Қарастыратын сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Географиялық орнының басты ерекшеліктері. 2.Арабия түбегі, Арабия шөлдері мен теңіздері.
3.Арабияның табиғатының қалыптасуының негізгі кезеңдері. 4.Сомали, Мадагаскар, Мозамбик.
5.Оңтүстік Пассат ағысы 6.Оңтүстік-Шығыс Африка 7.Гвинея ағысы
8.Канар және Бенгаль ағыстары
Негізгі әдебиеттер:
Рябчиков А.В. Физическая география материков и океанов. М. 1989
Алпатьев А.М. и.др. Физическая география материков и океанов. М; 1973, 1974, 1976.
Гвоздецский Н.А., Михайлов Н.И., Физическая география. М., Высшая школа. 1987.
Давыдова М.И., и др. Физическая география СССР. М., Просвещение. Т.1.1989; Т.2.1990.
Исаченко А.Г. География совеменного мире. М; Просвещение. Т.1. 1998;
Макунина А.А. Физическая география СССР. Изд. МГУ, 1985
Қосымша әдебиеттер:
Мусабаева М.Н Материктер мен мқхиттардың физикалық географиясы. – «Мастер ПО» баспасы.2012ж -125бет.
Мясков Н.М. Климат СССР. М; Высшая школа, 1983
Смирнова М.Н. Основы геологии СССР. Высшая школа, 1984.
Моисеев Н. Н. Человек и ноосфера. М.: Молодая гвардия, 1990.
Братков В.В., Овдиенко Н.И. Геоэкология: Учебное пособие. – М.: В. шк., 2006. – 271 с.
Лекция №7
Тақырыбы:Африканың жер бедері мен геологиялық құрылымы 1.Геологиялық даму тарихы және палеогеографиялық ерекшеліктері. 2.Жер бедерінің қалыптасуы
Платформаның негізгі құрылымдық элементтері.
Тектоникалық құрылымы мен пайдалы қазбалары
Африканың даму ерекшеліктері оның жер беті құрылысының сипатты ерекшеліктерін айқындалады. Материктің көпшілік бөлігін Африка платформасы алып жатыр, оған перм-карбон және триастан бастап, неогенге, антропогенге дейінгі тегістелу беттері кеңтараған жазық рельеф тән, олардың арасында оқшау шығып тұратын жақпарлы тау массивтері мен вулкандық таулар бар.
Платформаның қазіргі негізгі қүрылымдық элементтері палеозойдың басынан қалған солтүстік, Сахара-Аравия бөлігіне палеозойлық және фанерозойлық жамылғысы бар плиталар мен синеклизалардың таралуы тән (Сахара плитасы, Тауденна, Мали- Нигерия, Чад тағы басқа синеклизалар), олардың арасында архей-протерозой фундаментінің көтеріңкі учаскелері орналасқан (Ахаггар, Регибат, Леона-Либерия т.б. массивтер).
Африка платформасының одан әрі дамуы Гондвананың ыдырап, алдымен Африка- Аравия біртұтас платформасының оқшаулануымен, ал содан кейін оның Африка және Аравия платформалары болып бөлінуіне байланысты. Сол кездің өзінде Африка платформасының Тетис геосинклинальдық зонасымен қазіргі солтүстік шекарасы айқындалған.
Достарыңызбен бөлісу: |