ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Мәдениеттану»


1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі



бет33/37
Дата17.03.2017
өлшемі2,06 Mb.
#11663
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Үнді мәдениетіндегі діннің алатын орны.Б.з.д. екі мың жылдықтағы Ведалар.Упанишадалар.Брахмандар мен атмандар.
2. Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер:жайнизм,буддизм,даршандар,чарвактар,лакаяттар т.б.
3. Будда діні.Буддизмнің екі ағымы:Хинаяма,Махаяма.Будда мәдениетінің таралу тарихы.Индуизм
3ерттеушiлердiң пiкiрiнше, буддизм осыдан 2500 жыл бұрын пайда болған. Оның негізін Индияның солтүстiгiнде орналасқан шакья тайпасынан шыққан Шакьямуни есімді тұлға қалаған. Ол жер-жерлерді аралап жүрiп, өз ойында пайда болған ұғымдарды адамдарға уағыздаған. Өзiн Будда (атақты бiлгiш) деп таныстырған. Ол жердегі адамзатты, жан-жануарларды азаптан құтқарушы есебінде жіберілген адам екенін түсіндірген.
Шығыс философтарының тұжырымдарына сүйенсек, Будданың анасы, шакья тайпасының патшасының әйелі Майя (Махамайяульи Майя) бiрде түс көрген. Түсiнде оның құрсағына бiр аппақ пiл кiрiп кеткен. Содан көп ұзамай Майя жүкті болып, балалы болған. Аңызға қарағанда, бала жерге шыр етiп түскенде, оған бүкiл құдайлар қатты қуанған. Әкесi баласының дiн жолына түсуін қаламай, оған дүниелiк тәрбие берген. Көңілін дiннен қашықтату әрекетiнде болған. Патша болғандықтан, әшекей дүниелерге кенелтiп, оны үйлендiредi. Бiрақ, бұл әрекеттерi баласын тоқтата алмайды.
Бiрде Суддхартхи (Будда патша кезінде осы есімді иеленген) қалада үстiн жара басқан бiр қартты кездестiредi де, «Азаптан кұтқару» идеясын ойлап табады. Содан барлық сана-сезiмiн сарп етiп, азаптан кұтылу үшiн не iстеу керек дейді өз-өзіне. Құтылудың жолы – тек өзiн-өзi азаптау. Барлық дүниесін тастап, ел кезіп, қайыршылық жолмен күн кешiп, идеясын уағыздауға көшедi. Қиындықтарды бастан кешіп, тұрмыстық дүниенi тәркi етiп, бедеулiк жолға түседi. Бiрақ сол кездегi өзiн бедеушiлiкте ұстайтын брахмандарға ұқсаудан сақтанғысы да келедi.
Әулиелiк қасиетi бар деп саналатын Бодхи деген ағаштың түбiнде отырып, төрт шындықты ойлап табады. Бiрақ ойын амалға асыруға өлiмнiң Құдайы – Мара кедергі жасап, тазаруға жiбермейдi. Қыздарын жiберiп, көңілін бөлгiсi келедi деп жазылады Будда туралы аңыздарда. Будда өз iсiне берiк болып, Варанас қонысына жақын жерде “пiл паркiнде” бiрiнші рет өз идеясын адамдарға жеткізеді. Сол төрт шындықты өз шәкiрттерiмен 40 жыл бойы ел аралап таратып, дiнiне кiрудi уағыздайды. Өсиеттерiнен, жасаған кереметтерiнен бiр дұрыс қорытынды табуға әрекет етедi. Бiрақ ешқандай дәлелдi немесе маңызды, құнды нәрсе таба алмайды.
Француздың буддолог ғалымы Г.Сенар Будданы мифологиялық образ санады. Немiс ғалымы Г.Керн Будданың тарихта болғанына күмән келтiрiп, оның өмiрбаяны – аңыз дейдi. Әйтсе де, көптеген ғалымдар Будданы тарихтағы белгiлi тұлға есебiнде қарайды. Аталмыш көзқарастың негiзiнде – Шакьямуни буддизм монахы құрылды.
Буддизм пайда болмай тұрғанда да Индияның мәдениетi өте жоғары деңгейде болған. Үндістердің жазуы, әдет-ғұрпы, дiндерi дамыған. Индия мәдениетi әлемдiк деңгейдегі Месопотамия, Египет мәдениеттерiнiң қатарында тұғын. Философиялық көзқарастарда Буддизм белгiлi бiр әлеуметтiк жағдайлардан туған дін. Үндiстанда б.д.д. ҮI ғасырда құл иеленуші қоғам құрылды. Қоғамды билеп-төстеушілер, брахмандар мен әскери қоғам бір-бірімен бақталаста өмір сүрді. Соғыста әскерлер жер иелеріне, саудагерлерге және хәлі нашар бұқараға сүйенді. Сөйтіп б.д.д. ҮІ ғасырда үнді қоғамындағы әлеуметтік коалиция ерекше парасатты жағдайдағы лауазымдарды құрметтейтін брахманизм идеологтарына қарсы күресті.
Индияның солтүстік жағында кішігірім мемлекеттер бір-бірін жаулап алған. Жауланған халықтың діни ұғымдарымен өздерінің діни ұғымдарын байытып, дамытып отырған. Құл иеленуші қоғам болғандықтан, үстем тап төменгі тапты қанаған. Дегенмен, өндіріс күші де дамыған. Әсіресе Ганга бойындағы өндіріс күштерінің дамуының нәтижесінде таптық күрестер шыққан. Жеке қолөнершілік, кіші кәсіпкерлік өсіп, төңірегіндегі топтармен байланыс жасау басталып, оларға өз мәдениетін таратуға әрекеттенген. Будданың өсиеттері жазылған Махавагга, Ману, Джатак деген кітаптары пайда болған. Индияның көпшілік таптары бір-бірімен соғысып отырғандықтан жоғарғы тап қорғану жағдайына көшіп, өз күшін нығайта түсіп, әрі бір-бірімен бірлестікке келіп, топтаса түскен. Нәтижесінде Маурья империясы орнаған. Осы кезде түрлі касталарға бөліну, дүниені зерттейтін институттар, діни философиялық ағымдар пайда болған. Осындай жағдайда буддизм де күш алып, әлем діні дәрежесiне жеткен.
Дін барлық халыққа жеңiлдiк беріп, бүкiл адамдардың қайғы-қасіретке бiрдей екенiн жариялап және одан арылуға шақырған. Дiни оқулар орны көбейiп кетiп, неше түрлi құдайшылдар топтары өз көзқарасын талқыға салған. Дүниенің пайда болуына, байланыс күшінің барлығына сенiмсiздiкпен қараған. Ол кезде құдайға сенушiлiк болған жоқ, дiни ұғыммен адамды тазалауға болады деп түсiндірген. Адамның қоғамға, айналадағы байлыққа көзқарасын екiншi орынға ығыстырған. Дегенмен, дiни тазалықты жоғарғы топтан ғана iздедi, ал ең соңғы касталарын адам деп қарамады, екi аяқты мал есебiнде көңiл бөлмедi.
Ү-ҮІІ ғасырларда буддизм мәдениетi өркендеп, ең жоғарғы деңгейге жеттi. Монастрларда үлкен байлық жиналды. Азияның қалалары — Кошамби, Санчи, Бодх-Гасде, Матуре, Сарнатхе, Аджантеде әшекейленген храмдар салынды. Будданың мүсiндерi жасалды. І ғ. Қытайға, ҮП ғ. Тибетке, ХIҮ ғ. Монғолия мен Ресей мемлекеттеріне ендi.
.Б.з.б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Будда болды. Оның шын аты — Сиддахартха, ал оның анасы әйел патша Майя еді. Ұлы ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады, оның жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен салмақтылығы, бүл қасиетті ананың қадір-қасиетін арттыра түсті.Буддизммен қатар джайнизм ағымы да дами бастады. Оның негізін қалаушы — Махавира (Вардамана) болады. Бұл сектаның жолына түсушілер кармадан азат болудың басты құралы ретінде — аскетизмді насихаттады. Нағыз джайнистердің фанатизмінде шек болмады. Олар бүл өмірдің барлық рахатынан саналы түрде бас тартты, басқаны былай қойғанда, олар өмірлерінің соңғы сәттерінде тамақтанудан да бас тартты. Джайнизм брахманизммен ымыраға келудің арқасында осы уақытқа дейін Үнді мемлекетінің қоғамдық-саяси өмірінде өз ықпалын сақтап отыр. Махавираның жолына түскендер негізінен саудагерлер болды.Будда өзінің діни уағыздарында брахманизмді де, джайнизмді де сынға алады. Брахманизмдегі байлық пен сән-салтанатты өмірге бойүрушылық, ал джайнизмдегі аскетизм Будданы қана- ғаттандырмады, сондықтан да ол орталық межені қалап алады. Ол өзінің негізгі діни көзқарастарын «Бенерес уағыздары» атты еңбегінде жүйелі түрде баяндап берді. Онда былай делінген: «Рухани тіршілігі таза адам бүл өмірде екі нәрседен арасын аулақ салу керек. Оның біріншісі — сауық-сайран мен думанды қызыққа толы өмір, бүл адамның рухына қарама-қайшы келетін бейшаралық, өткінші өмір, ал екіншісі — ерікті түрде қалап алынған азапты, қатыгез өмір, бүл өмір де мөнсіз, мағынасыз. Рухани дүниесі бай адамдар өмірдің аталған екі жағынан да өздерін алшақ үстағандары жөн. Ең бастысы, адамдар танымға, білімге бастайтын, олардың ақыл-ой өрісін кеңітетін дүрыс жолға түсулері кажет» . Бұл жол тармақтары көп сегіз салалы жол. Олар: адал сенім, әділ шешім, шындық сөз, шындық өмір, шыншыл ұмтылыс, шындықпен еске алу және адамның өз бойындағы қасиеттерін үнемі байыту болып табылады.Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынандай: өмірге келу — азап, қартаю — азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу — азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу — азап, көздеген мақсатыңа жете алмау — азап. Ал аталған осы азаптардан құтылудың басты жолы — сегіз салалы қасиетті өмір жолын тандап алу.Будда ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды. Онда былай делінген: «Бұл дүниеде өшпенділікті өшпенділікпен жеңуге болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдіріп, зұлымдықты қайырымдылықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі жеңіп шығуы болып табылады».Будда дін жолына шын берілген адамдарды төрт қағиданы мүлтіксіз орындауға шақырды. Олар: зұлымдықтың алдын алу, зұлымдық пен қатыгездікке жол бермеу, ізгілік пен қайырымдылыққа даңғыл жол ашу, адамгершілік қасиеттерді батыл қолдау. Будда ілімі үнді халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, кең қолдау тапты. Будда өз шәкірттеріне арнаған сөзінде былай деді: «Сендер бүл ілімді дүние жүзінің барлық елдеріне таратыңдар. Оларға кедейлер мен бұл өмірден жәбір көрушілердің, байлар мен тектілердің бірдей екендігін, күндердің күнінде үнді қоғамындағы барлық касталардың осы діннің туы астына бірігетіндігін халыққа түсіндіріңдер». Шындығында да, будда дінін әлемнің көптеген халықтары мен қоғамның түрлі топтары шын ықыластарымен қабылдады. Адамзат дүниесіне, адамға және оның жасампаздық іс-әрекеттеріне құрметпен қарап, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктерден бас тартуға шақырып, адамгершілік пен ізгілік принциптерін алға тартқан бұл дін Үндістан мен Қытайда, Тибет пен Жапонияда, Непал мен Тайландта, Цейлон мен Вьетнамда, Монғолия мен Комбоджада кеңінен тарап, миллиондаған халықтың құрметіне бөленеді.Будда дінінің кеңінен таралуы жағдайында оның екі тармағы өмірге келді. Оның біріншісі — махаяна, Бирма мен Тайландта, ал екінші тармағы — хинаяна Цейлонда қалыптасты. Махаянаның қалыптасып, дамуына ерекше еңбек сіңірген Нагарджуна болды. Будда дінінің бүл саласында Будда құдай дәрежесіне жеткізіліп, оған құдайдай табыну уағыздалды. Ендігі жерде адамдардың барлық саналы іс-әрекеттері Буддамен байланыстырылды. Мұндай жағдай, бір жағынан, брахманизмге білдірілген үлкен құрмет болатын, сөйтіп буддизм үнді халқының бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі діндерімен одан әрі жақындаса түсті.Қытайда будда дінінің идеялары б.з.б. I ғасырда тарай бастады. Будда дінімен бірге Қытайда үнді өнерінің де ықпалы күшейе бастады. Ол Қытайға ғана емес Кореяға, одан әрі Жапонияға да қанатын кең жайды. Тибетте буддизм ламаизм түрінде қалыптасты. Ламаизм бойынша жоғарғы шіркеу қызметкерлері құдайдың сүйікті құлдары болып саналады, ал монахтар (ламдар) діндар адамдарға ұстаздық етумен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет