Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Терапия бакалавриат кафедрасы «бекітемін»


) Білім берудің және оқытудың әдістері



бет142/303
Дата07.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#89669
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   303
Байланысты:
vdm mpd kz

5) Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтарда жұмыс, науқаспен жұмыс жасау
6) Әдебиет:
негізгі:
қосымша:
7) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т. б.)
Сұрақтар:

  1. Пневмонияға анықтама беріңіз.

  2. Пневмонияның этиологиясын атаңыз.

  3. Пневмонияның классификациясы.

  4. Пневмониямен ауыратын науқастардың шағымдарын атаңыз.

  5. Пневмонияның бастапқы синдромын атаңыз.

  6. Өкпе тінінің тығыздалу синдромының перкуторлы белгілерін атаңыз.

  7. Диагностикалау әдістері.

  8. Пневмонияның қандай асқынулары болады?


Тесттер:
1. Өкпе синдромдарының қайсысын обьективті анықтауға болады:
а) пневмонияда; б) өкпе абсцессінде?
1) өкпе тінінің тығыздалу синдромы
2) өкпе тінінің жоғары ауалану синдромы
3) өкпеде қуыс пайда болу синдромы
4) плевра қуысында ауа жиналу синдромы
5) плевра қуысында сұйықтық жиналу синдромы
2. Берілген аукультативті белгілердің қайсысы сәйкес келеді:
а) крупозды пневмонияға; б) ашылған өкпе абсцессіне;
1) дыбысты орта көпіршікті ылғалды сырылдар;
2) крепитация;
3) әлсіз тыныс;
4) тыныс шуларының берілуінің болмауы;
5) ұзарған дем шығаруымен әлсіз тыныс.
3.Кандай қақырық тән:
а) Крупозды пневмонияға;
б) Өкпе абсцессіне?

  1. шырышты, тұтқыр ("шыны тәрізді");

  2. "тот тәрізді";

  3. Іріңді көп, жағымсыз иісімен.

4. Ауру ағымының аталған ерекшеліктерінің қайсысы сәйкес келеді:
а) Крупозды пневмонияға; б) Өкпе абсцессіне?
1) аурудың салқындаумен байланыстылығы
2) кенет жіті жоғары температурамен, қалтыраумен, кеуде қуысының ауыруымен басталуы
3) көп көлемді, іріңді, сасық иісті қақырықты тастағаннан кейін жеңілдік сезінуі
4) жоғары температурамен, қалтыраумен, кеуде қуысының ауыруымен айқын басталуы
5. Жіті пневмонияны ... жіктейді.
а) этиологиясына қарай
б) патогенезіне қарай
в) клинико-морфологиялық сипатына қарай
г) аталғандардың барлығы
д) дұрыс жауабы жоқ
6. Крупозды пневмонияда ... зақымдалады.
а) өкпенің бөлігі
б) өкпе сегменті
в) плевра
г) өкпе бөлігі, сегменті және плевра
7. Крупозды пневмонияға ... тән.
а) аурудың басталу сатысы
б) өршу сатысы
в) аяқталу сатысы
г) қалпына келу сатысы
8. Крупозды пневмонияда қақырық:
а) детрит және макрофагтардан тұрады
б) шырышты-іріңді
в) фибриннің жоғары көлемі
г) аурудың сатысына қарай болады
9. Пневмонияның асқынуы болуы мүмкін:
а) жіті жүрек-тамыр жеткіліксіздігі
б) артериалды гипертензия
в) өкпе ісінуі
г) жіті тыныс жеткіліксіздігі
д) аталғандардың барлығы
е) дұрыс жауабы жоқ
10. Өкпе абсцессі бұл:
а) шектелген қуыс
б) өкпе тінінің іріңді ыдырауы
в) жұқпалы ауру
г) дұрыс жауабы жоқ
11. Ауру ағымының аталған ерекшеліктерінің қайсысы бронхоэктаз ауруына тән?
а) аурудың белгілі бір тағамды қабылдауымен, шаңды жұтуымен, кейбір жануар және өсімдік текті заттармен байланысы
б) тұқым қуалауға бейімділіктің болуы
в) тыныс алу мүшелерінің өткерген ауруларымен байланысы
г) жіті кенет басталу
12. Аталған шағымдардың қайсысы жіті бронхиттерге тән?
а) таңертеңгі ірің аралас қақырық
б) экспираторлы ентігумен тұншығу ұстамасы
в) субфебрильді немесе жоғары қызба
г) құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінің және кеуде қуысының төменгі бөлігінің ауыруы
13. Аускультативті белгілердің қайсысы созылмалы бронхитке тән?
а) әлсіз везикулярлы тыныс
б) крепитация
в) бронхиалды тыныс
г) әртүрлі сырылдар, көбіне құрғақ
14. Созылмалы бронхитке қандай қақырық тән?
а) "тот тәрізді";
б) шырышты-іріңді
в) көп көлемді, іріңді жағымсыз иісті
15. Жіті бронхиттің даму себебі:
а) салқындау
б) вирусты инфекция;
в) созылмалы инфекция;
г) темекі
д) аталғандардың барлығы
16. Жіті бронхиттің жіктелуі ... қарай.
а) этиологиясына
б) патогенезіне
в) зақымдалу дәрежесіне
г) экссудаттың сипатына қарай
17. Жіті бронхиттің дамуының алғашқы белгісіне ... жатады.
а) жөтел
б) тұншығу
в) температура
г) бас ауруы
18. Жіті бронхиттің перкуссиясындағы перкуторлы дыбыс:
а) тұйықталған
б) тұйық
в) тимпаникалық
г) ашық өкпелік
19. Созылмалы бронхит бұл:
а) өкпенің бейспецификалық қабыну ауруы
б) созылмалы қабыну ауруы
в) латентті ауру
г) темекі тартумен байланысты ауру
20. Созылмалы бронхиттің негізгі белгісі:
а) ентігу
б) бас ауруы
в) жөтел
г) дұрыс жауабы жоқ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет