Халық ауыз әдебиетіндегі «Зарзаман» мәдени ағымының өкілдері бұрынғы төл мәдениет үлгілерін дәріптеді. «Зарзаман» идеясы – қазақ мәдениетінің өзінің болашағы туралы қам жеуінің уақыттық таңбалық белгі
Халық ауыз әдебиетіндегі «Зарзаман» мәдени ағымының өкілдері бұрынғы төл мәдениет үлгілерін дәріптеді. «Зарзаман» идеясы – қазақ мәдениетінің өзінің болашағы туралы қам жеуінің уақыттық таңбалық белгісі.
Отарлау саясаты мәдениетке еш жерде қолайлы болған емес.Еуразия даласын жаулап алған славяндық мәдениет осы даланың байырғы тұрғындарын ноқталып қоюға тырысты.Бұрынғы шығыстық мәдени бағдар батыс мәдениетіне ауысты.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің ерекшелігі.
2. Халық ауыз әдебиеті бай мәдени мұра.
3. Халық ауыз әдебиеті жанрындағы батырлар бейнесі мен жерге деген сүйіспеншілік.Шешендік өнер сөз жауһары.Айтыс өнері.
4. Материалдық және рухани мәдениет құндылықтары(қол өнер,тұрғын үй,киімі,қазақ күнтізбесі,халық білімі,Наурыз).
5. Халық ауыз әдебиетіндегі лирикалық поэмалар: «Қозы Көрпеш Баян Сұлу», «Қыз Жібек».
1. Сабақтың тақырыбы: Қазақ мәдениетінің ортағасырлық кезеңі.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Қазақ хандықтарының сыртқы және ішкі қайшылықтар әсерінен мешеу дамуы, жоңғар басқыншыларының ел тыныштығын бұзуы сияқты объективті себептердің ұлттық мәдениетіміздің қалыптасуына кедергі келтіруі туралы;
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің ерекшелігі.
2. Халық ауыз әдебиеті бай мәдени мұра.
3. Халық ауыз әдебиеті жанрындағы батырлар бейнесі мен жерге деген сүйіспеншілік.Шешендік өнер сөз жауһары.Айтыс өнері.
4. Материалдық және рухани мәдениет құндылықтары(қол өнер,тұрғын үй,киімі,қазақ күнтізбесі,халық білімі,Наурыз).
5. Халық ауыз әдебиетіндегі лирикалық поэмалар: «Қозы Көрпеш Баян Сұлу», «Қыз Жібек».
6. Ұлттық аспаптар,күй,ән өнері.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Қазақ мәдениетінің ортағасырлық кезеңі.
Мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Түркі мәдениетіне араб парсы мәдениетінің ықпалы. «Мұсылман Ренессансы» дәуіріндегі жазба мәдениеттің дамуы.
2. Әл Фараби мұралары.Ислам дүниетанымы бағытында жазылған еңбектер.
3. Ортағасырлық кезеңдегі тарихи ескерткіштер.
4. «Қорқыт Ата кітабы» мен «Оғыз Наме» түркілердің ортақ мұрасы.
5. М.Қашқари «Түркі тілдерінің сөздігі»түркі тайпалары туралы зерттеулер.Ж.Баласағұн «Құтты білік»энциклопедиялық еңбек.А.Иассауи «Диуани Хикмет». «Құмандар кітабы».
Ерте орта ғасырда Қазақстан жерін мекендеген халықтар негізінен түркі тілдес халықтар. Түркі тілдес халықтар мен қатар Қазақстан жерінде басқа тілдік топтар да өмір сүрді. Сонымен қатар Қазақстан жерінде Иран (соғды) тілдес, Сирия тілдес, Араб тілдес халықтар өмір сүрді. VI ғасырлардан бастап түркі тілдес тайпалардың өз жазулары болды. Бұл жазу ғалымдардың пікірінше соғды жазуына ұқсас. Көне түрік жазуларының ескерткіштері Моңғолия жерінен табылды.