4. Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары. 5. Модерн:оның ерекшеліктері,әлеуметтік және көркемдік бағыттары. 6. Авангард мәдени әлеуметтік құбылыс ретінде. 7.Қазіргі Қазақстан мәдениетінің жетістіктері. 8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%) Тақырыбы:Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары. мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру. 1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі. 1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі. 1.3. Оқулықпен жұмыс істеу. 1.4. Қорытынды. Ақпаратты – дидактикалық бөлім. 1. Дін әлеуметтік құбылыс. 2. Діннің және діни ұғымдардың пайда болуы мен оның тарихи түрлері. 3. Қазақ халқының діни нанымдары және оның зерттелу тарихы.Көк тәңірі,Көк Бөрі,Ұмай Ана ұғымдары.Шамандық және бақсылық.Тәңір діні көне дін. 2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында өткен халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстанда 70 пайыз мұсылман, 2,8 пайыз атеист, 26 пайыз христиан тұратыны мәлім болды. Бұл туралы Қазақстанның статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы Ә.Смаилов хабарлаған. (ИА Новости-Казахстан). Негізінде дін адамзатты ізгілікке тәрбиелеп, елді ұйыту негізінде пайда болған. Ал діни ағымдар ше? Олардың мақсаты «Жеріңді жаулап, еліңді күң қылып аламын» дегеннің кері. Дүние жүзілік діндер, олардың тарихы туралы не білеміз? Қазақтың дәстүрлі діні дегенді қалай түсіну қажет? Ойымызды осы мәселелер төңірегінде өрбітсек…«Дін» – араб тілінен енген сөз. Сөздікте «Бас ию, мойынсұну, әдеттену, басқару, қызмет ету» мағыналарын береді. Дүние жүзi халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетiнiң бiр саласы – дiнтану. Дiнтану ғылымы – дiннiң пайда болуы, оның маңызы, мағынасы, адамға әсерi, коғамдағы, тарихтағы, мәдениеттегi орны, мыңдаған жылдар бойы әлемдегi алатын маңызы жайлы мәселелердi зерттеу. Басқаша айтқанда, дiнтанудың мақсаты – дiндi анықтау, түсiну және оның қоғамдық сана (идеология) есебiнде әлеуметтiк құбылыс екенiн түсiндiру болып табылады.Адамның рухани тазару дәрежесi көтерiлмесе және дiннен бас тартар болса, қоғам зандылықтары бұзылып, дүние ойран болады. Ислам философиясы – дiн адамды қатерден, апаттан, бос әрекеттерден сақтандырады, күнделiктi өмiрi мен тұрмысын мейлінше қатаң және дәл реттеп отырады, қоғамдық, жеке өмiрдегi тәртібін сақтайды, – дейді мамандар. Мысалы, 1969 жылы Америка Құрама Штаттары арақты харам еткен заң шығарады. Оны iшетiндердің мал-мүлiктерiн тәркiлеп, алты ай абақты жазасы белгiлендi. Әйтсе де, заңды орындауға, оны қысқа мерзiмде iске асыруға мүмкіншілік болмады. Бiрiншiден, қоғамдағы адамдарды түгелдей абақтыға жауып, дүниелерін түгелдей тәркілеу қажет еді. Ал олай жасалмаған жағдайда заңның күшін жою керек болды. Әрине заңның күші жойылды. Осындай жағдай 1400 жыл бұрын Араб түбегінде орын алған. Онда арақтан тыйылу Алланың бір-ақ сөзімен іске асты. Ол – Алланың: «Сендер тоқталасыңдар ма, жоқ па?» – деген бұйрықты сұрағы еді. Арақтан тыйылу әлеуметтік қажеттілік деп шешті де, жауап қатты: «Біз тоқталдық, ей иеміз…» – деп ыдыстағы арақтар түгелдей жерге төгілді. Сол кезде төгілген арақтан көшелер шылқып кетті. Міне, мұсылмандар арасында арақ ішу осыдан бастап тоқталды. Демек, арақты харам етіп заң шығарудан ештеңе шықпай, Алла тағаланың өзі берген тыйымды, шапағатты жол адамның жүрегімен астаса жұмыс істегенде ғана нәтижесін көрсетті. Бұл мысалдан діннің мемлекеттік саясатқа әсерін де көре аламыз. Негізінен мемлекетте қай дін «ресми» дін ретінде мойындалса, мемлекеттік саясат соның ыңғайына құрылады. Зиянды ағымдардың өз үстемдігін орнатуға барынша ұмтылу себебі сонда жатыр.Діннің құдіреті туралы тағы бір мысал келтірсек: Американың президенті Джон Кеннеди кезінде халқына: «Қасиетті бұйымдар мен әдет-ғұрыптарды, мінез-құлықтарды сақтау керек», – деп насихат жасап, оны діннің күшімен орындауға болатынын, яғни дінсіз ешқандай ұлылықты сақтай алмайтындықтарын атап көрсеткен. Бұл салада көптеген мысалдар келтіруге болады. Әлемдік діндердің мәні мен шығу тарихын да осы тұрғыда саралаған жөн. Сонымен… Зороастризм отқа табынушылық діні. «Зороастр» сөзінің мағынасы «зоро» – адам, «астра» – жұлдыз. Зороастризм діні ең алғаш протоинди ирандықтарынан шыққан. Олардың мекендеген жері Азияның кең байтақ далалары, Жайық өзенінің шығыс жағалауы. Протоинди ирандықтары Иранды жаулап алған және сонда мекендеген. Олар б.э. 3000 жыл бұрын өмір сүрген. Бұл дінді ең алғаш рет таратқан ирандық жігіт – Зороастр. Ол туралы мынадай аңыз бар: 30 жасында бір сәуле көреді, оны «уаху мая» дейді. Қазақша аударғанда «ашық сәуле» деп аталады. Оны құдайлардың ең үлкені Ахурамаздаға апарады. «Ахура» қазақ тілінде – ақылды, «мазда» – құдай деген мағынаны береді. Ахурамазда Зороастрды өзінің елшісі етіп сайлайды. Содан Зороастр Ахурамазданың ең жоғарғы құдай екенін сезіп, әділетті, мейірімді Жаратушы құдай деп дәріптейді. Ахурамаздаға қарайтын 3 құдай бар: 1. Митру құдайы. Міндеті: жарату. 2. Анахиту – су құдайы. 3. Варуну – соғыс және жеңіс құдайы. Бұларға қарсы Ақырман – зұлымдық құдайы. Кезінде қазақтар балаларын «Ақырман келеді» деп қорқытқан.Зороастр дініндегілер күнделікті дәрет алып, 6 рет жуынады. Бұған қоса құммен тазаланады. Бұл тазалықтары 2 аптаға жетеді. Құммен тазалану рәсімі: құмға дәрет сындырып, оны араластырып сүртінеді. Тазаланып болған соң жанына итті қойып іштей ғаттаны оқиды. Итті қазақтар сияқты қасиетті жануар санаған. Қатаң тәртіптері бар: құмырсқаны, жыланды, осыларға ұқсас жәндіктерді ұстауға болмайды. Ұстау – күнә. Осымен қатар ет жеуге, жаңбырлы күні далаға шығуға болмайды, себебі жерді кірлетеміз дейді. Әйелге қатысты заңдылықтары: етеккірі келсе, отқа жолатпайды, таза емес есебінде. Қараңғы жерде отырғызады, ұйықтайтын болса жерде жатады, тас орындықта отырады. От жағуға рұқсат жоқ, тамақты бөлек ішеді, храмға кіруге рұқсат бермейді. Әйел бала туатын болса, тазалықты кірлету деп есептейді. Бала туар алдында бөлмесіне от жағып қояды. Босанарда оттың жалыны түзу болу керек, себебі қисық болса, бұл баланың жын-шайтаны көп болады деген. Әйел босанғаннан кейін тазару жолын қиындатқан. Бірінші күні таза су ішкізбеген, отқа жылынуға тыйым салған.
Достарыңызбен бөлісу: |