Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы С. Кәттебеков атындағы жалпы орта мектеп


Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар



бет2/2
Дата23.08.2017
өлшемі253,3 Kb.
#25295
1   2

Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар.

  • Жұмыс дәптерінің болуы.

  • Танымдық іс – әрекетімен ой – өрісін кеңейту.

  • Интернет желісін пайдалану.

Пән аралық байланыс: Химия, экология, география, анатомия, омыртқасыздар зоологиясы.

Кәсіпке бағдарлау: Биология, медицина, химия, биотехнология бағытында даярлау.

Оқытудың соңғы нәтижесі

Оқушы білуі тиісті:

  • микроорганизмдердің морфологиясын, физиологиясын, антигендік құрылымын және экологиясын;

  • адам организміндегі арнайы және арнайы емес микробқа қарсы қорғаныс факторын;

  • инфекциялық және инфекциялық емес микробтық аурулардың қозуындағы микроорганизмдердің этиологиялық маңызын;

  • инфекциялық иммунология мен аллергологияның негіздерін;

  • жұқпалыаурулардыңарнайыалдыналуыжәне ұтымдыантибиотикпенемдеудіңпринциптерін;

  • антисептика,асептика дезинфекцияны, стерилизацияныңмикробиологиялықнегіздерін;

  • адамдар арасындағы кең таралған жұқпалы аурулардың түрлерін;

Курсты ұйымдастыру формасы: Сабақта, деңгейлік тапсырмалар, тест,топтық және жұптық оқыту әдістері.
Баяндама және рефераттар тақырыптары

1.Микробиология ғылымы.

2.Микроорганизмдер генетикасы

3.Иммунитет. Инфекциялық аурулар



4.Спора түзетін және спора түзбейтін бактериялар
Микробиология пәнінің тақырыптық-күнтізбелік жоспары




Дәрістердің тақырыптары


Сағат саны

Мерзімі

1

Микробиология – ғылым ретінде дамуы. Мақсаттары және міндеттері.

2




2

Бактерия жасушасының морфологиясы, ультра құрылымы, химиялық құрамы және атқаратын қызметі. Бактерияларды жүйелеу принциптері. Бактериялардың биохимиясы және физиологиясы.

2




3

Микроорганизмдердің генетикасы. Патогенділік және токсигендік факторларды генетикалық бақылау.

2




4

Микроорганизмдер экологиясы. Адам ағзасының микрофлорасы. Дисбактериоз. Ауа, су, топырақ микрофлорасы.Микроорганизмдердің санитарлық көрсеткіштері.

2




5

Иммунитет. Иммунитеттің түрлері және формалары. Антиген және антидене туралы түсінік. Антиген – антидене реакцияларына түсінік.

2




6

Инфекция туралы түсінік. Инфекциялық процесске сипаттама. Вирустардың инфекциялық қасиеті.

2







Аралық бақылау







7

Тест тапсырмалары.

2




8

Микробиологиялық бақылау

2




9

Бактериялық инфекциялардың микробиологиялық диагностикасының жалпы принциптері.

2




10

Микоздардың микробиологиялық диагностикасының жалпы принциптері.

2




11

Паразитарлық аурулардың микробиологиялық диагностикасының жалпы принциптері.

2




12

Вирустық инфекциялардың микробиологиялық диагностикасының жалпы принциптері.

2




13

Химиотерапияның микробиологиялық және молекулярлы- биологиялық негіздері. Антибиотиктер. Дезинфектанттар.Бактериялардың тұрақтылық механизмдері.

2




14

Инфекциялық аурулардың иммундық алдын-алу және иммунды терапия негіздері.

2




15

Спора түзетін және спора түзбейтін бактериялар қоздырған инфекциялар Адамның иммунитет тапшылық вирусы. Су, топырак, ауа, тағам өнімдері, жиһаз заттарын санитарлы – микробиологиялык зерттеу әдістері.

2




16

Тест тапсырмалары.

2




17

Микробиологиялық бақылау

2





1. ЖАЛПЫ МИКРОБИОЛОГИЯ.

1.1 Микроорганизмдердің жіктелуі және номенклатурасы

Микроорганизмдерді жіктеу принциптері. Прокариоттар (фотобактериялар, скотобактериялар, эубактериялар, спирохеталар, актиномиоциттер, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар).Эукариоттар (қарапайымдылар, саңырауқұлақтар). Вирустар.

Таксономиялық категориялар: патшалық(әлем), бөлім, класс, қатар, тұқымдастық, туыстастық, түр. Түр - негізгі таксономиялық категория. Микроорганизмдер номенклатурасы. Микроорганизмдер классификациясы. Микроорганизмдер эволюциясы және оның ерекшеліктері.

1.2 Микроорганизмдер морфологиясы.

Бактерия морфологиясы. Бактериялық жасуша құрылымы. Бактериялық жасушаның жекеленген компоненттерінің химиялық құрамы және функционалдық маңызы. Жасушалық қабатының синтезделуі бұзылған бактериялардың түрлері: протопласттар, сферопласттар, бактериялардың L-пішінді түрлері.

Микроорганизмдерді электронды микроскопта зерделеу. Спирохеталардың, актиномиоциттердің, риккетсиялардың, хламидиялардың, микоплазмалардың морфологиясы мен құрылымының ерекшеліктері. Саңырауқұлақтар мен қарапайымдылар морфологиясы.

1.3 Микроорганизмдер физиологиясы.

Бактериялар метаболизмі. Ферменттер, олардың биологиялық рөлі.

Патогенділік ферменттер. Қоректену типі бойынша бактериялардың классификациясы. Бактериялық жасуша ішіне қоректік заттардың тасымалдану механизмі.

Бактериялардың тыныс алуы. Аэробтар және анаэробтар. Микроорганизмдердің өсуі және көбеюі.

Микроорганизмдерді (дақылдық) бактериологиялық зерттеу әдісі.

Қоректік орталар. Қоректік орталарға қойылатын шарттар. Бактериялардың дақылдық қасиеттері.



1.4 Микроорганизмдер генетикасы.

Микроорганизмдер генетикасының маңызы, молекулалық- генетикалық әдістердің негізі ретінде жалпы микробтар маңызды рөл атқарады. Адам денесінің қалыпты микрофлорасын және қоршаған орта нысандарының микрофлорасын және де олардың бұзылыстарының түрлері(дисбактериоздар) туралы алған білім. Инфекция және иммунитет - бір бірімен тығыз байланысты түсініктер беру.



1.5 Бактериялар және вирустар генетикасы.

Молекулалық генетиканың қалыптасуындағы және дамуындағы микробиологияның маңызы. Репарациялар және олардың маңызы. Бактериялардағы генетикалық алмасу. Бактериялардың плазмидалары. Гендік инженерияның мақсаты мен міндеттері. Микробиологияда және биотехнологияда гендік инженерияны іс жүзінде пайдалану.



1.6 Микроорганизмдер экологиясы

Микробтардың қоршаған ортада таралуы. Судың, топырақтың, ауаның, сыртқы орта нысандарының микрофлорасы. Микроорганизмдердің азот, көміртек, күкірт, фосфор және темірдің табиғаттағы айналымына қатысуы.

Қоршаған ортаның физикалық және химиялық факторларының микробтарға әсері.

Стерилизация. Стерилизацияға микробиологиялық бақылау жүргізу. Санитариялық-көрсеткіш микроорганизмдер. Топырақты, суды, ауаны санитариялық-микробиологиялық зерттеу. Химиялық заттардың микроорганизмдерге әсері. Дезинфекция, антисептика, асептика туралы түсінік.

Биологиялық факторлардың ( фагтардың, ферменттердің, сарысулардың және т.б.) әсері.

Адам денесінің қалыпты микрофлорасы және оның организмдегі физиологиялық процестердегі және патологиядағы маңызы. Дисбиоз және оның дамуына әсер ететін факторлар. Антибиотиктер. Классификациясы.



1.7 Инфекциялық процесс туралы ілім.

"Инфекция" (инфекциондық процесс), "инфекциялық ауру" (жұқпалы ауру) түсініктері. Инфекциялық процесс пайда болу жағдайлары.

Инфекцияның кіру қақпасы. Организмде микробтардың және токсиндердің таралу жолдары. Жұқпалы аурудың даму динамикасы. Инфекция түрлері.

Жұқпалы аурулардың пайда болуында және таралуындағы табиғи және әлеуметтік факторлардың рөлі. Вирустық инфекциялардың ерекшеліктері.


1.8. Иммунитет туралы ілім.

Иммунологияның даму тарихы. Инфекциялық иммунологияның негіздері.

Табиғи иммунитет. Адамның қалыпты микрофлорасының антагонистік қасиеттері. Табиғи иммунитеттің гуморальдық және жасушалық факторлары.

Аллергендер туралы түсінік. Сенсибилизация, шешілу, десенсибилизация. Жоғарғы сезімталдықтың жедел типі (ЖЖТ-ГНТ ).

Вакциналар. Вакциналарға қойылатын шарттар. Вакциналарды дайындау және организмге енгізу әдістері. Гомологиялық және гетерологиялық иммуноглобулиндер.
2. ЖЕКЕ МИКРОБИОЛОГИЯ

Медициналық жеке микробиологияның мақсатын, міндетін және әдістерін білу инфекциялық патологияның әр түрлі саласы, соның ішінде бактериялық инфекциялар бойынша оқушыларға білім алуға мүмкіндік береді.


Бактериялық инфекциялар. Патогенді және ШП бактериялар

      1. Грам-оң кокктар.

Стафилококктар, стрептококктар, энтерококктар. Классификациясы. Қасиеттерінің жалпы сипаттамасы. Патогенділік факторлары.

Грам-теріс кокктар.

Нейссериялар: менингококктар, гонококктар. Қасиеттерінің жалпы сипаттамасы.



2.1.3. Грам-теріс кокктар.

Энтеробактериялар: эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар, протеялар, иерсиниялар. Жіктелуі, сипаттамасы. Иммунитет. Риккетсиялар. Классификациясы. Бөртпе сүзек, Ку-қызбасының қоздырғыштары. Қасиеттерінің жалпы сипаттамасы. Экологиясы.

Бруцеллалар. Қасиеттерінің жалпы сипаттамасы. Экологиясы.

2.1.4.Грам-оң бактериялар

Микобактериялар. Туберкулез қоздырғыштары. Жалпы сипаттамасы. Резистенттілігі. Туберкулин. Иммунитет.

Актиномицеттер. Жалпы сипаттамасы. Экология.

Күйдіргі қоздырғышы. Жалпы қасиеттерінің сипаттамасы. Экология. Клостридиялар. Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Экология. Клостридиялар – ботулизм, сіреспе, газды анаэробты инфекция қоздырғыштары.



Иректелген бактериялар

Вибриондар. Тырысқақ вибрионы. Жалпы сипаттамасы.

Трепонемалар. Мерез қоздырғышы. Лептоспиралар. Жалпы сипаттамасы. Адам организміне және жануарларға жұғуы. Иммунитет.

2.1.6.Хламидиялар

Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Иммунитет.



2.1.7. Микоплазмалар

Жіктелуі. Жалпы сипаттамасы. Иммунитет.

Бұл бөлім бізге вирустық, паразитарлық, саңырауқұлақты инфекциялардың микробиологиялық диагностикасын толығымен игеруге мүмкіндік береді
2.1.8.Жалпы вирусология

Вирустар патшалығы. Вирион, вирус, прион түсінігі. Адам организмінің, жануар, кеміргіштер, өсімдіктер, бактериялар (фагтар) вирустары. Вирустардың жіктелуі және түрлері. Вирион, және оның құрылымы мен морфологиясы.

Вирустардың физиологиясы мен биохимиясы. Вирустардың репродукциясы.

Бактерия вирустары (бактериофагтар).

Адамның тұмау вирусы. Құрылымы, вириондардың химиялық құрамы. Жіктелуі. Иммунитеті.

Жіктелуі жоқ вирустар. Вирусты гепатит D (дельта-вирус). Жалпы сипаттама, Жұғу жолдары. Иммунитеті.


2.1.9.Адамның микозды қоздырғыштары.

Кандида - саңырауқұлақтар туғызатын туыстастығы - кандидоздар қоздырғыштары. Жалпы сипаттама. Жұғу жолдары. Иммунитеті.

Көгерткіш саңырауқұлақтар – адам организміндегі ролі.

2.1.10. Паразитарлы аурулар қоздырғыштары

Қарапайымдылар – бір жасушадан тұратын микроорганизмдер бірлестігі. Қарапайымдылардың ашылу тарихы. Жіктелуі. Морфологиясының және өсу көбеюінің негіздері. Қоздыратын аурулар


Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1.Иммундыбиологиялық препараттар түсінігі

2.Диагностикалық және емдік иммундыбиологиялық препараттар

3.Вакциналар, сарысулар, иммуноглобулиндер, эубиотиктер, пробиотиктер, аллергендер, диагностикумдар.



Бағалау шкаласы**


Таңбалау жүйесі бойынша бағалау

Бағаның сандық баламасы

Бағаның пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық



С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


Пәннің саясаты

  • Оқушы түзілген кестеге сәйкес дәріс және тәжірибе сабақтарына қатысу міндетті;

  • сабаққа кешікпеу;

  • сабақты жібермеу;

  • оқу процесіне белсенді араласу;

  • ішкі тәртіпке бағыну және орындау;

  • үй тапсырмаларын өз уақытында және нақты орындау;

  • тапсырмалар орындалмаған жағдайда және дәріске себепсіз қатыспаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;




Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі :

  1. Микробиология және вирусология ( жалпы бөлім ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының студеттеріне арналған оқу құралы)-Астана,2005.-208 б.;

  2. Микробиология және вирусология( жеке бөлімі ): Оқу құралы Ү.Т. Арықбаева,К.Х. Алмағанбетов, Н.М. Бисенова, Ә.Ө Байдүйсенова Н.Б.Рахметова,Г.Д. Асемова, К.Б. Койшебаева, С.К.Бисимбаева,Н.В. Калина /1-ші басылым.(Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының студеттеріне арналған оқу құралы)-Астана,2006.-199 б.;


Қосымша:

1. Микрооргонизмдер морфологиясы (оқу әдістемелік құрал) Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева. (А.Л.Котованың ред.).-Алматы, 2007 .-128б.

2. Микроорганизмдер физиологиясы. (Оқу әдістемелік құрал) Б.А. Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева..-Алматы.,2007,-132 б.
3. Инфекция туралы ілім. Оқу құралы Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы..-А.,2007,-112 б.

ЕСКЕРТУЛЕР



_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет