9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
1.Психология пәнінің мақсаты мен мәселелерін анықтау;
2.Психология ғылымының даму тарихымен және кезеңдерімен танысу;
3.Психологияның негізгі әдіс-тәсідері мен мәселелерін анықтау,
4.Психологияның ғылым ретіндегі анықтамасы;
5.Негізгі психологиялық ұғымдар мен зерттеу әдістерінің қалыптасуы,
6.Психологияның әлеуметтік және жаратылыс ғылымдарымен байланысын;
1.Тақырып сұрақтары бойынша ақпаратты дидактикалық бөліммен жұмыс істеу.
2.Сабақтың тақырыбы бойынша жаңа енгізілген түсініктерді семинар дәптеріне жазғызу. Оқытушымен бірге жұмыс істеу.
Психология, реакция, индивид, субъект т.б.
3. Оқушыларды бағалау. 11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%) Сабақтың тақырыбы:Сезіну, қабылдау,елестету және қиялдау.
Реферат пен баяндамалар тақырыптары:
1. Адам психикасының биологиялық және әлеуметтік даму мәселелері..
2. Қазақстанның қоғамдық қайраткерлерінің прогрессивті идеялары.
3. Қазақ ойшылдарының этнопедагогикалық идеялары.
4. Аристотель, Әл-Фараби еңбектеріндегі сана және денсаулық мәселелері.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005
2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000
3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996
4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001
5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994
№2- сабақ
1. Сабақтың тақырыбы:Сезіну, қабылдау,елестету және қиялдау.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Адамның қоршаған ортаны сезінуінің, қабылдауының, оны елестетуінің анализін құрып, психологияның пайда болу тарихының беріктілігін көрсету. Танымдық, түйсіну, эмоционалды еріктілік процестерінің жеке адамды зерттеу өрісінде пайда болуын, оның дербес психологиялық ерекшеліктерін көрсету.
*оқыту: Оқушыларға Түйсіктің айналадан мағлұмат алудың алғашқы көзі екендігін;
*тәрбиелік: Психология ғылымының даму тарихы, психологияның негізгі кезеңдері мен салаларын білу;
*дамыту: Психологияның басқа ғылым салаларымен байланысын анықтау; Психологияның негізгі әдіс-тәсілдері мен зерттеу объектілерін білу;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005
2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000
3. Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996
4. С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001
5. Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1.Психология пәнінің мақсаты мен мәселелерін анықтау;
2.Психология ғылымының даму тарихымен және кезеңдерімен танысу;
3.Психологияның негізгі әдіс-тәсідері мен мәселелерін анықтау,
4.Психологияның ғылым ретіндегі анықтамасы;
5.Негізгі психологиялық ұғымдар мен зерттеу әдістерінің қалыптасуы,
6.Психологияның әлеуметтік және жаратылыс ғылымдарымен байланысын;
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Сезіну, қабылдау,елестету және қиялдау.
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1.Түйсік туралы ұғым. Түйсіктің физиологиялық негіздері.
2.Түйсіктің түрлері. Жеке адамның сенсорлық құрылымы.
3.Қабылдау туралы ұғым. Түрлері.
4.Байқау және байқағыштық. Қабылдау мен байқаудың типтері.
Түйсік – қарапайым жан қуаттарының бірі.Адамзаттың, жан-жануардың айналасын танып білуі түйсіктен басталады.Түйсік бізге тікелей әсер ететін сыртқы факторлар мен тітіркендіргіштердің әртүрлі жеке қасиеттерінің мида бейнеленуі. Түйсік айналадан мағлұмат алудың алғашқы көзі. Біздің түйсіктеріміздің бәрі де мимен байланысып тұрады. Түйсіктер бірнеше түрге бөлінеді. Сыртқы, ішкі, қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер. 19 ғасырдың орта шенінде неміс ғалымдары Э.Вебер мен Г.Фехнер адам түйсігінің пайда болу заңдылығын тұжырымдаған. Мұны сезгіштік, табалдырық немесе түйсіксіз психофизикалық заңы дейді.
Өмір құбылыстарының жүйесі ретінде психология әрбір адамға таныс.Ол оған жеке түйсіктер,қабылдаулар мен зейін,ес,елестер,ойлау құбылыстары түрінде ұсынылуы.Бұлардың көмегімен адам дүниені таниды.Оларды танымдық процестер деп атайды.Мәселен түйсіну өзінің әр алуандығы мен қасиетінде адам үшін қоршаған ортаның маңызды қасиеттерінің түрлілігін көрсетеді.Адам өз іс қимылдарын жоспарлап,оқиғаларда болжап,болашаққа үңіле алады.Еңбекке кірісе отырып,ол өз басында алдын-ала оның нәтижелерін құрастырады,Іс-әрекет жағдайларын ескереді,бұрын алған білімдері мен көзқарастарын пайдаланады.
«Түйсіну» дегеніміз, сезім органдарына тікелей әсер ететін заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің бас миы қабындағы психикалық көрінуі. Түйсінуге қабілеттік нерв жүйесін иеленген барлық тірі жануарда бар, бірақ өз түйсігін ұғынуға тек жоғары дамыған қабықты бас миы барлардың ғана мүмкіндіктері бар. Егер соңғысы уақытша бөлініп қалса (наркоз немесе наркотик көмегімен), онда индивид өте күшті тітіркендіргіштердің өзін саналы түрде түйсіну қабілетін жоғалтады. Түйсінулер дистанттық (көру есту) және контактілік (иіс, дәм сезу) деп бөлінеді. Ең ерте органикалық (аурулық) сезімталдық, содан соң контактілік (иіс сезу) формалары пайда болды. Ал эволюциялық ең жас ретінде рецепторлардың есту және көру жүйелерін есептеуге болады. Адам психикасының қызмет етуі үшін ең маңыздысы көру (сыртқы дүние туралы ақпараттардың 85 %), есту, дене арқылы, органикалық- иіс сезу және дәм сезу түйсіктері болып табылады.
Түсіну органдары өзгерген жағдайларға үйрене отырып, өз сипаттамаларын ауыстыруға қабілетті. Бұл қабілеттілік түйсінулер бейімделігі деп аталады.Мысалы, жарықтан қараңғыға және кері өтуде көздің түрлі тітіркендіргіштерге сезімталдығы он рет өзгереді. Толық көру бейімділігі 40 минутқа дейін қажет етуі мүмкін, мұның барысында түсті сезіну жоғалып немесе қайта пайда болады: қараңғылыққа бейімделуде түстік көру жоғалып, барлығы қара-ақ гаммада қабылданады, жарыққа бейімделуде адам алдымен ашық-көк түсті, кейін қызғылт-сары және қызыл түстерді қбылдайды. Мұның барысында сезімталдық болу 40 минутта 20 мың есеге сезімталдықты жоғарлатады.
2. Қабылдау-адамның сезім органдары арқылы түскен ақпараттарды қабылдау және өңдеу, ол зат немесе құбылыстар бейнелерінің пайда болуымен аяқталады. Бұл образдарды қалыптастыру процесі қабылдау деп аталады. (кейде «перцетивті процесс», «перцепция» термині қолданылады.)
Сонымен бірге көру, есту, түйсіну, кинестезиялық, иіс сезу және дәм сезу кабылдаулары деп бөлінеді.
Көрінетін қозғалысты қабылдау оъектілердің кеңестіктік жағдайы туралы мәліметтермен анықталады, яғни ол заттың ара-қашықтығы дәрежесін көру қабылдауымен және орналасу бағыттарын бағалаумен байланысты.
Кеңестік қабылдау көру, бұлшық ет және түйсіну сезімдері синтезінің көмегімен заттардың көлемі мен формаларын қабылдауға, сондай-ақ бинокулярлы көрумен қамтамасыз етілетін заттардың көлемі мен ұзақтығын қабылдауға негізделеді.
Біз ұзақтықты (кеңестік сияқты) қажеттіліктің ояну сәті мен оны қанағаттандыру сәті арасында уақытша интервал болған кезде ғана ұғынамыз. Басқаша жағдайда біз өзіміздің басымыздан өткен уақытқа назар аудармаймыз. Осы жерден Вундт қалыптастырған, уақытты қабылдаудың негізгі заңы шығады: «Біз өз назарымызды уақыт ағымына аударған кезде, әрдайым ол бізге ұзақ болып көрінеді» . 60 бөлшектен өтетін сағат тілін бақылаған кезде, 1 минуттың өзі бізге ұзақ болып көрінеді.
Кеңестік пен уақытты қабылдаудың негізгі механизмдерінің тума сипаты бар. Белгілі бір жағдайдағы тіршілік әрекеті процесінде олар бұл жағдайлр параметрлерінің үстіне орнығады, бірақ мұндай орнығудың жалпы құрылымдылық элементтері сапалы жаңа жағдайларда оңай құлайды. Эксперименттер толық сенсорлы изоляциямен есеңгіретерлік мәліметтер берді. Адамдарды ыңғайлы температурадағы суы бар ыдысқа батырды, олар онда ештеңе көрген де жоқ, естіген де жоқ, ал олардың қолдарындағы бүркеулер түйсіну сезімін алуға кедергі жасады. Сынаушылар көп ұзамай олардың қабылдау алаңдары құрылымдарының өзгере бастағандығын, уақытты қабылдаудың өзін-өзі сендіруі мен галлюцинациялардың жиілей бастағандығын байқады. Изоляция кезеңі аяқталған кезде қоршаған дүниеге бейімделу қабілетінің жоғалғандығы байқалды. Бұл адамдар объектілердің формаларын айыруға қабілетсіз болып шықты.
Адам өзінің іс-қимылдарын жоспарлап, оқиғаларды болжап, болашаққа үңіле алады. Еңбекке кіріспе отырып, ол өз басында алдын-ала оның нәтижелерін құрастырады, іс-әрекет жағдайларын ескереді, бұдан алған білімдері мен көзқарастарын пайдаланады. Адамдар, әлі өмірде жоқ объектілердің образдарын жасай алады. Адамның мұндай мүмкіншілігі көбіне оның елестеулеріне негізделген. Елестету- басқа психикалық процестерден бөлек тұрған және қабылдау, ойлау және жад арасындағы жағдайды иеленген адам психикасының ерекше формасы. Елестету өзгігінше ақиқатты көрсетеді. Ол өмірмен келісілген. Елестету образдары көзқарастар образдарынан ерекшеленеді. Елестету образдары – бұл бұрын біз қабылдап көрмеген заттар мен құбылстардың образдары (мәселен, атом жарылысы және оның зардаптары немесе космостағы салмақсыздық жағдайы т.б. ) Олар бар елестетулер негізінде, олардың өңделуі мен араласуының арқасында пайда бола алады. Ал бұл ойлаусыз мүмкін емес. Бірақ елестету тек жадымен, көзқарастармен және ойлаумен ғана байланысты емес. Оған адамның қажеттіліктері, оның тілегі, қызығушылығы, ерік-жігері, т.б. жатады. Адамдар әлі өмірде жоқ объектілердің образдарын жасай алады.
Біздің санамызда тек қана бұрын біз қабылданған нысандар туралы елестетулер болумен қатар,біз қабылдамаған нысандар туралы елестетулер болады.Бұл елестетулер қабылданған заттар туралы елестетулердің негізінде тәжірибе мен білімнің негізінде қиял арқылы жасалады.Бүл елестетулердің ес елестетулерінен ерекшелігі қиял елестетулері деп аталады.Адамның іс әрекеті жан жақты.Ол өзінің еңбегімен табиғатты өзгертеді,табиғатта жоқ заттарды жасайды.Өзендердің бағытын өзгертеді,күрделі машиналар мен тұрмыстық заттарды,жаңа технологияны өндіріске ендіреді.Егер де өз іс әрекетінің нәтижесін анық елестете білмесе,адам осының барлығын істей алмаған болар еді.
Сонымен,қиял деп елестетулердің негізінде бұрын соңды қабылданылмаған заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін жасауын айтамыз.Адамның жаңаны ойлап табуы бұл белгілі білімнің ,өзгертілген,жаңартылған,жетілген түрі.Фантастикалық бейнелер үшін материал әруақытта жер бетіндегі шындық құбылыстар болып табылады.
Қиял адамның өте бағалы психикалық үрдісі.Қиял еңбек үрдісінде пайда болды және дамыды.Қиялдың іс әрекеті белгілі бір жағдайда қажеттіліктер арқылы пайда болады.Қиялдың үрдісі тек елестетулерді қайта жаңғыртумен жәнеоларды механикалық біріктірумен шектелмейді.Қиял үрдістерінде ес елестетулері қайта өңделеді,сонымен,қайта өңдеудің нәтижесінде жаңа елестетулер жасалады.
Қиял өзіндік дәрежесіне және оның нәтижесінің ерекшелігіне қарай екі түрге бөлінеді:қайта жасау қиялы және шығармашылық қиялы.
Қайта жасау қиялы дегеніміз адамның жаңа заттар мен құбылыстарды сөздік суреттеу немесе шартты бейнелеу түрінде елестетуі болып табылады.
Қиялдың бұл түрі әртүрлі іс әрекетте кеңінен қолданылады,әсіресе,оқыту үрдісінде атқаратын қызметі ерекше.Заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін жасау адамдардың сөзі арқылы,сонымен қатар жазба және заттай құжаттар арқылы іске асады.Қайта жасау қиялына нақты мысал ретінде біздің кинолардан көру,кітаптардан оқу арқылы Ұлы Отан соғысында батырларымыздың ерліктерін елестете аламыз.
Шығармашылық қиялы дегеніміз дайын суреттеуге немесе бейнелеуге сүйенбей шығармашылық қиял үрдісінде жаңа бейнелер жасау.Қиялдың бұл түрі адамдардың шығармашылық қызметінің барлық түрлерінде ерекше рол атқарады.Шығармашылық қиялда адам өзі қандай да бір жаңаны жасайды.Мысалы:жазушының қиялы осындай,ол өзінің шығармалары үшін кейіпкерлердің типтік тұлғасын жасайды.Шығармашылық қиялдың образдары сөздік және материалдық нысандарға жинақталған,іске асырылған болуы керек.Шығармашылық қиял өнердің барлық түрлерінде поэзияда,музыкада,бейнелеу өнерінде,сәулет өнерінде,жаңашылықта,ғылым мен техникада жаңалық ашушыларда байқалады.Шығармашылық қиял үрдісінде адамтек өз санасында жаңа мазмұнды жасап қоймайды,объективтік жаңа шындықтарды жасайды.
Қиял ерікті және еріксіз болып бөлінеді.
Еріксіз қиял алдын ала мақсат қоймай, ерік жігер жұмсамай іске асатын қиялдың түрі. Бұл жерде бейнелер өздігінен жасалады. Қиялдың еріксіз іс әрекеті ең алдымен қазіргі сәтте қанағаттанбаған қажеттіліктердің нәтижесінде пайда болады. Мысалы, адам сусыз шөл далада болғанда қатты шөлдейді, ондай жағдайда адамда еріксіз су көздері туралы бейнелер жасалады. Қиялдың еріксіз үрдістері белгілі бір қабылдаудың, елестетудің, ойлаудың, сөйлеудің, сезімнің әсерімен пайда болады.
Ерікті қиял алдын ала қойылған мақсат бойынша, белгілі бейнені жасау үшін қажетті материалдарды таңдауға күш жігерді жұмсау арқылы іске асады.Өнердің барлық туындылары ең алдымен ерікті қиялдың нәтижесі.Ерікті қиял еріксіз қиялдан бөлек,оқшау іске аспайды: ерікті қиял үрдісінде әруақытта да еріксіз қиялдың сәттері байқалады.Ақынның,суретшінің,ғалымның,жаңалық ашушының шығармашылық қызметінде байқалатын,кездейсоқ басқа күштер емес,ол оның өзінің жанындағы күштері оның тәрбиесі,білімі,ойлаудың,қиялдың,зейіннің даму деңгейі.Шығармашылық шабыт сияқты күрделі құбылысты түгелге дерлік еріксіз қиялдың қызметіне жатқызуға болмайды.Сонымен қатар шығармашылық қиялдың өнімділігі ең алдымен ерік,күш жігерге тікелей байланысты.
Әрбір адам өзінің болашағы туралы міндетті түрде ойлайды,оны жоспарлайды.Адамның болашақтағы қажеттілік туралы ойлары арман деп аталады.Арман айқын немесе күңгірт болуы мүмкін.Арман шындықты өзгертуге бағытталған адамның шығармашылық күштерін өмірге енгізудің қажетті шарты.Арман адамды талпындыратын,итермелейтін, себеп немесе іс әрекеттің түрткісі болып табылады.Адам неғұрлым аз армандаса,солғұрлым ол енжар және еріксіз келеді,солғұрлым жағымсыз ықпалдарға аз қарсылық білдіреді.Арман қажеттілік,жалған,бос қиялдаушылық қажетті бейне жасайтын қиялдың жұмысы,ондай қиялды іске асыру мүмкін емес,себебі адам оны өмірге енгізуді білмейді.Арманды іске асырудың мүмкіншіліктерін ескермейтін адамдар жалған қиялдаушылар,фантазерлер.Өмірмен байланысты әсерлі қиял адамды еңбекке шабыттандырады,іс әрекетке талпындырады.Сондықтан да қиялдай отырып,өзінің қиялының бейнесін бақылап отыру керек және күнделікті өмір тынысынан қол үзуге мүмкіншілік бермеу қажет.Арман,қиял күнбе күн болашақты біздің бүгінгімізбен байланыстырғанда ғана пайдалы болады.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
1. Түйсікке әсер ететін сыртқы факторлар;
2. Сыртқы түйсік, ішкі түйсік, қозғалыс түйсігі;
3. Түйсіксіз психофизикалық заң;
4. Түйсік мәдениетін дамыту;
5. Қабылдаудың талғамалығы, уақытты қабылдау;
6. Апперцепция деген не?
1.Сабақтың тақырыбы бойынша жаңа енгізілген түсініктерді семинар дәптеріне жазғызу. Оқытушымен бірге жұмыс істеу.
Түйсік, абсолюттік сезгіштік, психофизикалық заң, сенестизия, апперцепция т.б
2.Тақырып сұрақтары бойынша ақпаратты дидактикалық бөліммен жұмыс істеу.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Достарыңызбен бөлісу: |