3. Оқыту мақсаты:
Студент білуі қажет:
Ішперде қуысы ағзаларының жіті хирургиялық аурулары бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктерін;
Симптомдардың жиынтығын құрайтын «іш теспесі» синдромы туралы түсінігін;
Ішперде қуысы ағзаларының негізгі жіті хирургиялық ауруларын;
Ішперде қуысы ауруларының пайда болу себептерін;
Негізгі клиникалық симптомдарын;
Клиникалық және инструментальді зерттеу әдістерін;
Емдеудің негізгі принциптерін;
Асқынулары, олардың алдын – алу шараларын;
Реабилитация принциптерін;
Студент істей білуі тиіс:
Ішперде қуысы ағзаларының жіті хирургиялық аурулары бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастыруды;
Ажыратпалы диагностикалауды жүргізуді;
Ауруханаға дейінгі этапта тактика әдісін игеруді;
Операция алдындағы дайындық тактикасын игеруді;
Операциядан кейін науқас жағдайын бақылауды;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Ішперде қуысы ағзаларының жіті хирургиялық аурулары бар науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері;
Ішперде қуысы ағзаларының негізгі жіті хирургиялық аурулары;
Симптомдардың жиынтығын құрайтын «іш теспесі» синдромы туралы түсінігі;
Ішперде қуысы ауруларының пайда болу себептері;
Негізгі клиникалық симптомдары;
Клиникалық және инструментальді зерттеу әдістері;
Ажыратпалы диагностика (миокард инфаркті, пневмония, спонтанды пневмоторакс, «бүйрек коликасы», капилляротоксикоз);
Емдеудің негізгі принциптері;
Операция алдындағы дайындық ерекшелігі және операциядан кейін науқас жағдайын бағалау;
Асқынулары, олардың алдын – алу шаралары;
Достарыңызбен бөлісу: |