1. Көмірсу, ақуыз, май алмасуындағы бауырдың атқаратын рөлін атаңыз.
2. Қағаздағы электрофорез әдісін қалай жүргізеді?
3. Бауыр жасушалары қандай ферменттерден тұрады және олардың анықтамасы?
4. Бауырдың шығару қызметін қалай анықтайды?
Тесттер: 1.Сарғаю ең алғаш ... байқалады.
а. көз склерасында
б. алақанда
в. жұмсақ таңдайда
г. барлық теріде
д. табанда
2.Қан сарысуындағы холестериннің қалыпты деңгейі:
а. 2-4 ммоль
б. 3.9-5.2 ммоль
в. 0.6-1.2 ммоль
г. 0.3-0.6 ммоль
д. 1.2-2.4 ммоль
3.Айналдыра ауырсыну ... тән.
а. жіті гастритке
б. холециститке
в. сигмоидитке
г. несеп-тас ауруына
д. панкреатитке
4.Асқазанның антралды бөлігінің ойық жарасында ауырсыну ... байқалады.
а. тамақтан соң 2-3 сағат өткенде
б. тамақтан соң 15-20 минут өткенде
в. тамақтан соң 1 сағат өткенде
г. тамақтан соң 6-8 сағат өткенде
д. түнде
5.Өт жолдарының дискинезиясындағы ауырсыну ... байланысты туындайды.
а. өт қабының керілуімен
б. өт қабы қызметін реттеудің бұзылуына
в. гастритпен
г. дуоденитпен
д. аталғандардың барлығына
6.Фонтан тәрізді құсу ... тән.
а. асқазан жарасына
б. гастритке
в. қалтқы стенозына
г. асқазан обырына
д. аталғандардың барлығына
7.Бауырдың өткір қырының пальпациядағы тығыз консистенциясы ... тән.
а. созылмалы гепатитке
б. бауыр эхинококкына
в. циррозға
г. жүрек жеткіліксіздігіне
д. бауыр ісігіне
8.Толассыз құсудың асқынуы:
а. электролитті алмасудың бұзылуы
б. сусыздану
в. коллапс
г. өңеш, асқазан шырышты қабатының жыртылуы
д. аталғандардың барлығы
9.Асцит ... ерте белгісі.
а. порталды цирроздың
б. биллиарлы цирроздың
в. постнекротикалық цирроздың
г. аралас цирроздың
д. жүрек жеткіліксіздігінің
10.Асқазан обырының рентгенологиялық тура белгісі:
а. "ниша" симптомы
б. күшейген перистальтика
в. толу дефекті
г. секрециялық қабаттың үлкен болуы
д. шырышты қабат рельефінің өзгеруі