) Тақырыбы №4. Қанайналым ағзалары ауруларын зерттеу әдістері. (сұрастыру, ірі қантамырлар мен жүрек аймағын тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация)
1) Тақырыбы №4. Қанайналым ағзалары ауруларын зерттеу әдістері. (сұрастыру, ірі қантамырлар мен жүрек аймағын тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация).
2) Мақсаты: Қанайналым жүйесінде аурулары бар науқастарға сұрастыру жүргізуді үйрену. Жүрек аймығын қарау және пальпациялау әдістемесін меңгеру. Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар науқастардың диагностикалық белгілерін анықтауды үйрену.
Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар науқастарға сұрастыру жүргізу.
Анамнезінен аурудың басталуын, нашарлау жиілігін, себептерін және оның туындау жағдайларын анықтау.
Өмір тарихынан бастан өткерген ауруларын, өмір сүру және жұмыс жағдайларын, «зиянды әдеттерін», тұқым қуалаушылық бейімділігін, эндокринді бұзылыстарын, климаттық-ауа райылық жағдайлардың әсерін анықтау.