2.2 Пәннің мақсаты: студенттерге науқастарды физикальды тексеру әдісін, ең көп таралған ішкі ағза ауруларының негізгі клиникалық көріністерін, олардың лабораториялық-аспаптық диагностикалық әдістерін, өмірге қауіп төнген жағдайда алғашқы және дәрігерге қаралғанға дейінгі шұғыл көмек көрсету принциптерін оқыту.
2.3 Міндеттері:
науқастарды тексеру әдісіне үйрету (сұрастыру, тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация);
ішкі ағзалардың негізгі ауруларының типті ағымында симптомдар мен миндромдарды анықтауға үйрету;
лабораториялық-аспаптық диагностиканың қазіргі әдістерін үйрету;
ішкі ағзалардың кең таралған ауруларын диагностикалау әдісі мен емдеу принциптерін үйрету;
деонтология және кәсіби этика негізін үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |