ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы техникалық және кәсіби білім беру факультеті Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қазақстан тарихы»



бет64/67
Дата27.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#182753
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Қазақстан-тарихы-Стом-3-курс

Қазақ әде­би­еті. Ре­сей­дегі XX ғасыр­дың ба­сын­дағы ре­волю­ци­ялық қозғалыс ұлттық шет ай­мақтар­дың, со­ның ішінде Қазақстан­ның да жағдайына әсерін тигізді. Са­ны аз ұлттық зи­ялы­лар осы жағдай­ды пай­да­ланып, тәуелсіздік пен бос­тандық үшін, ха­лықты ғасыр­лар бойын­дағы ұйқыдан ояту үшін, қос езгіден: пат­ша өкіметінің отар­шылдық бұғауынан және жергілікті пат­ри­ар­хаттық-ру­лық зор­лық-зом­бы­лықтан құты­лу үшін күрес бас­та­ды. Зи­ялы­лар ха­лықты тәуелсіздік жо­лына шығар­ды, білімді, ғылым­ды, өнерді меңге­руге шақыр­ды.
XX ғасыр­дың ба­сын­дағы қазақ әде­би­еті да­му­ының ерек­шелігі оның басқа ха­лықтар­дың әде­би­ет­терімен бай­ла­нысы бо­лып та­была­ды. Та­рихи жағдай қоғам­дық-эко­номи­калық бай­ла­ныс­тардың күшеюіне се­бепші бо­лып қана қой­май, ру­хани мәде­ни­ет са­ласын­дағы қарым-қаты­нас үрдісін жан­данды­ра түсті. XX ғасыр­дың ба­сын­дағы қазақ әде­би­еті сол та­рихи дәуірдегі ха­лық өмірінің шын­дығы ту­ралы көркем шежіре бол­ды.
Ах­мет Байтұрсы­нов(1873–1938)– XX ғасыр­дың ба­сын­дағы қазақ әде­би­етінің бос­тандық пен тәуелсіздік жо­лын­дағы күрес иде­ясы­мен байытқан ақын. Ол қазақ тілінің ре­фор­ма­торы. Ол араб гра­фика­сы негізінде әліпби жа­сады. 1912 жы­лы бас­талған бұл жұмыс 1924 жы­лы «Жаңа ем­ле» ретінде рес­ми қабыл­данды. А. Байтұрсы­нов «Оқу құра­лы» (1912) және «Тіл құра­лы» оқулықта­рын жаз­ды, олар үш бөлімнен: фо­нети­ка, мор­фо­логия, син­таксис бөлімдерінен тұра­ды. А. Байтұрсы­нов­тың оқулықта­ры қазақтар үшін ғана емес, со­нымен қатар бүкіл түркі тілдес дүние үшін де жаңалық бол­ды. Кейінірек­те ол әдісте­мелік си­пат­тағы «Ба­ян­шы» (1926), «Тіл жұмсар­ту» (1928) де­ген кітап­тар шығар­ды. Әде­би­ет­та­ну жөніндегі тұңғыш еңбек — «Әде­би­ет та­нытқыш» (1926) та Байтұрсы­нов­тың ту­ын­ды­сы.
Міржақып Ду­латов(1885–1935)— Ах­мет Байтұрсы­нов­тың ха­лық бос­тандығы жо­лын­дағы күрес жыл­да­рын­да да, әде­би­ет са­ласын­да да оны­мен қатар жүрген серігі. Оның «Оян, қазақ!» (Уфа,1909) жи­нағы – ха­лық тағды­рының проб­ле­мала­ры өткір көтерілетін алғашқы ту­ын­ды­лар­дың бірі.
«Оян, қазақ!» жа­рыққа шыққан кезінен бас­тап отар­шылдыққа қар­сы бағыт­талған кітап ретінде қабыл­данды, оның та­ралы­мы жойып жіберілді, ал ав­то­ры қуғынға ұшы­рап, та­лай рет түрме­ге қамал­ды. Алай­да бұл ақын­ды мойыт­па­ды, ол өзінің әде­би-көсемсөздік қыз­метін сол күйінде бел­сенді түрде жалғас­ты­ра берді. Бұл ке­зеңде ол «Бақыт­сыз Жа­мал» ро­манын (Орын­бор, 1910), «Аза­мат» (Орын­бор, 1913), «Тер­ме» (Орын­бор, 1915) де­ген жи­нақта­рын шығара­ды. 1913 жыл­дан бас­тап Орын­борда тұрақты тұрып, Ах­мет Байтұрсы­нов­пен бірге «Қазақ» га­зетін шығара­ды.
М. Ду­латов орыс және ше­тел клас­сиктерінің (Пуш­кин, Лер­монтов, Шил­лер, Тоқай) бірқатар ту­ын­ды­ларын аудар­ды. Ду­латов­тың қазақ көсемсөзін да­мытуға да қосқан үлесі баға жеткісіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет