ТАПСЫРМА
1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.
2. Мейірбике іс әрекетінің алгоритмін құраңыз, әр бір этаптың мотивациясыменен.
3. Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу жасау үшін құралдарды жинақтаңыз.
.
ЕСЕП № 4.
Емханадағы хирург дәрігердің қабылдауына әйел адам қаралды, ол 5 минут бұрын стаканға құйылып тұрған уксус эссенциясын кенет білместен ішіп қойған. Науқас қобалжулы, алғашқы көмек көрсетуді сұрануда, мүгедек болып қалудан қорқатынын айтты. Сұраған кезде мейірбике анықтады: науқас өңеш жолы бойымен асқазанға қарай құсуды шақыртатын ауырсыну сезіміне шағымдануда. Қараған кезде мейірбике анықтады: ауыз қуысының кілегей қабаты беткейлі қызарған, кей бір жерлері ақ бөртпемен қапталған, сілекейдің көптеп бөлінуі мазасындандыруда. Пульсі 96 рет минутына, ырғақты, толымдылығы қанағаттанарлық. АҚҚ 130/80 мм. сп. бб. Тыныс алуы мұрын арқылы, бос дем алады, беткейлі минутына 24 рет, дауысы қарлыққан.
ТАПСЫРМА
1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.
2. Мейірбике іс әрекетінің алгоритмін құраңыз, әр бір этаптың мотивациясыменен.
3. Трахеостомия жасау үшін құралдарды жинақтаңыз.
ЕСЕП № 5.
Емхананың хирургиялық бөлмесіне 40 жастағы науқас қаралды, қол саусақтарының ауырсынуына және аяқ – қолдардың ұюына шағымданды. Мейірбике анамнезінен анықтады: науқас екі сағаттың көлемінде қолғапсыз суықта тұрып қалған. Қараған кезде анықталды: қол саусақтарының терісі бозғылт түсті, сезімталдылығы бұзылған. Пульсі 80 соққы минутына, АҚҚ 130/80 мм. сп. бб., ТАЖ 18 рет минутына, температурасы 36,90С.
ТАПСЫРМА
1. Науқастың жағдайын бағалаңыз.
2. Мейірбике іс әрекетінің алгоритмін құраңыз, әр бір этаптың мотивациясыменен.
3. Саусақтарға «қолғап» таңуды жасап көрсетіңіз.
2 сабақ
1. Тақырыбы. Ішперде қуысы ағзаларының жіті хирургиялық аурулары бар ауқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері. «Іш теспесі» синдромы.
2. Мақсаты. Студенттерге «іш теспесі» туралы, аурудың пайда болу себептерін таныстыру. Клиникалық симптомдарын және диагностикалау әдістерін таныстыру. Асқынулары, олардың алдын – алу шараларын түсіндіру. Операция алдындағы дайындық ерекшелігі және операциядан кейін науқас жағдайын бағалауды меңгеру.
Достарыңызбен бөлісу: |