәселелерін оның ішінде басты мәселелерін анықтаңыз?
Аталған жағдайда мейірбикелік процестің жоспарын және мақсатын құраңыз?
Операцияға науқасты дайындау этаптарын атаңыз?
5 сабақ 1. Тақырыбы: ХИРУРГИЯЛЫҚ ИНФЕКЦИЯ. ТЕРІ, ТЕРІ АСТЫ ТІНІ, СҮЙЕК ЖӘНЕ БУЫН АУРУЛАРЫ. ЖАЛПЫ ІРІҢДІ ИНФЕКЦИЯ. МЕЙІРБИКЕЛІК ПРОЦЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
2. Мақсаты: жіті және созылмалы хирургиялық инфекция кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және оның іс-жүзіне асырылуы бойынша білімін нықтау. Студенттерді Қазақстан Реступбликасындағы емдеу-алдын алу мекемелеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпті қамтамасыз ететін негізгі құрылымдық-әдістемелік құжаттармен таныстыру.