Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Терапия бакалавриат кафедрасы «бекітемін»



бет245/303
Дата07.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#89669
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   303
Байланысты:
vdm mpd kz

Тапсыру мерзімі: 11-апта

  • Әдебиет:

  • Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.):

    Сұрақтар:
    1. ГЭРА анықтама беріңіз.
    2. ГЭРА негізгі белгілерін атаңыз.
    3. Гастроэзофагальді рефлюксты ауруды анықтау үшін қандай әдістер қолданылады?


    Тесттер:
    1. Тағам қабылдағаннан кейінгі ерте ауырсыну ... тән.

    1. ГЭРА

    2. ұлтабар жарасына

    3. асқазан обырына

    4. энтеритке

    5. спастикалық колитке

    2. ЭФГДС қарсы көрсеткіш:

    1. өңеш көктамырларының варикозды кеңеюі

    2. өңештің тарылуы

    3. қолқа аневризмасы

    4. асқазан обыры

    5. асқазаннан қан кету

    3. Өңеш дисктнезиясының этиологиялық факторлары:
    а) өңеш иннервациясының бұзылуы
    б) көршілес мүшелерге рефлекторлы әсер ету
    в) ОЖЖ аурулары
    г) жұқпалы аурулар (ботулизм, дифтерия)
    4. Өңеш дискинезиясының гиперкинетикалық формасы ... түрінде байқалады.
    а) эрозивті эзофагит
    б) өңеш жарасы
    в) өңештің жүйке аппаратының бұзылуы
    г) невроздар
    5. Өңеш дискинезиясының гиперкинетикалық формасы ... түрінде байқалады.
    а) өңеш гипотониясы
    б) өңеш атониясы
    в) кардия ахалазиясы
    6. Біріншілік созылмалы эзофагит ... салдарынан туындайды.
    а) алкоголь
    б) өткір тағам
    в) кәсіби зияндылықтар
    г) темекі тарту
    7. Дисфагия ... байқалуы мүмкін.
    а) көкеттің өңеш тесігінің жарығында
    б) кардия ахалазиясында
    в) склеродермияда
    г) өңеш обырында
    8. Рефлюкс-эзофагиттің патологиялық механизмдеріне ... жатады.
    а) асқазан құрамының өңешке рефлюксі
    б) өңештің дисталды бөлігінің қабынуы
    в) кардия жеткіліксіздігі (ахалазия)
    9. Рефлюкс-эзофагиттің кардиалгиялық формасының стенокардиядан ажыратпалы диагностикасы үшін бірінші кезекте ... қолданылады.
    а) нитроглицерин
    б) ас содасы
    в) электрокардиография
    г) эзофагоскопия
    10. Рефлюкс-эзофагитте ... ұсынылады.
    а) бырыстырғыш және қаптағыш заттар
    б) церукал (реглан)
    в) кереуеттің бас жағын көтеру
    г) аз-аздан бөлшектеп тамақтану


    Есеп №1
    Жас 18 жасар әйелде эмоционалдық күйзелістен кейін контрастылы температурадағы сұйық тамаққа дисфагия туындады, тығыз тағамдар жақсы өтеді. Дисфагия кейіннен уайымдағанда, шаршағанда байқалды. Тәбеті сақталған, салмақ жоғалтпаған. Физикалды тексеруде патологиялар анықталған жоқ.
    1. Дисфагиясебебін атаңыз.
    2. Диагнозды нақтылау үшін не тағайындау керек?


    Есеп №2
    38-жастағы ер кісі, мектеп оқытушысында, соңғы 6 айда қышқылды сұйықпен кекіру, қыжылдау және түнгі уақыттағы төс артының күйдіру сезімі мазалайды. Дене салмағы төмендемеген. Физикалды тексеруде патологиялар анықталған жоқ.
    1. Бірінші кезекте қандай тексеру жүргізу керек?
    2. Аталған патологияның себебін атаңыз.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   303




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет