Есептер:
Есеп №1
Науқас Т. 62 жаста жіті миокард инфарктісін 4 жыл алдын өткерген, гипертониялық аурумен 12 жыл бойы ауырады.
Обьективті: жағдайы орта ауырлықта, тері беткейлерінің бозаруы байқалады, жүрек шекаралары – сол сол жақтағы бұғана ортаңғы сызықтан 2 см тысқары, жүрек тондары тұйықталған, АҚ 200/110 мм с.б.б., ырғағы дұрыс, ЖСЖ 118 рет 1 мин. ЭКГ - синустық тахикардия, ЖСЖ 125 рет мин., жүректің электрлік өсі солға ығысқан. Сол жақ қарынша гипертрофиясы.
Сұрақтары:
Диагноз қойыңыз.
Тағы қандай қосымша тексерулер тағайындау керек?
Емдеу принциптері.
Интерпретациялаңыз.
Қан анализінде: Эритроциттер-3,8х1012/л, лейкоциттер-7,9 х109/л; с/я-63.7; Т/я-3-4; ЭТЖ-23 мм/час.
Есеп №2
Науқас К. 38 жаста ревматизммен және митралды саңылаудың стенозымен ауыратын әйел кісі босану алдында тұншығу ұстамасы байқалды.
Объективті: Қалпы ортопноэ суық тер, еріндері көгерген. Мойын көктамырлары ісінген ұзына бойының 1/3 бөлігінде. Тыныс алуы қиындаған, тыныс алу актіне қосымша бұлшықеттер қатысады. ТАЖ 29 рет 1 мин. АҚ 220/110 мм с.б.б., РS - 151 соққы 1 мин, ЖСЖ - 183 соққы 1 мин пульс тапшылығы 32. Жүректің салыстырмалы шегі төстің оң жақ қырынан 1,5 см оңға қарай, жоғарғы II қабырғааралықта, сол бұғанаорта сызығынан 1,0 см ішке. Соr тондары: I тон - әркелкі дыбысты, мезодиастолалық шу жүрек ұшында, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. Өкпенің төменгі бөлімдерінде іркілістік құрғақ сырылдар естіледі.
Сұрақтары:
1. Негізгі синдромын анықтаңыз.
3. Тексеру жоспары.
4. Жедел жәрдем.
Достарыңызбен бөлісу: |