Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Терапия бакалавриат кафедрасы «бекітемін»



бет201/303
Дата07.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#89669
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   303
Байланысты:
vdm mpd kz
vdm mpd kz
Тесттер:
1.Науқастың ауру тарихы:

  1. медициналық құжат

  2. жеке құжат

  3. заңдылық құжат

  4. қаржылық құжат

  5. статистикалық құжат

2. Науқасты тексерудің объективті әдісіне жатпайды:

  1. сұрастыру

  2. пальпация

  3. перкуссия

  4. аускультация

  5. қарау

3. ... жалпы қарау ережесіне жатпайды.

  1. Науқасты толық шешіндіріп 2 – 3 метр қашықтықтан қарау

  2. Жарық науқастың алдынан не қырынан түсуі

  3. Бөгде шудың болмауы

  4. Мүмкіндігінше науқасты күндіз қарау

  5. Науқасты белгілі бір ретпен қарау

4. Науқасты жалпы қарау кезінде анықталмайды:

  1. Жүрек аймағындағы өзгерістер

  2. Дене пішіні

  3. Төсектегі қалпы

  4. Ес-санасы

  5. Тері және көзге көрінерліктей шырышты қабаттар

5. Перкуторлы дыбыс ... қатты шығады.

  1. ауалы мүшелерден

  2. сұйыққа толған қуысты мүшелерден

  3. тығыз мүшелерден

  4. мүшелер қабынғанда

  5. тіндер терендiгiне

6. Перкуторлы дыбыстың әлсіреуі, тұйықталуы:

  1. сұйыққа толған қуысты мүшелерде

  2. перкуторлы дыбыс амплитудасы жоғары болғанда

  3. кеуде айтарлықтай қалыңдаса

  4. перкуторлы дыбыс амплитудасы төмен болса

  5. ауалы мүшені перкуссиялағанда

7. Перкуторлы дыбыстың әлсіреуі, тұйықталуы ... кездеспейдi:

  1. ауалы мүшені перкуссиялағанда

  2. тығыз мүшені перкуссиялағанда

  3. кеуде айтарлықтай қалыңдаса

  4. сұйыққа толған қуысты мүшелер

  5. перкуторлы дыбыс амплитудасы төмен болғанда

8. Перкуторлы дыбысты төмендететін негізгі әсер:

  1. қабынғаннан мүшенің тығыздалуы

  2. дыбыс толқындары амплитудасы төмендеуі

  3. мүше тығыздығы

  4. кеуденің айтарлықтай қалыңдауы

  5. кеуденiн жұкаруы

9. Перкуторлы дыбысты күшейтетін негізгі әсер:

  1. мүше ауалылығы өсуі

  2. кеуде айтарлықтай қалыңдаса

  3. кеуденің жұқаруы

  4. сұйыққа толған қуысты мүшелер

  5. кеуденiн жукаруы

10. Тұйық перкуторлы дыбыс:

  1. дыбыстың әлсіреуі

  2. дыбыстың қысқаруы

  3. дыбыстың биіктеуі

  4. дыбыстын жоғарлауы

  5. дыбыс кушейуi

11. Аускультацияда оң өкпенің барлық бетінен үнді крепитация және әлсіреген визикула тынысы естілсе, ол ... тән :

  1. крупозды пневмонияға

  2. созылмалы бронхитке

  3. ошақты пневмонияға

  4. экссудативті плевритке

  5. бронхоэктазиялық ауруға

12. Іріңсіз өкпе қуысы үстінде естілетін тыныс:

  1. амфоралық

  2. қатқыл

  3. бронхиальды

  4. әлсіреген везикулярлы

  5. везикулярлы

13. Сырылдардың плевраның үйкеліс шуы мен крепитациядан айырмашылығы:

  1. жөтелден соң естілмейді

  2. тек ішке демалғанда естілуі

  3. құлақ тұсында үйкеген шаш дыбысы тәрізді

  4. аяқ астындағы қар сықыры тәрізді

  5. тек ішке демалғанда естілуі

14. Плевраның үйкеліс шуының сырылдарымен крепитациядан айырмашылығы:

  1. ауыз бен мұрынды жауып тыныс қимылдарын жасаған сәтте естілуі

  2. жөтелден соң дыбыстың естілуі

  3. стетоскопты басқанда әлсіреуі

  4. тек іштен дем шығару кезінде естілуі

  5. тек ішке демалғанда естілуі

15. Крепитация естілуі:

  1. альвеолдарда сұйық сөл жиналғаннан

  2. бронх кілегей қабы ісінгенінен

  3. бронх өзегінде сұйық не қоймалжың сөл жиналғаннан

  4. бронх өзегі жабысқақ сөлмен тарылғаннан

  5. бронх бұлшық еттері түйілгеннен

16. Ылғалды сырылдар пайда болуы:

  1. бронхтар өзегінде сұйық не қоймалжың сөл пайда болғаннан

  2. бронх өзегінде жабысқақ сөл пайда болғаннан

  3. бронх кілегей қабының ісінгенінен

  4. бронхтар бұлшық еті түйілгеннен

  5. альвеолдарда сұйық жиналғаннан

17. Құрғақ сырылдар түрі:

  1. дискантты

  2. консенделінбейтін

  3. ұсақ көпіршікті

  4. ірі көпіршікті

  5. консонирлі

18. Құрғақ сырылдар пайда болуы:

  1. бронх өзегі кеңейгеннен

  2. бронх кілегей қабының ісінгенінен

  3. бронх өзегінде жабысқақ сөл пайда болғаннан

  4. бронх өзегі тарылғаннан

  5. бронхтар бұлшық еті түйілгеннен

19. Амфоралық тыныстың естілуі:

  1. өкпе абсцессінде 2 – і сатысында

  2. тыныс демікпесінде

  3. крупозды пневмонияның 2 – і сатысында

  4. плевритте

  5. пневмоторакста

20. Везикулярлы тынысты әлсірететін ең басты себеп :

  1. альвеолдардың эластикалық қасиетті әлсіреуі

  2. кілегей қабат қабынғаннан ұсақ бронхтар өзегі туралы

  3. бронхтар түйілуі

  4. бронх өзегінде сұйық сөл бөлуі

  5. бронхтарда жабысқақ сөл бөлуі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет