Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Терапия бакалавриат кафедрасы «бекітемін»



бет295/303
Дата07.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#89669
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   303
Байланысты:
vdm mpd kz

Есеп №38
Науқас К., 47 жаста шағымдары температураның 39 гр. дейін көтерілуі, қалтырау, ентігу, бас ауру, жөтел. Сол жақтың төменгі бөлігінің крупозды пневмониясы диагнозымен стационарлы емделіп жатыр. Таңғы сағат 6-да кенет жалпы жағдайы нашарлады, тері жабындылары бозарып, шекесінде суық тер шықты, еріндердің цианозы артты. Температурасы 35,8. Есі сопорозды, тынысы жиілеген, беткейлі. ЖСЖ 120 рет 1 мин. АҚ 40/20 мм с.б.б.
а) Асқынуы қалай аталады?
б) Алғашқы медициналық көмек?
Есеп №39
Науқас У. 30 жаста, емханаға құрғақ жөтел, тамағының жыбырлауы, температурасының 38гр. дейін көтерілуі, бас ауруы, жалпы әлсіздік деген шағымдармен келді. Қарағанда жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Тері жабындылары қалыпты түсте. Дауыс дірілі және бронхофония өзгермеген. Перкуссияда ашық өкпелік дыбыс. Аускультацияда қатты тыныс, бірен-саран сырылдар.
Қандай ауру туралы айтылған?
Аурудың синдромдарын атаңыз?
Есеп №40
Науқас М., 45 жаста, слесарь. 10 жыл көлемінде темекі тартады. Жел өтінде жұмыс істегеннен кейін 2 күн өткенде баспалдақпен көтеріліп келе жатқанында ентігуді байқады. Жөтел тұрақты шырышты-іріңді қақырықпен.
Обьективті: жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Пер­куссия және пальпацияда айтарлықтай өзгеріс жоқ. Аускультацияда қатаң тыныс фонында көптеген құрғақ сырылдар.
Кеуде қуысының R-тексеруі – өкпенің ауалық алаңының артуы, өкпе суретінің күшеюі және оның деформациясы.
Қандай ауру туралы айтылған?
Аурудың синдромдарын атаңыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет