Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Терапия бакалавриат кафедрасы «бекітемін»



бет50/303
Дата07.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#89669
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   303
Байланысты:
vdm mpd kz

A) Несептің физикалық қасиеттері. Қалыпты несептіңтүсі сабан-сары түсті. Мөлдірлігі – мөлдір. Несеп реакциясы - рН 5-тен 7-ге дейін.
Несептің рН өзгеруі тағам құрамына қарай болады, етті емдәм несептің қышқылды реакциясын, өсімдікті емдәм – сілтілі реакциясын көрсетеді.
Несептің салмағы (несептің салыстырмалы тығыздығы) 1,018 - 0,25 тең және ол бүйректің концентрациялық қызметінің сақталғанын аңғартады.
Б) Несептің химиялық қасиеттері. Ақуыз (протеинурия) қалыпты жағдайда тәулігіне 50-150мг немесе 0,033%-ға дейін.
Пайда болу орнына қарай протеинурияның түрлері:
1. Пререналды – айқын гемолиз, тіндер ақуызының көптеп ыдырауына байланысты.
2. Реналдышумақтық және өзекшелік деп бөлінетін бүйрек патологияларына байланысты.
3. Постреналды – несеп шығару жолдарының патологияларына байланысты.
Қазіргі кезде несептің ақуыздық фракцияларын анықтап протеинурияның селективтілігін бағалайды (бүйрек сүзгілерінің таңдамалылығының жоқтығы және оның айқын зақымдалуы). Сапалық әдіспен анықталатын несепте ақуыздың байқалуын протеинурия деп атайды.
Глюкоза. Глюкозаның несептегі қалыпты концентрациясы 0,2 г/л дейін не анықталмайды. Несепте глюкозаның болуы (глюкозурия) оның қан құрамындағы концентрациясына және көбіне қант диабетінде, тиреотоксикозда, бауыр циррозында кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет