ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қазақстан тарихы»


V. Материалдық техникалық жабдықталуы



бет58/67
Дата27.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#182753
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67
Байланысты:
Қазақстан-тарихы-Стом-3-курс

V. Материалдық техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, т.б.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
VІ. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиет
1.Асфендияров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1993.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – Алматы, 1994.
3.Қазақстан тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін) 5 томдық, І Т. – Алматы, 1996.
4.Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін, Оқу құралы. – Алматы, 1993.
5.Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.
Қосымша әдебиет
1.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы, оқулық хрестоматия. – Астана, 2000.
2.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.
3.Рыспаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.
4.Сарыбаев С. Қазақстан тарихы. –Алматы, 1997.
VІІ. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин. ( 6%)
а)Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті
VІІ. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
Үй тапсырмасы: ХІХ ғ. 60-90 жж. Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік және сот реформалары.Капиталистік қатынастардың дамуы.
VІІІ. Жаңа сабақтытүсіндіру: 40 мин (44% )
мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс жасау.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
XX ғасырдың басында Қазақстандағы саяси өмірдің жандануы.
Қазақстанда марксизмнің тарауы Орталық Россиядан көп кейін басталды. Оған өлкеде әлеуметтік-экономикалық қатынастың әліздігі және жұмысшы табының аздығы себеп болды. Қазақ өлкесінде Атбасарда, Көкшетау, Павлодарда алғашқы марксизм идеясын таратушы Петербург қаласындағы Благоевтар тобынан келген В.Г. Харитонов, Қарқаралы мен Семейде социал-демократ И.С. Домашевич, Верныйда А.С. Кочаровская т.б.болды.
Петропавл қаласында 1902 жылдың аяғында ұйымдастырылған тұнғыш маркстік үйірме негізінен жер аударылғандардан құрылды. 1903 жылы осындай үйірме Петропавл темір жолында, 1902 жылы Орынбор қаласында құрылды. 1903 жылы 1 мамырда Орал қаласындағы саяси үйірме мүшелері ереуіл ұйымдастырды.
Бірінші орыс революциясы кезінде (1905-1907 жж.) патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Отарлық ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына» негіз болған оқиға – 1905 жылғы «Қанды жексенбі» (9 қантардағы Петербургтегі оқиға).
1905 жылы ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда, Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық білдерген алғашқы қарсылықтар болып өтті. 1905 жылы 1 мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын ереуілдер өткізілді. Қарқаралыдағы қарсылық жиынына М. Дулатұлы белсене қатысты.
Қазақ еңбекшілердің саяси қөзқарасының өсуіне Бүкілроссиялық қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті. Бұл ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында – Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда т.б. жерлерде ұйымдасқан ереуілдер мен бой көрсетулер социал-демократия ұйымдардың басқарумен «Патша билігі жойысың?», «Бостандық жасасын» деген ұрандармен өтті. Осы жылдары Перовскіде, Қостанайда, Оралда, Успен кенішінде стачкалық комитетттер құрылды.
17 қазандағы 1905 жылғы патша манифесінің («Мемлекеттік тәртіпті дурыстау туралы») халықты алдау екенін «Алаш» қозғалысы өкілдері әшкерелеп, сынады. 1905 жылы 18-19 қазанда Орынборда өткен демонстрация « Демократиялық республика жасасын», «Самодержавие жойылсын» деген саяси ұрандармен өтті.
1912 жылы мамырда Қазақстанда Спасск мыс қөрыту заводында басталған ереуіл 1913 жылғы маусымға дейін созылды. 1913 жылғы қыркүйекте Торғай уезінің Шоқпаркөл көмір кендерінде болған жұмысшылардың толқуы 1914 жылдың бірінші жартасында Ембі мұнай- шыларының ереуілдерімен ұласты. Жаңа революциялық өрлеу дәуірінде Қазақстанның жұмысшы табы жалақыны 20% -ға арттыруға, қожайындардың айыптарды көбейтуден бас тартуына қолы жетті.
Ұлттық зиялы қауым өкілдері қазақ ауылының саяси өмірге тартылуын тездетті.
1909 жылы шілдеде Ахмет Байтұрсынұлы Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде патша өкіметінің қанау саясатына қарсылық білдіргені үшін Семей түрмесіне қамалды. 1910-1917 жылдары Орынборға жер аударылды. 1900 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабі, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты жинағы шықты. 1913 жылы наурызда «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырып, редакторы болды. «Қазақ» газеті (1913-1918 жылдар) либералдық– демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді.
Сөйтіп, осы кезеңдері әлеуметтік күрестің шиеленісуіне алғышарттар қалынтасты:
1.Революциялық..жағдайдың..тереңдеуі.
2.Шаруашылық..дағдарыс.
3.Азық-тулік..тапшылығы.
4. Партиялар мен құпия үйымдардың ашылуы.
1917 жылдың басында Ресейде революциялық жаңа толқын көтерілді. Патша өкіметі бұкараның жаппайқарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жат қандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды.
1917 ж. 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктері тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша чиновниктері, әсерлер,меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкіметтің органдары мен бірге халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Советтері құрылды.
Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Революциялық халық бұқарасының белсенді қимылдары нәтижесінде өлкеде бұрынғы өкімет өкілдері орындарынан түсіріліп, тұтқынға алынды.
Буржуазиялық-демократиялық ақпан революциясының жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін өсірді.
Қазақстанда Кеңестер 1917 ж. наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. өлкеде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен әсерлер алды. Сонымен бірге-буржуазиялық Уақытша үкіметтің жергілікті органдары құралды. Облыстар мен уездерге бұрынғы патша чиновниктерінен, әсерлерден, меньшевиктерден және буржуазиялық ұлтшылдардан Уақытша өкіметтің комиссарлары тағайындалды. Бұл жаңа өкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігі жергілікті халыққа қалай қараса, бұл да солай қарады.



Патша өкіметі құлатылған соң, Қазақстан большевиктері астыртын жағдайдан шықты. Орынбор және Торғайда, П. Кобезев, Ә.Жангелдин, А. Коростелев, Ақтөбеде В. Ф. Зинченко, Перовскіде А. В. Черняхов, Оралда П. Парамонов, П. Дмитриев, Шымкентте Н. Морозов, Семейде П. Салов, Петропавлда К. Сутюшевтер партиялық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Большевиктік партияның қатарында С. Сейфуллин, Б. Серікбаев, Т. Рысқулов, С. Арғыншиев және басқалар жұмысшылар мен шаруаларды, солдаттарды революцияның жеңісі жолындағы күреске топтастырды.
Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бұлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған "Барлық билік Кеңестерге берілсін" деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды.
1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.
Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы, Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың қүрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісетүсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандақ беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті.
Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес басталды. Облыстық орталықтар мен уездік қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті горнизондар солдаттарының қарулы көтерілісі арқылы орнады. Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 ж. 30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды. Ташкентте Кеңес үкіметі 1917 жылы 1 қарашада кескілескен ұрыс нәтижесінде орнады. Ал 1917 жылдың қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша-желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада, Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде бейбіт жолмен орнады. Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен уездерінде казак-орыс әскерлерінің басым болуынан Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Кеңес өкіметі 1918 ж. наурыз айында Жаркентте, Сергиопольде (Аягөзде), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.
1917 ж. соңы мен 1918 ж. наурызы аралығында Кеңес өкіметі Қазақстанда негізінен қалалар мен басқа да ірі халық тығыз орналасқан жерлерде орнады. Кеңес өкіметін орнатумен бірге өлкенің шаруашылығы мен мәдениетін қайта құру шаралары қатар жүргізілді. Өнеркәсіп орындарында, мәселен Спасск зауытында, Қарағанды шахтасында, Успен кенішінде, Ембі мұнай кәсіпорындарында бақылау қойылып, сондай-ақ банктер мемлекет меншігіне көшірілді. Кеңестердің 2- Бүкілресейлік съезінде қабылданған Жер туралы декрет бойынша алғашқы шаралар жүргізіле бастады.
Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ облыстық және уездік орталықтарда да жұмысшылар мен шаруалардың өкіметін нығайту ісі, ауылдық және селолық Кеңестерді құру ісімен бірге жүргізді. Алайда ауылдың экономикалық және мәдени жағынан артта қалуынан туындаған қиыншылықтар, әлі де күшті рулық байланыстар қазақ ауылдары мен болыстарында Кеңес өкіметінің органдарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарын қиындатты. 1918 жылдың күзінен бастап басқарудағы ала-құлалық жойылып, билік Кеңес атқару комитеттері қолына алына бастады. Сонда да болса, ауыл-селоларда әлі Кеңестер күш ала алмай жатты. Кеңес өкіметінің нұсқау, жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық азық-түлік тапшылығынан зардап шекті. Кеңес өкіметіне қарсы күштер бас көтерді. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын басу үшін, жергілікті жерлерде өкімет билігін нығайту қажет болды. Кеңес өкіметін нығайту жолындағы күресте облыстық және уездік кеңестер съездері көп рөл атқарды. Облыстық, уездік, болыстық кеңестерде жер, азық-түлік, шаруашылық, сот, бақылау, қаржы бөлімдерінің жұмысын жолға қоюға бағытталған шаралар іске асырылды. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдері ашылды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады. Осындай төңкерістік шараларды іске асыру барысында, асыра сілтеушілік, солақайлық, теріс әрекеттер орын алып, Кеңес өкіметіне деген сенімсіздік күшейді.
Әсіресе, Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін ұлттық, ең алдымен ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелері өткір сипат алып, талқылана бастады. Кеңес өкіметінің ұлттық саясатының негізгі принциптері маңызды екі құжатта — 1917 ж. 2 қарашада қабылданған "Ресей халықтары құқықтарының Декларациясында" және 1917 ж. 20 қарашада жарияланған Кеңес өкіметінің "Барлық Ресей және Шығыс мұсылман еңбекшілеріне" үндеуінде көрініс тапты. 1918 ж. қаңтарда кеңестердің Бүкілресейлік 3-съезінде В.И.Лениннің дайындаған "Еңбекшілер мен қаналған халықтардың құқықтары Декларациясы" қабылданды. Бұл құжатта Коммунистік партияның кеңес республикасының мемлекеттік құрылымы түріндегі кеңестік федерацияны ымырасыз жақтайтыны айқын көрсетілді. Декларацияда "Кеңестік Ресей Республикасы еркін ұлттар одағының негізіндегі кеңестік ұлттық республикалардың федерациясы түрінде құрылады" делінген.

РКФСР құрылғаннан кейін елдің Шығысында жаңа автономиялық республикаларды құруға дайындық жұмыстары басталды. Большевиктік ұйымдар, Қазақстан және Түркістанның Кеңестері кеңестік бүкілқазақ, бүкілтүркістандық съездерін шақыруға дайындала бастады. 1918 ж. көктемінде еліміздің шығысында Түркістан автономиялық Кеңестік социалистік республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 ж. сәуірдің 20-нан 1 мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің V съезінде іске асты. Қазіргі Қазақстанның оңтүстік аймағы (бұрынғы Сырдария және Жетісу облыстары) Түркістан автономиясының құрамына кірді. Бірақта 1918 ж. қаңтарда кеңестердің 3 — Бүкілресейлік съезі Ленин дайындаған "Еңбекшілер мен қаналушы халықтар құқықтарының Декларациясында" өзге ұлттардың өзін-өзі билеу құқы жоққа шығарылды. Осылайша, әуелі 1918 ж. 5 қаңтарында Бүкілресейлік құрылтай жиналысы, одан кейін 5 ақпанда Ташкент кеңесі шешімімен Қоқанд қаласы шабуылмен алынып, Түркістан автономиясы күшпен таратылды. Қазақстанның қалған жерінде — Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарында және Маңғыстауда қазақ кеңестік мемлекеттілігін құруға дайындық жөніндегі құрделі жұмыс одан әрі жалғастырылды. Қазан төңкерісінен бұрын-ақ қазақ либералдық-демократиялық қозғалысының жетекшілері Қазақстанда кеңестердің бүкілқазақ съезін шақыруға дайындық жұмыстары кеңес өкіметін нығайту процесімен қатар жүргізілді. Мұның өзі шын мәнінде кеңестік мемлекеттікті құру және оны бекіту үшін күрес екендігін көрсетті. Қазақ зиялылары мемлекет кұру процесінің кеңестік жолмен шешілуімен келісе алмады. Мұндай қарсылықтың себептері мынада еді: бірінші — қазақ зиялылары әуел бастан тәуелсіз ұлттық автономия құруды жоспарласа, екінші — олар Қазан төңкерісін қабылдамады, сөйтіп Кеңес үкіметін мойындамады, оны заңсыз орнаған үкімет деп есептеді. Сондықтан да „Алаш" зиялылары ұлттық мемлекет құру үшін күрес жүргізді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Ғұмаров, Е.Тұрмухамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғ.Бірімжанов құрастырған бағдарламаның жобасы "Қазақ" газетінің 1917 ж. 21 қарашадағы санында жарияланды. Бағдарламаның жобасы он тармақтан тұрды. Осы бағдарлама Құрылтай жиналысына сайлауда "Алаш" партиясының ірі табысқа жетуін қамтамасыз етті және 1917 ж. 5—12 желтоқсанда Орынборда өткен Екінші жалпықазақтық съезде қазақ халқының әртүрлі топтарының өкілдерін біріктірді. Төралқа төрағасы Бақтыгерей Құлманов және орынбасарлары Әлихан Бөкейханов, Әзімхан Кенесарин, Халел Досмұхамедов және Омар Қарашев басқарған съезд Қазан төңкерісіне байланысты тез өзгеріп жатқан саяси жағдайдағы "Алаш" партиясының міндеттерін, қазақ автономиясын құру және оның үкіметін қалыптастыру мәселелеріне бірінші кезекте көңіл бөле отырып, қарастырды.


1.ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
2.ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамындағы саяси жағдай.
3.Ресей патшалығының қоныс аудару саясатын жүргізуі.
4.ХХғ. басындағы капиталистік қатынастардың дамуы.
5.Столыпиннің аграрлық саясатының өлке халқының демографиялық жағдайына тигізген әсері.
6.1905-1910жж. кен жұмысшыларының көтерілісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет