Есеп №1
Науқас Ц., 42 жаста, терінің қышуына, сарғаюға, таңғы уақытта ауыздағы ащы дәмге, несебінің қою қоңыр түске боялуына шағымданады. Қарағанда: тері қабаттары мен склерасы сарғайған,дене терісінде тырналған орындар бар.
Аталған белгілер қандай патологиялық үдерістерге тән?
Есеп №2
Науқас «аш қарынға», түнгі және кеш, сода немесе аз көлемдегі асты қабылдағаннан кейін бәсеңситін ауырсынуға, қыжылдауға, ауырсыну шыңындағы құсуға, ішқатуға шағымданады. 5 жылданбері ауырады, кеш күзде өршу болып тұрады. Өршулер арасында өзін жақсы сезінеді.
Объективті: іші аздап ширыққан және эпигастрий аймағының оң жақ бөлігі ауырсынады. Мендель симптомы орталық сызық бойында кіндіктен аздап жоғары оң жағында оң мәнді.
Аталған белгілер қай ауруларға тән?
Достарыңызбен бөлісу: |