Түркі билеушілері
ОРЫНДАҒАН:БАҒДАТОВ МАДИЯР ТЕКСЕРГЕН: ЕСПЕНБЕТОВА А.М
Туұлы Бумын қаған (? – 552 ж.) - түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі Бірінші Түрік қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі.
Оның алғаш тарихқа танылуы түркі еліне Батыс Вей империясының елшілерінің келуімен тікелей байланысты. Бұл кезде түркі елі Жужан қағанатының құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен айналысатын бодан ел болатын. Бумынның бұл кездегі билік лауазымы ұлы йабғу (даиеху). Оған ол түркі елінің басшысы болған әкесі Ту (Туву) өлгеннен кейін, мұрагерлік жолмен ие болған.Кезінде хатталып, қағаз бетіне түспегендіктен, Батыс Вей империясынан елші келгенге дейінгі түркі елінің де, оның басшысы Бумынның да тарихы белгісіз. Сондықтан да болар тарихшылар ортағасырлық түркілердің тарихын, шартты түрде, осы елшілер келген "да тун" жылнамасының он бірінші жылынан, яғни 545 жылдан бастайды.Елшінің келген мақсаты түркілердің Батыс Вей империясының бақталасы Шығыс Вей империясының одақтасы болып отырған Жужан мемлекетіне қарсы қойып, қарсыластар күшін әлсірету әрі оларды күресте өздерінің жақтасы ету болатын. Бумынның аса ірі саясаткер, көреген басшы екенін танытатын тұс та, міне, осы кез. Ол алып империяның айдапсалына елігіп, билікке таласушылардың қолшоқпарына айналмай, өз саясатын жүргізе біледі.Асылы, Бумын өзін империя қолдайды екен деп, аңдаусыз аяқ басудың апатқа ұрындырарын мейлінше ұққан сақ жан. Жылнамалар жеткізген тапшы деректер осыны дәлелдейді. Ол Батыс Вей секілді империяның қолдауын пайдаланып қалайын деп, телылар сияқты жанталасып, бірден атқа қонбайды. Батыс Вейдің елшісі кеткеннен кейін оларға өзінің елшісін жіберіп, бар жағдайды өз адамдары арқылы толық біліп алады. Күресте көмектеседі деген империясының өз көмегіне зәру мүшкіл хәлін көреді. Азаттық күресінде тек өз күшіне ғана сүйену керектігін, қазіргі жағдайында қыздырманың тіліне еріп, қарсы шыққанменен, дәуірлеп тұрған жужандарды жеңуге шамасы жетпейтінін түсінеді. Сол себепті де ол ешкім күтпеген әрекетке барып, жужандарға қарсы жорыққа аттанған телы тайпаларын қолдау орнына, оларға тосыннан тиісіп, бүкіл елін өз қарауына қосып алады.
Қайраткерлігі
БҰЛ РЕТТЕ «ЖЫУ КІТАБЫ» (ЖЫУШУ): «ОСЫ КЕЗДЕ (546 Ж.) ТЕЛЫЛАР ЖУЖАНДАРҒА ҚАРСЫ ЖАЗА ЖОРЫҒЫНА ШЫҒАДЫ. ТУМЫН (БУМЫН) ӨЗІНЕ ҚАРАСТЫ ТАЙПАЛАРДЫ БАСТАП, ОЛАРҒА ОРТА ЖОЛДА БҮЙІРДЕН ТИІСІП, ТАЛҚАНЫН ШЫҒАРАДЫ. СӨЙТІП 50 МЫҢ ТҮТІНДІК БҮКІЛ ЕЛІН БАҒЫНДЫРАДЫ» ДЕГЕН ДЕРЕК БЕРЕДІ.ОСЫЛАЙША ЕЛІНЕ ЕЛ ҚОСЫП, ЖАУЫНГЕРЛЕР САНЫН КӨБЕЙТІП, ӘСКЕРИ ҚУАТЫН НЫҒАЙТЫП АЛҒАННАН КЕЙІН БАРЫП, ОЛ ЖУЖАНДАРҒА ҚАРСЫ ШЫҒУДЫҢ ӘРЕКЕТІНЕ КӨШЕДІ. ОНДА ДА ӨЗІ БІРДЕН ТИІСПЕЙ, ЖУЖАНДАРДЫҢ ӨЗІН СОҒЫСУҒА МӘЖБҮРЛЕЙДІ. ЖУЖАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ БИЛЕУШІСІ АНАҒҰЙҒА ҚЫЗЫН ӨЗІНЕ ӘЙЕЛДІККЕ БЕРУДІ СҰРАП, ЕЛШІСІН ЖІБЕРЕДІ. БҰЛ СОЛ КЕЗДІҢ ДИПЛОМАТИЯСЫНДА: «МЕНІҢ ЕНДІ СЕНІМЕН ТЕРЕЗЕМ ТЕҢ. МЕНІМЕН САНАСУҒА ТИІСТІСІҢ» ДЕГЕНДІ БІЛДІРЕТІН ЕДІ. БҰҒАН, ӘРИНЕ, АНАҒҰЙ КЕЛІСЕ АЛМАДЫ, ТАС ТАЛҚАН БОЛЫП АШУЛАНЫП, БУМЫНДЫ БАЛАҒАТТАП, «СЕН МЕНІҢ ТЕМІРШІ ҚҰЛЫМСЫҢ, БҰЛАЙ ІСТЕУГЕ ҚАЛАЙ БАТЫЛЫҢ БАРАДЫ» ДЕП, АРНАЙЫ ШАПҚЫНШЫСЫН ЖІБЕРЕДІ.БУМЫННЫҢ КҮТКЕНІ ДЕ ОСЫ ЕДІ. ДӘСТҮР БОЙЫНША, ЕНДІ ОНЫҢ ҚОРЛАНҒАН ЖАН ЕСЕБІНДЕ НЕ ІСТЕЙМІН ДЕСЕ ДЕ ЕРКІ БАР, ХАЛЫҚТЫҢ ТОЛЫҚ ҚОЛДАУЫНА ИЕ БОЛАДЫ. ОСЫНЫ ҚАПЫСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАН БУМЫН ӨШПЕНДІЛІКТІ ОДАН ӘРІ ӨРШІТЕ ТҮСУ ҮШІН АНАГҮЙДІҢ ШАПҚЫНШЫСЫНЫҢ БАСЫН АЛУҒА ӘМІР БЕРЕДІ. ҚАҒАН ШАПҚЫНШЫСЫН ӨЛТІРУ БҰЛ ДАҒЫ СОҒЫС АШУДЫҢ БІР СЫЛТАУЫ БОЛАТЫН.АҚЫРЫ ФИ ДИ ЖЫЛНАМАСЫНЫҢ БІРІНШІ ЖЫЛЫНЫҢ (552Ж.) БІРІНШІ АЙЫНДА ХУӘЙ ХУАННЫҢ ТЕРІСТІГІНДЕГІ КЕҢ ЖАЗЫҚТА ЖУЖАНДАР МЕН ТҮРКІ ӘСКЕРІ ШЕШУШІ АЙҚАСҚА ШЫҚТЫ. ОСЫ ШАЙҚАСҚА ЖЕТІ ЖЫЛ БОЙЫ ҚАПЫСЫЗ ДАЙЫНДАЛҒАН БУМЫН АШУДЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ АСЫҒЫС ЖИНАЛҒАН ЖУЖАН ӘСКЕРІНІҢ ТАС ТАЛҚАНЫН ШЫҒАРДЫ. ОЙСЫРАЙ ЖЕҢІЛГЕН АНАҒҰЙ ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАДЫ. СӨЙТІП БАЙТАҚ ДАЛАДА БІР ЖАРЫМ ҒАСЫР БОЙЫ ДАРА БИЛІК ЖҮРГІЗГЕН ЖУЖАН ҚАҒАНДЫҒЫ ҚҰЛАДЫ. ОНЫҢ ОРНЫНА КЕЙІН ҰЛЫ ДАЛАҒА БІРНЕШЕ ҒАСЫР БОЙЫ ҮСТЕМДІГІН ЖҮРГІЗГЕН АТАҚТЫ ТҮРКІ ҚАҒАНАТЫ ОРНАДЫ.ТҮРКІ ЕЛІ ЖИНАЛЫП, БУМЫНДЫ АҚ КИІЗГЕ КӨТЕРІП, «ЕЛХАН» ДЕП ЖАРИЯЛАДЫ. ӘЙЕЛІНЕ «ЕЛ БІЛГЕ ҚАТЫН» ДЕГЕН АТАҚ БЕРДІ. БІРАҚ БУМЫН ҚАҒАН ӨЗІ ОРНАТҚАН ҚАҒАНАТТЫҢ ДӘУІРЛЕП ДҮРКІРЕГЕНІН КӨРЕ АЛМАДЫ. 553 ЖЫЛДЫҢ ҚОЗЫ АЙЫНДА ӨЗ АЖАЛЫНАН ҚАЙТЫС БОЛДЫ.
ҚАРА-ЕСКЕ ҚАҒАН
ҚАРА-ЕСКЕ ҚАҒАН (ҚАРА ЫССЫҚ ҚАҒАН, КОЛО ИСИГИ КЭХАНЬ, ҚАРА ҚАҒАН, АШИНА КЭЛО, ИСИЦЗИ) (? – 553) – ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНЫҢ ЕКІНШІ ҚАҒАНЫ (552 – 553, 6 АЙ), БУМЫН ҚАҒАННЫҢ ҮЛКЕН ҰЛЫ. ТАҚҚА ӘКЕСІ ӨЛГЕННЕН КЕЙІН ОТЫРҒАН. ЖУЖАНДАР АНАҒҰЙДЫҢ ІНІСІН БИЛІККЕ ӘКЕЛІП, ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНА ҚАРСЫЛЫҚ КӨРСЕТЕ БАСТАЙДЫ. ЛАЙШАҢ ТАУЫНЫҢ МАҢЫНДА ТҮРІКТЕР ЖУЖАНДАРДЫ ТАҒЫ ДА ЖЕҢІЛІСКЕ ҰШЫРАТТЫ. ОСЫ ШАЙҚАСТА ҚАРА-ЕСКЕ ҚАҒАН ҚАЙТЫС БОЛЫП, ЖУЖАНДАР ТОЛЫҚ ТАЛҚАНДАЛУДАН АМАН ҚАЛДЫ.
Мұқан қаған (Муюй Кигин) – Түрік қағандығының қағаны (553 – 572ж.ж). Түрік қағанатының негізін қалаушы Бумын қағанның кіші баласы. Бумын қаған өлгеннен кейін таққа ағасы Қара Еске отырды. Қара Ескенің мұрагері ретінде Қытай деректерінде оның інісі Иркин (Ицзинь) аталады. Ол қағандық тағына Мұқан хан деген атпен отырып, Йанту деген қосымша лақап есімге ие болған. Мұқан хан тұсында Солтүстік Қытай мемлекеттері – Чжоу, Ци және Енисей қырғыздары мен қидандар Түрік қағандығына тәуелді болып, салық төлеп тұрды. Түрік қағандығы Ұлы Жібек жолына дербес бақылау жасау мақсатымен Иранға қарсы Византиямен одақтасып, қағандықтың батыс шекарасын Әмудария өзенінің бойына дейін кеңейтті. Мұқан хан кезінде Түрік қағандығы барынша дамыды.
Тобо хан, Табар, Таспар – ежелгі Түрік қағандығының 4-қағаны (572 – 81). Тобо хан билік құрған кезде, қағандық едәуір күш-қуат жинады. Оның аумағының ұлғаюы көптеген реформаларды жүзеге асыруды талап етті. Солардың бірі бірнеше ірі иеліктер құру және қағандықты – Шығыс (телелер) және Батыс (тардуштар) қағандық деп екіге бөлу еді. Тобо хан көршілес елдерді жаулап, иелігін ұлғайтып отырды. Ежелгі жылнамалардың бірінде Тобо хан Қытайды түпкілікті күйрету ниетінде еді, бірақ император сарайы түркілерге жыл сайын 100000 м жібек мата, т.б. алым-салық төлеп тұруға келісті деп атап жазған. Тобо ханның билік құрған кезі – ежелгі түркі қауымындағы мұрагерліктің белгілі жүйеге келген кезеңіне сәйкес келді.
АМРАК ҚАҒАН ( ҚЫТАЙША: 阿史那庵逻 (ASHINAANLUO) - ЯНЬЛО; ЖЕКЕ АТЫ ҚЫТАЙША: 庵逻 — АШИНА АНЬЛО) — ТОБО ҚАҒАННЫҢ ҰЛЫ, ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНЫҢ (КӨК ТҮРІКТЕРІ) 581 ЖЫЛДАН БИЛІК ЕТКЕН 5-ШІ ҚАҒАНЫ.
ОЛ ТОБО ҚАҒАННЫҢ ҰЛЫ. ҚАЙТЫС БОЛАРЫНЫҢ АЛДЫНДА ӘКЕСІ АМРАКТЫҢ НЕМЕРЕ АҒАСЫ ТӨРЕМЕНДІ ТАҚҚА ОТЫРҒЫЗУДЫ АМАНАТТАҒАН. АЛАЙДА ДАЛОБЯНЬ (ТӨРЕМЕН, МҰҚАН ҚАҒАННЫҢ КІШІ ЖҰБАЙЫНАН) ТЕГІ ТӨМЕН ДӘРЕЖЕЛІ ДЕП САНАЛЫП, АҚСҮЙЕК ҚАУЫМЫ ОНЫ ҚАҒАН БОЛУҒА ЛАЙЫҚСЫЗ ДЕП ТАПТЫ. ШЕТУДІҢ (БАҒА ЫШБАР ҚАҒАН) ҚЫСЫМЫМЕН ОЛАР АМРАКТЫ ҚАҒАН ЕТІП САЙЛАДЫ. ТӨРЕМЕН ЖАҢА САЙЛАНҒАН ҚАҒАНДЫ ОРНЫНАН ТҮСІРІП, ТАҚТЫ ИЕЛЕНУДІ КӨЗДЕДІ. АЛ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ҚАҒАНДЫ КӨПШІЛІКТІҢ КӨЗІНШЕ БАЛАҒАТТАП, ЖАЗАСЫЗ ҚАЛЫП ЖАТТЫ. ТҮРІК АҚСҮЙЕКТЕРІНІҢ ЖИЫНЫНДА ЕРЖҮРЕК ӘРІ БАТЫЛ ШЕТУДІ ҚАҒАН САЙЛАУҒА ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ. ТӨРЕМЕН АПА-ХАН ДЕГЕН ЛАУАЗЫМ АЛЫП СОЛТҮСТІККЕ КЕТІП ҚАЛДЫ. ШЕТУ БАҒА ЫШБАР ҚАҒАН АТАНДЫ
Қара Шұрын Түрік иран-түрік соғысынан кейін Нілі ханды Пайкенд аймағының билеушісі етіп тағайындады. Парсы деректеріне сүйенсек Бахрам Чубинның әскеріне қарсылық көрсеткен, алайда ақырында тұтқынға түсіп қалады да (немесе келіссөздер үшін берілген) VI Ормизд ке жіберіледі, ол оны жақсы қарсы алып Пайкендке қайтарады. Қара Шұрын Түрік қаған атанғаннан кейін Нілі хан Түрік қағанатының батыс аймағының билеушісі болды. VII ғасырдың басында Қара Шұрын Түрік Тоғонға қашқаннан кейін таққа талас басталған еді. Нілі хан осы соғыстардың барысында қаза болды.
Елтегін Бұйрық хан немесе Нилі хан (қытайша: 泥利可汗 (nilikehan), арм. Йаль-тегин, парсы: Пармуда немесе Барамуда, Или-тегин) — 603 жылдан бастап Батыс Түрік қағанатының бірінші қағаны.
ЕЛ КЮЛЮГ БАҒА ЫШБАРА, ШАБОЛИО НИЕТУ (Т.-Ө.Ж.Б.) — ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНЫҢ ҚАҒАНЫ (581 — 87), ТОБО ҚАҒАННЫҢ ҰЛЫ.ОЛ ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНЫҢ ШЫҒЫС ЖӘНЕ БАТЫСҚА БӨЛІНУ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ЕҢ ҚАБІЛЕТТІ, АЛҒЫР, БАТЫЛ ҚАҒАНЫ БОЛҒАН. ОСЫ КЕЗЕҢДЕ КҮШЕЙІП, ӘРІ ТҮРКІЛЕРГЕ ҚАРСЫ “ҚЫРҒИ ҚАБАҚ” САЯСАТ ҰСТАНҒАН СУЙ ӘУЛЕТІНЕ ТОЙТАРЫС БЕРДІ. 581 Ж. ӨЗІНІҢ ОДАҚТАСТАРЫ ДАТОУ ҚАҒАН ЖӘНЕ АБО ҚАҒАНДАРМЕН БІРІГЕ ОТЫРЫП, 400 МЫҢДЫҚ ӘСКЕРМЕН СУЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ АСТАНАСЫ ЧАНАНЬҒА ДЕЙІНГІ ЖЕРЛЕРДІ ҚОЛАСТЫНА ҚАРАТТЫ. АЛАЙДА 6 Ғ-ДЫҢ 80-ЖЫЛДАРЫНЫҢ АЯҒЫНДА ӨЗ ЖАҚТАСТАРЫ АРАСЫНДА БАСТАЛҒАН АЛА АУЫЗДЫҚТАРДЫҢ САЛДАРЫНАН ҚАҒАНАТ ӘЛСІРЕП, ЫДЫРАУ ҮРДІСІ БАСТАЛДЫ.
Жабғу Баға қаған (қытайша:莫何可汗); туған кезде аты Ашина Чулохоу (қытайша:阿史那处罗侯)) — (т.ж.б.- 588) - Түрік қағандығының жетінші қағаны (587 -588), Бумын қағанның немересі.Ақылды, қулығымен астыртын іс-әрекеттерге шебер адам болған. Ағасы Ишбар қағанның тұсында Ч. ресми қағанға қарсы топ ішінде болды. Бірақ билікке Ишбар қағанның ұлы Юн-Улуқтың ұсынысымен және қолдауымен келді. Ч. билікке келер келер тұста Түрік қағандығының ішкі саяси жағдайы өте қиын еді. Ел ішінде тақ таласы жүріп жатты. Ч- дың қаған болып отыруы, яғни ресми қағанға қарсы топ өкілінің билікке келуі және Юн-Улуқтың оны қолдауы ішкі шиеленісті біршама бәсендетті.
Тұлан қаған (қытайша: 都藍可汗 - Дулань-хан Юнъюйлюй; жеке аты қытайша: 阿史那雍虞闾 - Ашина Юнъюйлюй, Юн Улуқ, Он Йоллығ) — Баға Ышбара қағанның ұлы, Түрік қағанатының 588 жылдан 599 жылға дейін билік еткен 8-ші қағаны.
Жанама деректер бойынша 583 жылы ол Төремен Апа-ханға қарсы жорыққа қатыстқан. Баға Ышбар қағанның қайтыс болуынан кейін түрік ақсүйектері Тұланды жаңа қаған етіп сайлады. Жаңа қаған Суй империясымен достық қарым-қатынаста болуды көздеп императорға сыйлықтар жөнелтті. Император оған 2 000 жібек кесегін тарту етті. Түріктер Қытаймен сауда қатынастарын жасауды көздеп императорға 10 000 жылқы, 20 000 қой, 500 түйе мен ірі қара сыйлады. Император түріктермен сауда қатынастарын ашуға бұйрық берді. 589 жылы Суй Вэнь-ди Чэньи қағанның әйелі қытайлық Чжао Цзюньге (Цянь Цзинь) Чэнь әулетінің отбасылық жәдігерін апарып берді. Чжао Цзюнь Чэнь әулетінен шыққан еді, осылайша император оны бейтараптандыруға тырысты. Патшайым императорға өлеңмен жауап берді Император патшайымның әрекетін өрескелдік деп бағалады. Суй Вэнь-ди Чжао Цзюньды сатқын деп айыптап, оны лауазымынан айырды, алайда қағаннан алып кете алмады. Император Нюданды төрт әнші құлдармен бірге қағанға сыйлап, одан Чжао Цзюньды тартып алуды ойлаған еді.
Қара Шұрын Түрік қаған (шамамен 535 – 604) – Түрік қағанатының батыс бөлігінің билеушісі (576 – 599), Түрік қағанатының соңғы қағаны (600 – 603). Істемінің ұлы. Түрік қағанатының көрнекті қолбасшысы, азамат соғысы кезіндегі ханзадалардың ішіндегі күштісі осы болған.
Қара Шұрын Түрік әкесімен бірге 555 жылы эфталиттерге қарсы соғысқа қатысқан. 556 жылы өзі қол бастап Жоңғарияны бағындырған. 558 жылы ағайындары Түрксанф пен Бөріхан иеліктерін құру үшін Еділ мен Орал өңірлеріне жорық ұйымдастырған. 576 жылы Істемі қайтыс болғаннан кейін Тобо қаған соғыста шыныққан, өмірлік тәжірибесі мол Қара Шораға елдің батыс бөлігіне билік жүргізуді және әскерлерге қолбасшылық етуді тапсырады. Ол Тардуш хан деген атпен қағаннан кейінгі екінші адамға айналды.
Батыстағы билікті өз қолына алғаннан кейін Византияға төте жол ашуды ойластырып, Еділ мен Солтүстік Кавказ аралығын билеп отырған інілері Түріксанф пен Бөрі ханға батысқа жорыққа аттануға бұйрық береді. Бөрі ханның әскері 576 жылы Босфорды алып, Византия әскерімен шайқасқа түседі. Түркі-Византия соғысы 576 – 584 жылдардың аралығында болған. Қап тауының баурайындағы лаздармен болған шайқаста 300 000 әскер қаза тапқан деген дерек бар. 581 жылы түркі әскерлері біраз жеңістерге жетіп, Түрік қағанатының батыс шекарасын Византияға дейін кеңейтеді.Тобо қағанның будда дінін қабылдап, түркілердің арасына осы дінді уағыздау үшін будда миссионерлерін қаптатып жібергеніне наразылық білдірді. 581 жылы Тобо қаған қайтыс болғаннан кейін, билікке Ишбар қаған келді де, Қара Шора Түрік Тардуш Муған қағанның ұлы Төременмен бірігіп орталық билікке қарсы топ құра бастады. Ишбар қағанның 582 – 583 жылдар аралығындағы Қытайға жорығында Қара Шора Түрік Тардуш императордан алтыннан соғылған бөрі басын сыйға алған соң өзінің әскерін майданнан алып кетті. Төремен де солай еткен. Сөйтіп, қытайлар толық талқандалудан аман қалады. 584 жылы Қара Шора Түрік Тардуш Ишбар қағанмен соғысып жатқан Төременге көмек берген. Ишбар қаған қайтыс болғаннан кейін билік басына келген жаңа қаған Чулохоуға қолдау көрсетіп, Төременге қарсы шығады. Бірақ, Төремен өлтірілгеннен кейін, Қара Шора Түрік Тардуш батыс бөлікті Түрік қағанатын бөліп алып, жеке мемлекет құру үшін күрес жүргізген.
БИЛІККЕ КЕЛУІ
589 жылы Қара Шора ұлы Ян Саухты (Саба) 300 000 әскермен Иран қарсы аттандырады. Герат шатқалында болған шайқаста иран қолбасшысы Бахрам Чубин Ян Саухты алдап қақпанға түсіреді. 20 мың әскерімен тар шатқалдың ортасында қалған ол қаза табады. Ян Саух өлгеннен кейін қолбасшылық Нили ханға өтеді. Ол шегіне жүріп шайқасып, Бахрам Чубинді тұтқындай жаздайды. Іле Нили ханның өзі торға түседі. Бірақ, иран шахы оған сый-сияпат көрсетіп, құрметпен шығарып салады. Сөйтіп, Қара Шораның Ұлы Жібек жолына үстемдік ету үшін жасаған бір жорығы сәтсіз аяқталады. 593 жылы қағанаттағы билік Қара Шора Түріктің қолына өтеді. 598 жылы сатқын Жаңғар ханды жазалау мақсатымен Қытай жеріне жорық жасайды. Шекарадағы әскердің күштілігіне қарамастан түрік әскері қытайларды Ұлы қорғанға дейін ығыстырады. Жаңғар Қара Шорадан кешірім сұрамақ болады. Бірақ, Чжань Сунь шэнь деген қытай оны бұл райынан қайтарады. Келесі жылы Қара Шора Ян Со бастаған қытай әскерімен шайқасқа шығып, жеңіліс табады. 599 жылы Дулан қаған қаза табады. Осыдан кейін Қара Шора Түрік Тардуш өзін қаған жариялайды. Бірақ қағанаттың шығыс бөлігінің бектері мен рубасылары оны мойындамады. Қағанның құрылтайсыз билікке келуін, шығыс бөліктегілер оны қолдамауын қытай императоры шебер пайдалана білді. 601 жылы Қара Шора Түрік Тардуш қаған Қытайға басып кіріп, қытай қолбасшысы Хань Хунның әскерін талқандады. Бірақ, бұл жеңіс ұзаққа созылмады, қытай тыңшыларының ұйымдастыруымен телес тайпаларының конфедерациясы көтеріліс жасады. Көтеріліс Селенгі өзенінен Тянь–Шаньға дейінгі аумақты қамтыды. Осы көтеріліс кезінде Қара Шораның немересі Нили-хан (Елтегін Бұйрық қаған)қаза табады. Қара Шора Түрік Тардуш қағанның әскерін талқандалып, ол Тоғанға қашуға мәжбүр болды. 603 жылы Қытайдың қолдауымен Жанғар қаған шығыс бөлікке қаған болып, батыс бөлігі біржолата бөлініп шығып, жеке мемлекет құрды. Ал, Қара Шора болса Тогонда тибеттіктердің қолынан қаза табады.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |